Жаңалықтар
-
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин «Шеврон» (Chevron) компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
04.03.2021
-
Павлодар облысында наурыз айында үш мыңға жуық адамға екпе салынады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріне COVID-19 инфекциясына қарсы 80 мың екпе бөлінген. Қазіргі уақытта медицина және білім беру салаларының қызметкерлеріне екпе ерікті түрде салынып жатыр.
04.03.2021
-
Алматыда дипломат Болатхан Тайжанды еске алу кеші өтті
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыда дипломат, арабист, мемлекет және қоғам қайраткері Болатхан Тайжанның 80 жылдығына арналған еске алу жиыны өтті.
04.03.2021
-
Ілеспе жүкқұжаттар айналымын электронды бақылау тізбегі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың тауар айналымын электронды бақылау тізбегіндегі маңызы қандай, ал салық төлеушілердің нені білуі керек, осы туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті айтып берді.
04.03.2021
-
Жайдарбек Күнғожин: Әлемде Қазақстан каскадерлеріне сұраныс жоғары
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің каскадерлері әлем бойынша ең үздіктер қатарында. Жақында Nomad Stunts командасы Томирис фильміндегі трюктері үшін Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) Taurus сыйлығын жеңіп алғаны белгілі.
04.03.2021
-
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік бірте-бірте қарқын алып келеді. Бүгінде мұндай жобалар ірі қалаларда ғана емес, өңірлерде де жүзеге асырылуда.
04.03.2021
-
Нығматулин: Партияаралық Кеңестің ұсыныстары заң шығару барысында ескеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілісте Қазақстанда тіркелген партия өкілдерінің кездесуі өтіп, отырыс барысында Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Кеңес құруды ұсынды.
04.03.2021
-
Серікзат Дүйсенғазы: Семейдегі заң университетіне Әлихан Бөкейхан есімі берілсе
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде контингенті жағынан ең үлкен бір университет бар. Жеті мыңнан аса студенті бар ондай оқу орны кейбір облыс орталықтарында жоқ. Ғимараттары да заман талабына сай жаңарған білім ордасы. Қайбір жылы барғанымызда сол университетте «Алаш» орталығы жұмыс істеп тұрғанын көргенмін. Ол Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті. Егер құрылтайшылары қолдаса сол университетті Әлихан бабамыздың атына берсе деген ұсынысым бар.
04.03.2021
-
Күрделі жағдайды бастан кешуде. Сенатор ауыл шаруашылығындағы проблеманың бірін айтты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің ара және марал шаруашылықтары күрделі жағдайды бастан кешуде. Бүгін сенатор Дүйсенғазы Мусин Премьер-министрдің атына осындай депутаттақ сауал жолдады.
04.03.2021
-
Депутат Наурыз мерекесінде сырттан келген қандастарды қуантуды ұсынды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Алтынбек Нухұлы Наурыз мерекесін тойлау күндерінде елге оралған қандастардың отбасылары мен басқа этнос өкілдеріне қазақстандық паспортты салтанатты тапсыру рәсімін дәстүрге айналдыруды ұсынды.
04.03.2021
-
Әйелдердің басым бөлігі қандай кәсіпті таңдайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰЭМ-нің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты конференцияда айтты.
04.03.2021
-
Ғалымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартатын заң қабылданды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенатта «Кейбір заңнамалық актілерге ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.
04.03.2021
-
Әйелдер әлеуметтік бастамалардың көшбасшысына айналып келеді – Сүлейменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты конференцияда айтты.
04.03.2021
-
Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй төлемдері төленеді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе жарақат алған полиция қызметкерлерінің отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын ала береді. Сенаторлар бүгін заң жобасына түзетулер енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды.
04.03.2021
-
Қаржы министрлігі ақжолдықтардың сауалына жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа депутаттық сауал жолдады. Министрлік депутат Мақсат Раманқұловтың сауалына жауап берді.
04.03.2021
-
Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов берген өтінішіне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
04.03.2021
-
Қаржы министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.
04.03.2021
-
Еңбек нарығында әйелдер қысқартуға көбірек ұшырайды - Сарбасов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты жыл сайынғы республикалық конференциясында айтты.
04.03.2021
-
Биыл Қостанай қаласында 37 көше жөнделеді
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Қостанай қаласындада 37 көше жөнделеді. Жалпы ұзындығы – шамамен 19 шақырым. Жөндеу жұмыстарына жергілікті қазынадан 1,4 млрд теңге қарастырылып отыр.
04.03.2021
-
Енді мұғалімдерді жұмысқа директорлар қабылдамайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
04.03.2021