Жаңалықтар
-
Маңғыстауда инфекциялық аурухана ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда заманауи үлгідегі модульді жұқпалы аурулар ауруханасы іске қосылды. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жаңа салынған нысанды аралып көріп, медициналық мекеменің жұмысына табыс тіледі.
20.10.2020
-
Саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша диалог өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов бейнеконференция режимінде «Орталық Азия – Еуропалық одақ» Саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогтың кеңесіне қатысты.
20.10.2020
-
Халықаралық әуе рейстері азаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес бірқатар елге халықаралық рейсті азайту туралы шешім қабылдады.
20.10.2020
-
Бұрын: "Адамға табын, жер, енді". Бүгін: "Адам, жерге табын"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Адам, Жерге табын»: ғаламшарды сақтаудың негізі - жанданған экология» тақырыбында III Алматы Халықаралық Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумын өткізді.
20.10.2020
-
Ұлт әдебиеті - сабақтастық құралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті «Ұлт әдебиеті-жастар көзімен» атты жас ақын-жазушылармен әдебиет, тіл, ұлттық мүде, патриотизм тақырыбында онлайн кездесу өткізді.
20.10.2020
-
Қоғамдық бақылаушылар қоймадағы қорды көрді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атыраудағы медициналық мекемелер мен қоймалардағы дәрі-дәрмектердің мөлшерін әлі де толықтыру қажет. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлері және қоғам белсенділерінен құрылған жұмыс тобы арнайы бақылау жүргізді.
20.10.2020
-
Павлодар облысының карантиндік стационарларында 800 адам болған
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының аумағына оралған Қазақстан азаматтарында ПТР-зерттеу анықтамасы болмаса, олар карантиндік госпитальге жатқызылады. Соңғы екі апта ішінде осындай стационарларда 800 адам болды.
20.10.2020
-
Ортақ түркі тарихының жазылуы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумының жұмысы «Ортақ түркі тарихының жазылуы» атты панельдік сессиямен ашылды.
20.10.2020
-
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы кинотеатрлардың жұмысын қалпына келтіру күні қаладағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайына байланысты болады.
20.10.2020
-
Экология министрі есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
20.10.2020
-
Қазақы емшілер қалай емдейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақы емші. Бұл туралы қоғамның пікірі әр түрлі. Бірі – бұл адам бойындағы ерекше қасиет десе, енді бірі мұны алаяқтық деп түсінеді.
20.10.2020
-
Әблязовтың сыбайласы сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 15 қазанында Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының Мұхтар Әблязовтың қылмыстық қоғамдастықтағы тағы бір сыбайласы, Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Рүстем Ибрагимов қатысты айыптау үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
20.10.2020
-
Шығыс Қазақстанда ет экспорты артады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл жыл ортасына дейін Шығыс өңірінен 1338 тонна құстың еті мен 52 тонна консервіленген ет өнімі шетелге экспортталған.
20.10.2020
-
Жамбылда «Ауыл – ел бесігі» аясында 110 жоба іске асуда
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өткен жылы Жамбыл облысындағы үш аудан орталығында 108 жоба іске асырылған еді.
20.10.2020
-
«Елбасы кубогы» Бекболат Тілеуханның жүйрігіне бұйырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елорданың жанындағы «Қазанат» атшабарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы кубок өтті.
20.10.2020
-
Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
20.10.2020
-
Атырау әуежайының екі жүк тиеушісі 4 дана «IPhone-11» ұрлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 16 қазанында Атырау қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөліміне «DPD Казахстан» жеке фирмасының өкілі шағымданып келді.
20.10.2020
-
Профессионалдар. Тележүргізуші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сайтымызда өз ісінің хас шеберіне айналған тұлғалар туралы «Профессионалдар» атты тұрақты айдар бар. Осы материалымызда да өз саласында белгілі бір жетістікке жеткен «Профессионалдар» мәртебесіне жатқызуға болатын тағы бір маман туралы баяндауды жөн көрдік. Бүгінгі профессионал – тележүргізуші Альбина Әшім.
20.10.2020
-
Бауыржан Байбек Шымкетте баспанасыз қалған тұрғындармен жүздесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Оңтүстікке сапары барысында Шымкент қаласында болып, былтыр өрт салдарынан баспанасыз қалған тұрғындармен жүздесті.
20.10.2020
-
Мобильді топтар 200-ден астам ШОБ субъектісін тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда полицейлері карантин режимін сақтау бойынша тексерісті жалғастыруда.
20.10.2020