Жаңалықтар
-
Әйелдің қоғам мен отбасындағы рөлі ұшан-теңіз – Демесінова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Лаура Демесінова «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» әйелдер онлайн форумында айтты.
04.03.2021
-
Кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзге елдер тәжірибесіндегі тәрізді жетілдірілген әліпби де сөзжасамдағы барлық прициптерге (фонетикалық, фонематикалық, морфологиялық, түпнұсқа, дәстүрлі, «бір дыбыс – бір әріп принципі», цитаталық принцип, т.б.), тілдік бірліктерді үнемдеу мен үндестік заңына, дыбыстардың тіркесімділігі мен жүйесіне сүйеніп, негізделіп жасалынды, деді Тіл білімі институты Терминология бөлімінің ғылыми қызметкері Нұрлан Шүленбаев.
04.03.2021
-
«Уақыт өтуде!»: Елордада туберкулезбен күрес айлығы жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 2021 жылдың 24 ақпанынан 24 наурызына дейін «Уақыт өтіп жатыр!» ұранымен туберкулезге қарсы күрес пен оның алдын-алуға қатысты айлық жалғасып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «COVID-19 кезінде туберкулез індеті бойынша елордадағы жағдай» тақырыбында онлайн брифинг барысында белгілі болды.
04.03.2021
-
Вакцинациялаудың екінші кезеңі бойынша Алматыға 10 мыңнан астам екпе дозасы жеткізілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында айтты.
04.03.2021
-
Елордада туберкулез ауруы бес есе азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы он жылда Нұр-Сұлтанда, 100 мың адам санына есептегенде, туберкулез ауруы мен туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «COVID-19 кезінде туберкулез індеті бойынша елордадағы жағдай» тақырыбында онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова мәлімдеді.
04.03.2021
-
Шабуылды кім жасағанын анықтап, нақты шешім қабылдаймыз – Байден
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джо Байден Ирактағы америкалық әскери базаға кімнің шабуыл жасағанын анықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады «Хабар 24».
04.03.2021
-
Ескі кірме сөздердің латынграфикалы қазақ әліпбиімен жазылуы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Тарихи лексика – мемлекетқұраушы ұлттың, мемлекеттік тілдің бастан өткерген тарихының бейнесі іспеттес. Белгілі бір ұлт пен ұлыстың өмір салтына қажетті әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және оларды атаушы сөздері ерекше маңызды орын алады. Оның басты себебі де белгілі. Ұлттың өзіндік бет-бейнесін сақтаушы, ұлтты ұлт ретінде сақтаушы, оны жойылып кетуден қорғаушы институттар – осы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Тілдің тарихи негіздері берік болған жағдайда оның болашақтағы даму жолы да жарқын болмақ деді профессор Мырзаберген Малбақов.
04.03.2021
-
Депутат: Ұлттық санақ – кезекті бір науқаншылдық болмауы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әріптесім Айдос Сарыммен Үкімет жетекшісі Асқар Мамин мырзаға алдағы Халық санағына байланысты арнайы сауал жолдадық. Фракция хаттамасына сәйкес бүгінгі "Ана тілі" басылымында жарияланды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.
04.03.2021
-
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин «Шеврон» (Chevron) компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
04.03.2021
-
Павлодар облысында наурыз айында үш мыңға жуық адамға екпе салынады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріне COVID-19 инфекциясына қарсы 80 мың екпе бөлінген. Қазіргі уақытта медицина және білім беру салаларының қызметкерлеріне екпе ерікті түрде салынып жатыр.
04.03.2021
-
Алматыда дипломат Болатхан Тайжанды еске алу кеші өтті
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыда дипломат, арабист, мемлекет және қоғам қайраткері Болатхан Тайжанның 80 жылдығына арналған еске алу жиыны өтті.
04.03.2021
-
Ілеспе жүкқұжаттар айналымын электронды бақылау тізбегі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың тауар айналымын электронды бақылау тізбегіндегі маңызы қандай, ал салық төлеушілердің нені білуі керек, осы туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті айтып берді.
04.03.2021
-
Жайдарбек Күнғожин: Әлемде Қазақстан каскадерлеріне сұраныс жоғары
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің каскадерлері әлем бойынша ең үздіктер қатарында. Жақында Nomad Stunts командасы Томирис фильміндегі трюктері үшін Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) Taurus сыйлығын жеңіп алғаны белгілі.
04.03.2021
-
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік бірте-бірте қарқын алып келеді. Бүгінде мұндай жобалар ірі қалаларда ғана емес, өңірлерде де жүзеге асырылуда.
04.03.2021
-
Нығматулин: Партияаралық Кеңестің ұсыныстары заң шығару барысында ескеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілісте Қазақстанда тіркелген партия өкілдерінің кездесуі өтіп, отырыс барысында Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Кеңес құруды ұсынды.
04.03.2021
-
Серікзат Дүйсенғазы: Семейдегі заң университетіне Әлихан Бөкейхан есімі берілсе
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде контингенті жағынан ең үлкен бір университет бар. Жеті мыңнан аса студенті бар ондай оқу орны кейбір облыс орталықтарында жоқ. Ғимараттары да заман талабына сай жаңарған білім ордасы. Қайбір жылы барғанымызда сол университетте «Алаш» орталығы жұмыс істеп тұрғанын көргенмін. Ол Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті. Егер құрылтайшылары қолдаса сол университетті Әлихан бабамыздың атына берсе деген ұсынысым бар.
04.03.2021
-
Күрделі жағдайды бастан кешуде. Сенатор ауыл шаруашылығындағы проблеманың бірін айтты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің ара және марал шаруашылықтары күрделі жағдайды бастан кешуде. Бүгін сенатор Дүйсенғазы Мусин Премьер-министрдің атына осындай депутаттақ сауал жолдады.
04.03.2021
-
Депутат Наурыз мерекесінде сырттан келген қандастарды қуантуды ұсынды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Алтынбек Нухұлы Наурыз мерекесін тойлау күндерінде елге оралған қандастардың отбасылары мен басқа этнос өкілдеріне қазақстандық паспортты салтанатты тапсыру рәсімін дәстүрге айналдыруды ұсынды.
04.03.2021
-
Әйелдердің басым бөлігі қандай кәсіпті таңдайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰЭМ-нің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты конференцияда айтты.
04.03.2021
-
Ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартатын заң қабылданды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенатта «Кейбір заңнамалық актілерге ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.
04.03.2021