Жаңалықтар
-
Министр: 2020 жыл күрделі болғанынымен, мәдениет саласы жүйелі жұмыс атқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Президенті Әкімшілігі мен қоғамдық кеңес өкілдері, Парламент депутаттары, Министрлікке бағынысты мекемелер мен жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.
18.02.2021
-
Министр: Сотталғандар электронды сауда жасай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің пенитенциарлық жүйе мәселелері жөніндегі отырысына қатысты.
18.02.2021
-
Қазақстан өзі өндірген "Шағаланы" сынақтан өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда Әуе қорғанысы күштері ҰҰА-ның мамандарын даярлау орталығының базасында ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларымен жиын басталды. Оған тиісті мамандығы бар тәжірибелі әскери қызметшілер де, ұшқышсыз ұшқыштармен жұмысқа жаңадан кіріскендер де қатысады.
18.02.2021
-
Елорда көшелерге толып кететін жаңбыр суынан қалай құтылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада нөсер салдарын жою үшін қандай шаралар атқарылып жатқаны жайлы хабардар болыңыздар.
18.02.2021
-
Алматыдағы №7 аурухананың ортохирургтері өте күрделі ота жасады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне тұрмыстық жарақат салдарынан оң жақ иық сүйегі басының төрт сегменттік сынуымен шұғыл түрде 71 жастағы науқас түскен.
18.02.2021
-
Сұлтанов: Қиын жағдайға қарамастан, экспорт көлемін сақтап қалдық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов еліміздің 2020 жылғы экспорт көлеміне қорытынды жасады. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
18.02.2021
-
Жасанды ұрықтандыруға бөлінетін квота 7 есе өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды. Бағдарламаның мақсаты - қосалқы репродуктивті технологиялардың (ҚРТ) көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу.
18.02.2021
-
Мусин IT саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет өз нарығын экспортқа шығару бойынша жұмыс істейтін IT компанияларға шығындардың бір бөлігін өтейді! Сонымен қатар, біз IT компаниялар үшін тиімді несие береміз! ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деді.
18.02.2021
-
Павлодар облысының медициналық мекемелерінде жаңашыл жүйе дамуда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі медициналық мекемелерде триж-жүйе дамып келеді. Келешекте бұл жаңашыл жүйе кез-келген аурухана мен емханада пайда болмақ.
18.02.2021
-
Университет мұғалімдерінің айлығы қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев министрліктің аппарат отырысында университет оқытушыларының жалақы мөлшеріне жасалған талдаудың нәтижесін баяндап берді.
18.02.2021
-
Nur Otan сайлауалды міндеттемелерді іске асыру жоспарын бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол карталарын әзірледі. Биыл еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындары үшін не істелетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
18.02.2021
-
Әшімбаев: Бұл мәселеде ашылмаған ащы ақиқаттар аз емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет – Тәуелсіздікті нығайту. Ол үшін ұлттың тарихи санасын жаңғырту аса маңызды. ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді.
18.02.2021
-
ЭКҰ үшін кімдер өтініш бере алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЭКҰ-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады, тек міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша келісімі болуы керек.
18.02.2021
-
Ресейде тағы бір вакцинаның сынағы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде «Спутник Лайт» бір фазалық вакцинасының халықаралық клиникалық сынамасы басталды, деп жазды kursiv.kz.
18.02.2021
-
Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының фойесінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған құжаттық, экспозициялық және кітап көрмелері циклының ашылуы болды.
18.02.2021
-
Көкшетаулықтар ауыз су мәселесін тағы көтерді
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаулықтар үшін ауыз су әлі де өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Құбыр суы ішуге жарамсыз. Тұрғындардың ауыз суға қатысты сауалдарына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев есеп беру кездесуі барысында жауап берді.
18.02.2021
-
Жануарларға қатыгездік үшін айыппұлды көбейту немесе бас бостандығынан айыру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтуды немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды ұсынылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Қуат Чумакаев айтты.
18.02.2021
-
Қаңғыбас жануарларды ату қаржылық жағынан тиімсіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы бес жылда қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, атуға жұмсалған қаржы бұл әдістің тиімсіз екенін көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте «Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы» Лилия Сарсенова айтты.
18.02.2021
-
«Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы. Жастардың проблемалық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесу барысында айтты.
18.02.2021
-
Қашықтан оқыту: Студенттер сабаққа қатысып жүр ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де жоғары білім сапасын арттыру бойынша өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова университеттердегі қашықтан оқыту кезінде туындаған мәселелер туралы айтып берді.
18.02.2021