Жаңалықтар
-
Мамин жыл соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларын аяқтауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық метрополитеннің даму барысын тексерді.
02.07.2021
-
Өз өнімдеріңізді реестрге енгізуге өтінім жолдаңыздар – Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында ғана ІТ саланы қолдау мәселелері мен бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарымыз жайлы талқылаған едік. Осы нарық үшін тағы бір жақсы жаңалық бар, деп жазды Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында.
02.07.2021
-
Astana Finance Days: Гендерлік алшақтықты жою
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Finance Days аясында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған форум өтті.
02.07.2021
-
Президентке банктердің ақша-кредит шарттарын қатаңдатуға көшу үрдісі жайында айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
02.07.2021
-
Елордалық Темір Спатаев мас-рестлингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда мас-рестлингтен әлем чемпионаты өтті. Оған елордалық Темір Спатаев әлем кубогының бірінші кезеңіне шақырту алып, жүлделі екінші орынға ие болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
02.07.2021
-
Вакцинация қаншалықты баяу болса, вирус соғұрлым тез мутацияланады – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вирус мутацияға жиі ұшырайды, яғни жаңа жағдайларға тез бейімделеді. Сондықтан коронавирустың әрбір жаңа мутациясы оны күшейтеді, деп санайды медицина ғылымдарының кандидаты, ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетінің эпидемиология және медицина кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев.
02.07.2021
-
Жер туралы жаңа заңның ауылшаруашылық саласын дамытуға үлесі мол – Өтешев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қатысты Республикалық кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев өз пікірін білдірді.
02.07.2021
-
Президент Протокол қызметінің бастығы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Президент Протокол қызметінің бастығын тағайындады.
02.07.2021
-
Президенттің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.
02.07.2021
-
Ақмола облысында әлеуметтік дүкендер саны көбейеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұрақтандыру қоры жұмысының арқасында азаматтар жаңа өнімді тауар өндірушілерден үстеме бағасыз сатып алуда. Халықтың осындай форматтағы сауда желілеріне қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік дүкендер санын көбейту жоспарланып отыр.
02.07.2021
-
Атамқұлов Президент Протоколының бастығы лауазымынан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы лауазымынан босатылды.
02.07.2021
-
Бірқатар елші тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Сербия, Швеция,Бразилия, Чили елдеріндегі Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
02.07.2021
-
Айнагүл Сарайқызы «Моңғол еліне еңбегі сіңген заңгер» атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолия Президентінің 2021 жылы 4 маусымдағы №153 Жарлығымен Айнагүл Сарайқызы «Моңғол еліне еңбегі сіңген заңгер» атағын алды.
02.07.2021
-
Шектеу енгізілді. Бір адамға 2 кг картоп пен сәбіз сатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай супермаркеттерінде сәбіз бен картопқа шектеу енгізілді, енді бір адамға екі келіден артық сатылмайды.
02.07.2021
-
Мобилографияны қалай монетизациялау керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маркетолог және мобилограф Элеонора Абдраимова 1 шілдеде онлайн өткен EdTech: Transition to the Future білім беру технологияларының үшінші қазақстандық форумында өзінің тәжірибесімен бөлісті. Ол қазір қандай фотосуреттер мен видео трендте, вирустық бейнелерді қалай жасау керек, бұл үшін қандай бағдарламалар қажет және мобилография өнімдерін қалай монетизациялау керек екенін айтты.
02.07.2021
-
Абзал Салықбаев: Әкімді тек мемлекет емес, саяси партиялар да бақылауға алады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Өзіміз дауыс беріп таңдаған әкіміміз» дейтін күн алыс емес. 25 шілде күні еліміздің бірқатар өңірлерінде ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімі бұрынғыдай төрт жылға сайланады.
02.07.2021
-
Бірінші хатшыдан БҰҰ өкіліне дейін. Дипломатиядағы нәзік күш
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2 шілде - Дипломатиялық қызмет күні. Еліміздің дипломатиялық қарым-қатынасына әйелдердің де қосып жүрген үлесі орасан. Бүгінгі мерекеге орай біз ҚР СІМ жанындағы «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер бөлімінің басшысы Мадина Жарбосыновамен әңгімелескен едік.
02.07.2021
-
Президент Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
02.07.2021
-
Балалар коронавирустың «дельта» штамын жиі жұқтыра бастады – Алмаз Шарман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар коронавирустың ең қауіпті және агрессивті штамын жұқтыра бастады. Бұл туралы профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман мәлімдеді.
02.07.2021
-
Павлодардағы көрмеде «Диуани хикметтің» түпнұсқа қолжазбасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың рухани мұралары» көрмесін ашты.
02.07.2021