Жаңалықтар
-
Елордадағы сайлаудың барысы қалай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде айтулы оқиға - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы болып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмысқа кірісті.
10.01.2021
-
ЕО комиссиясы: Қазақстан қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиядан келген Еуропа Парламентінің депутаты, Еуропа Одақтың Орталық Азиядағы делегаты әрі комиссия төрағасы Фульфио Мартушелло Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары баға берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
10.01.2021
-
Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр – франциялық депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франциядан келген халықаралық тәуелсіз сарапшылар Франция Парламентінің депутаттары Тьерри Мариани және Жан-Лан Лакапель Қазақстандағы сайлау тәртібіне жоғары баға берді.
10.01.2021
-
Шет елдердегі сайлаушылар да дауыс беріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі телеграм арнасында Хельсинкиде, Рига, Вильнюс және Таллиндегі Балтық қалаларында сайлау учаскелері ашылғанын хабарлады.
10.01.2021
-
Қазақстандағы ең алып аққала бой көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Көктал саябағында ең үлкен аққала салынды.
10.01.2021
-
Сайлау-2021: Отандық спортшылар белсенділік танытуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау басталды.
10.01.2021
-
Құтқарушылар Индонезияда құлаған Boeing-тің қара жәшіктерін тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Sriwijaya Air әуе кемесі апатқа ұшыраған Яван теңізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқан топ лайнердің қара жәшіктерінің сигналын тапты және жақын арада оларды су бетіне шығарады. Одан кейін жәшіктер апаттың себептерін анықтау үшін сараптамаға жіберіледі, деп жазады Tribune News газеті.
10.01.2021
-
Назарбаев: Ең бастысы – біз мемлекеттің негізін қаладық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде бүгін қазақстандықтардың еліміз үшін ең маңызды саяси оқиғаға қатысып жатқанын атап өтті.
10.01.2021
-
COVID-19. Қазақстанның 247 азаматы шетелден анықтамасыз келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
10.01.2021
-
Бәріне тілектеспін – Асанәлі Әшімов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласында Парламенттің төменгі палатасы Мәжіліс пен маслихат депутаттарын сайлау басталды. Бүгінде оңтүстік шаһарда 581 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
10.01.2021
-
COVID-19. Әлемдегі жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританиядағы жағдай - әлемдегі күрделі жағдайлардың бірі. Сенбіде Covid-19-дан тағы 1 035 адам қайтыс болды.
10.01.2021
-
96 жастағы соғыс ардагері дауыс берді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 96 жастағы Ұлы Отан Соғысының ардагері Солтанбай Жарықбасов өзінің тіркелген учаскесіне барып, таңдауын жасады.
10.01.2021
-
16:00-дегі жағдай. Сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтуынша, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 52,5 пайызы дауыс берді.
10.01.2021
-
Атырауда Сайлау дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Атырауда дүниеге келген нәрестеге Сайлау есімі берілді. Бұл туралы Прикаспийская коммуна хабарлады.
10.01.2021
-
Байқаушылардың жұмысына кедергі келтірілуде
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінен бақылаушылар штабының басшысы Серікжан Байғұттинов кейбір учаскеде үшінші тарап байқаушылардан құжат сұрап, жұмысына келтіргенін мәлімдеді.
10.01.2021
-
SAILAU TALKS 2021: Бұл – еліміздегі саяси плюрализмді көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің SAILAU TALKS 2021 платформасында қазақстандық сарапшылар елде өтіп жатқан Парламент сайлауының маңыздылығы мен ерекшелігі, Қазақстанның саяси реформалары мен жалпы сайлау кампаниясының ұйымдастырылуы мен өткізілуін, сонымен бірге саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастардың үлесі жөнінде талқылады.
10.01.2021
-
Қырғызстандағы сайлау: Тоғыз адам 70 мың сомның айыппұлын арқалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 9 адамға 70,5 мың сомның айыппұлын салды, деп жазды 24.kg.
10.01.2021
-
Шолу: Әлем елдерінде 2020 жылы өткен Парламент сайлауы
Бүгін, яғни 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда парламент сайлауы өтіп жатыр. Аталмыш сайлауға еліміздің 5 партиясы қатысуда. ҚР ОСК-ның сағат 14:00-дегі мәліметі бойынша, сайлаушылардың жалпы санының 43,9%-ы дауыс берген. Осы орайда, былтырғы әлем елдерінде өткен парламент сайлауына шолу жасап, шет мемлекеттердегі парламент сайлауы қалай өтті, қаншалық әділ өтті деген сауалдарға жауап іздеп көрдік, деп жазды Strategy2050.kz.
10.01.2021
-
Қазақстандықтардың белсенділігі жоғары – Эстониядан келген байқаушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстония Парламентінің депутаттары Михаил Корб пен Игорь Кравченко Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан сайлау тәртібіне баға берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
10.01.2021
-
Халықтың өмір сүру сапасы жақсарса деймін - Жұрынов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов өз таңдауын жасады.
10.01.2021