Жаңалықтар
-
«Карантин шаралары былтырғыдай күшейтіледі» желіде осындай ақпарат тарап жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде «Хабар» телеарнасының жаңалықтар шығарылымынан үзінді таратылуда. Жүргізушілер 20 және 21 маусымда елде карантиндік шаралар күшейтіледі, ірі сауда үйлерінің жұмысына және қалалық көлік қозғалысына тыйым салынады деп мәлімдейді.
17.06.2021
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Бұйратауда еру болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда іргесіндегі Бозоқ қалашығының жұртынан басталған салт аттылар Бұйратауда еру болды.
Бұған дейін сапардың алғашқы күні мен алғашқы 100 шақырымды жүріп өткені жайлы хабарлаған едік. Одан кейінгі жол жайлы ақпарат байланыс жүйесінің нашарлығынан берілмеген еді.
17.06.2021
-
Ақсәуле Ерқасымова таеквандодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның Бейрут қаласында өтіп жатқан таеквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы төртінші жүлдесін иеленді деп хабарлады Olympic.kz.
17.06.2021
-
Алматыда Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңес құрылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің жанынан қаланың Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңес құрылды.
17.06.2021
-
Облыста ағаштан және саманнан салынған 51 мектеп бар – Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Даниал Ахметов «Nur Otan» партиясының «Әр азаматқа лайықты өмір» бағдарламасы аясында мектеп салу мәселесі бойынша отырыс өткізді.
17.06.2021
-
Елордадағы «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы алдағы сенбі, яғни 19 маусым күні де жалғасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
17.06.2021
-
Шығыс Қазақстанда бір аптада 55 рет орман өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада 55 рет орман өртенді, деп хабарлады Алтайньюс.
17.06.2021
-
Жамбыл облысындағы атыста бес адам жараланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында атыста бес адам жаарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
17.06.2021
-
Сенаторлар 2020 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есептерді қарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады.
17.06.2021
-
Маңғыстаулық полицейлер заңсыз сақталған 40 қаруды тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы аумағында 17 мамыр мен 17 маусым күндері аралығында «Қару-2021» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.
17.06.2021
-
Академик Оразалы Сәбденнің 40 ой-пайымнан тұратын жаңа кітабы жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбденнің «Ойлы кітап» атты кітабының тұсаукесері өтті.
17.06.2021
-
Біз ештеңеге қол жеткізбедік – Трамп Байден мен Путиннің кездесуі туралы өз пікірін білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байден мен Владимир Путиннің саммит барысындағы кездесуі туралы айтты. Бұл туралы FoxNews телеарнасы хабарлады.
17.06.2021
-
Түлектердің рекордтық саны «Алтын белгі» иегерлері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 738 түлек 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш. 2019 жылы төсбелгіні 7349 оқушы, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген болатын, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
17.06.2021
-
Пандемия кезінде Ұлттық қордың трансферті өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия кезінде Ұлттық қордың трансферті өскен. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
17.06.2021
-
Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультетінің II, III, IV курс студенттері арасында Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды.
17.06.2021
-
Десантшылар түнде парашютпен секіруді орындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда 150-ден астам десантшы Д-6 және «Бүркіт» парашюттерін пайдалана отырып, түнде секірді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
17.06.2021
-
Масадан толық құтыла алмаймыз – Әбілқайыр Сқақов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде масамен күреске қатысты сұраққа жауап берді.
17.06.2021
-
Қытайлық үш астронавт ғарышқа ұшады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай 3 ғарышкерін ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».
17.06.2021
-
Депутат еліміздің қауіпсіздігіне әсер ететін басты қатерді айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау кезінде сенатор Ақылбек Күрішбаев су тапшылығы мәселесін көтерді.
17.06.2021
-
Бекшин оқушылар мен студенттер офлайн режимде білім алу үшін не істеу қажеттігін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте «Студенттер күзде білімді қандай форматта алады?» деген сауалға жауап берді.
17.06.2021