Жаңалықтар
-
Пәтер иелеріне 5 пайдалы кеңес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа Заң күшіне енді, ол бойынша 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ПИК-тер күшін жояды. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншік иелері бірлестіктері (МИБ) болады.
20.11.2020
-
Шпекбаев ауылдағы сервисті тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысына жұмыс сапарының екінші күнін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев Қарғалы ауданы Қосестек ауылдық округінің «Сервистік әкімдігінің» қызметін тексеруден бастады.
20.11.2020
-
COVID-19-бен күрес. Семей медицина университетінің студенттері тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай әлі де ушығып тұр. Осыған байланысты денсаулық сақтау қызметкерлерін қолдау, эпидемиологиялық жағдайды талдау, COVID-19 профилактикасы мен емдеудің тиімділігін арттыру үшін барлық қолжетімді ресурстарды іске қосты.
20.11.2020
-
Мусинге вице тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Асқар Серікұлы Жамбакин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
20.11.2020
-
Коронавирус. Бір тәулікте 90-нан астам оқушы ауырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 93 оқушы анықталды. Бұл туралы ВАК хабарлады.
20.11.2020
-
Әсел Камалова: Ұтып алған грантым болашағымды айқындай түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектеп қабырғасында оқып жүрген жеткіншектің үлкен байқауларға қатысып, бақ сынауы сүйіспеншілік тудырмай қоймайды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын ұтқан жүлдегер оқушы Әсел Камалова өз ойымен бөлісті.
20.11.2020
-
Шымкент: 10 айда 125 020 жол ережесін бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 2020 жылдың 10 айында жол қауіпсіздігі бағыты бойынша 125 020 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
20.11.2020
-
Түркістан облысында карантин талабын бұзудың 5500-ден астам фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуына байланысты күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Карантин режимін сақтамағандарға хаттама толтырылып, айыппұл салынуда, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
20.11.2020
-
Вирустық инфекциялардың алдын алудың негізгі жолдары қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медициналық орталығы» ШЖҚ МКК қалалық инфекциялық орталығының басшысы Татьяна Цечоева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын алу» тақырыбы аясында өткен онлайн брифингке келіп, бірқатар сұраққа жауап берді.
20.11.2020
-
Коронавирустың алдын алуға аюдың майы әсер ете ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын алу» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде жауап берді.
20.11.2020
-
Шымкентте карантин және шектеу шаралары ұзартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа қаулыға сәйкес шектеу шаралары 2020 жылғы 23 қарашадан 7 желтоқсанға дейін ұзартылады. Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев мәлімдеді.
20.11.2020
-
Цой: Біз туберкулезге қарсы ұйымдарды қаржыландырудың жаңа тетігін әзірледік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Туберкулезді тоқтату» Серіктестік кеңесі басқармасының 33-отырысына қатысты.
20.11.2020
-
Бала құқығына қатысты 2 мыңнан астам өтініш түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 11 айдың ішінде "BALA QORǴAÝ" телеграмм-чаты арқылы келіп түскен 2 мыңнан астам өтінішті қарастырды.
20.11.2020
-
«Мың баланың» жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Асыл сөз» республикалық мектебінің аясында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
20.11.2020
-
Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук пен «Сбербанк» БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф бастаған ресейлік делегациямен кездесті.
20.11.2020
-
Ақмола облысында бір күнде 11 мас жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолалық полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың 677 фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
20.11.2020
-
Орталық сайлау комиссиясы екі партияға қатысты шешімдерін жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген сайлауға байланысты отырыс өткізді.
20.11.2020
-
ЮНИСЕФ: Қазақстан бала құқықтарын қорғау бойынша халықаралық деңгейде көш бастап келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалардың жағдайын жақсарту бағытында едәуір ілгерілеу байқалады, сондай-ақ еліміз бала құқықтарын қорғау бойынша әлемде жетекші орынға ие.
20.11.2020
-
Алдағы демалыста ауа райы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 2020 жылғы 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстан оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді.
20.11.2020
-
Алматы облысы мен Шымкентте карантиндік шектеулер ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент және Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің жаңа қаулылары жарияланды. Бұл өңірлерде карантин ұзартылды.
20.11.2020