Жаңалықтар
-
Қарағандының сауда үйлерінде вакцинациялау орындары жұмыс істеп тұр
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының ірі сауда үйлерінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салатын пунктер ашылды. Енді тұрғындардың өздеріне ыңғайлы жерде екпе алуға мүмкіндіктері бар.
15.04.2021
-
ШҚО-да әлеуметтік серіктестікті нығайтатын келісімге қол қойылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыста әлеуметтік серіктестіктің, экономикалық және әлеуметтік саясаттың дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына, жұмысшының еңбегіне лайық жалақы алуына жағдай жасайтын маңызды келісімге қол қойылды.
15.04.2021
-
Ильин: Павлодар облысындағы елді мекендер уақытылы тазаланбаған қардан зардап шегуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық Коммуникацилар алаңында өткен «Елімізде жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы» онлайн брифингте айтты.
15.04.2021
-
Министр қанша тұрғын үйді су басқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны кезеңінің өтуі және қабылданып жатқан шаралар туралы» брифингте Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қанша тұрғын үйді су басқанын айтты.
15.04.2021
-
Қазақ балаларын спортқа ғана емес, өнерге де баулу керек – Бахтияр Адамжан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемнің үздік бишілерінің бестігіне енетін балет әртісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, беделді халықаралық байқаулардың Гран-при иегері... Оның атақтары мен жетістіктері жайлы айта беруге болады. Алайда ол өзін «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді естіп өскен қазақтың қара баласымын дейді. Дүниежүлік өнер күні ұлтын әлемдік сахнада танытып жүрген Бахтияр Адамжанмен болған әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
15.04.2021
-
Сапарбаев: Халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау – мемлекеттің басты басымдығы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді алушылардың ондағы кейбір өнімдердің сапасына қатысты шағымдары жиілеп кетті.
15.04.2021
-
«Қызыл» аймақтағы әуежайлар мен вокзалдарға шығарып салушылар кіргізілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысыЬ шықты.
15.04.2021
-
«Тойхананың асханасынан кіріп шаршадық». Майғазиев вакцина салдыртты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының директоры, танымал әнші Сәкен Майғазиев коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыртты.
15.04.2021
-
Самат Мұсабаев: Мемлекет пен бизнес бірігуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Самат Мусабаев BAQ.KZ студиясында бірқатар сауалға жауап берді.
15.04.2021
-
Алматының шеткі аудандарында вакцинациялау қалай іске асып жатқаны айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Наурызбай аудан әкімінің орынбасары Мирас Нысаналиев өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифингте ауданда екпе салу жұмысы қалай жүріп жатқанын баяндады.
15.04.2021
-
Тезірек көрерменмен қауышсақ дейміз – Бағдат Тілегенов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 15 сәуір - Халықаралық мәдениет күні. Пандемия басталғалы көптеген мәдени ошақтар карантинге жабылып, көрермен алдында өнер көрсетулерін тоқтатты.
15.04.2021
-
Алматыда вакцина салдырғандар саны 100 мыңнан асты
Алматы, BAQ.KZ. Қала бойынша 2021 жылғы 1 ақпаннан бүгінге дейін барлығы 108 069 адам вакцина салдырған. Ал, 14 сәуірде вакциналанған адамдар саны – 10 924 құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
15.04.2021
-
Ақмолалық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп жолда қабылдау ұйымдастырды. Оның барысында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтар мен айыппұлдар бойынша кеңестер алды.
15.04.2021
-
Екібастұз өңірінде әйелдер бизнесі қарқынды дамуда
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Екібастұз өңірінде кәсіпкерлікке бет бұрған әйелдер саны жыл сайын көбейіп келеді. Бүгінде оларға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жұмыс істеуге тегін орындaр ұсынылуда.
15.04.2021
-
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығына өтінім беру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсандағы қорытындысы шықты, енді ІІ тоқсанға өтінім беру басталды.
15.04.2021
-
Пандемия болмағанда «Бейбіт жиындар туралы» заңның мүмкіндігін қоғам кеңінен пайдаланатын еді - Ертісбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі қазақстандық қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаев саясаткер Александр Чеботаревтің «Бейбіт жиындар туралы» заң Қазақстанның ең үлкен жетістігі» атта мақаласына қатысты пікірін білдірді.
15.04.2021
-
Қазақстанда «Жасыл кеңсе» байқауы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда компанияның экологиялық саясатын қалыптастыру мен кеңсе ресурстарын сақтауға арналған «Жасыл кеңсе» ІІІ республикалық конкурсы басталды.
15.04.2021
-
Сенаторлар ЕАЭО-ның бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті.
15.04.2021
-
Алматыда дәрігерлер өкпесінің 90%-ы зақымданған зейнеткердің өмірін сақтап қалды
Алматы, BAQ.KZ. Орталық қалалық клиникалық ауруханаға КВИ диагнозы расталған 1949 жылы туған пациент ауыр жағдайда жеткізілген. КТ тексеру кезінде науқастың өкпесінің 90%-на зақым келгені анықталыпты.
15.04.2021
-
Бельгия мен Швейцария санитарлық шектеулерді біртіндеп алуға ниетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгия карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жоюды бастамақ. Бұл туралы премьер-министр Александр де Кроо пандемиямен күрес жөніндегі комитеттің 7 сағаттық отырысының қорытындысында мәлімдеді. Ең алдымен, билік ЕО-да саяхаттау үшін шекараларды ашуға уәде берді, деп жазады ru.euronews.com.
15.04.2021