Жаңалықтар
-
Некелік келісімшарт пәтерді бөлу мәселесінен қорғай ма?
Некелік келісімшарт қазақстандықтарға ажырасу кезінде мүлікті бөлу мәселесін алдын ала талқылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол ипотека рәсімделген жағдайда да пайдалы бола алады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
Атырау облысында мал қырылып жатыр
Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында мал қырылып жатыр. Өткен демалыстан бері шаруалар 13 ірі қараның өлексесін тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
"Бақайынан айырылды": Алматылық әйел емханадан өтемақы өндіріп алды
Алматыда қант диабетімен ауыратын әйел медициналық орталықтың көрсеткен қызметінің сапасыздығына шағымданып, емханадан 620 мың теңге өндіріп алды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
Аймағамбетов: Талантты оқушыларға 6 млн теңге сыйақы беріліп, студенттерге жаңа жеңілдіктер жасалады
Мәжілісте екінші оқылымға шығатын жаңа заң жобасы білім саласына тың өзгеріс әкеледі: халықаралық байқау жеңімпаздарына 6 млн теңге сыйақы, студенттерге грантты өтеуден босату, университеттерді сапа бойынша қаржыландыру, балабақша жерін қорғау және ата-аналарға ыңғайлы жаңа ереже енгізілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
Қазақстанда күн күрт суытады: Жаңбыр, жел, бұршақ жауады
Алдағы күндері Қазақстанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
24.09.2025
-
Павлодардағы ЖЭО-2-де жұмысшы қаза тапты
2025 жылдың 23 қыркүйегінде "Павлодарэнерго" АҚ ЖЭО-2 аумағында қайғылы жағдай болып, 33 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
Ресейде 2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесін 22%-ға дейін көтеру ұсынылды
Қаржы министрлігі жалпы қосылған құн салығының мөлшерлемесін 2 пайыздық тармаққа – 20%-дан 22%-ға дейін көтеруді ұсынып отыр. Министрліктің хабарлауынша, ҚҚС өсімінен түсетін қаражат ең алдымен қорғаныс пен қауіпсіздікті қаржыландыруға бағытталмақ. Бұл туралы ведомство Үкіметке жолдаған бюджет пакеті жөніндегі баспасөз хабарламасында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.09.2025
-
Жаңа Салық кодексі: халыққа түсіндіру жұмыстары басталды
Әлеуметтік желілерде салық пен ҚҚС-ға қатысты қате түсініктер жиі тарайды. Осыған орай BAQ.KZ тілшісі халыққа арнап арнайы түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілетінін Қаржы министрлігінен сұрады.
24.09.2025
-
Балаларын өлтіріп, чемоданға тығып қойған әйел өмір бойына сотталуы мүмкін
Екі баласын өлтіріп, чемоданға тығып қойған әйел өмір бойына сотталуы мүмкін
24.09.2025
-
Атырауда белгісіз ер адам 9 жастағы баланы ұрып, қашып кеткен
Әлеуметтік желілерде Атырауда балалар алаңында ойнап жүрген 9 жастағы балаға белгісіз ер адам шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
ЖИ, жұмыс және нарық: Еңбекмині назарда болатын мәселені атады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ведомство құзыреттер мен біліктіліктерді дамытуға баса назар аударатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
"Қайрат" – "Реал" матчы: Алыпсатарлар билеттерді 500 мың теңгеге сатып жатыр
Алматыда алыпсатарлар Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өтетін “Қайрат” – “Реал” матчының билеттерін 500 мың теңгеден бастап ұсынып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
Алматы тауларында алғашқы қар жауды
Түнде Алматының таулы аймақтарында қар түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
Қазақстандық футболшы жол апатынан қаза тапты
Футболшы Виктория Кайсаринова Павлодар – Астана тас жолында болған жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Жеңіс" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24.09.2025
-
Зейнеткерлерді қуантатын жаңалық: Мерекеге орай ақшалай көмек беріледі
Астанада 1 қазан – Қарттар күніне орай 100 мыңнан астам зейнеткерге 2,5 АЕК шамасында, яғни шамамен 10 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. Бұл бастама былтырғы дәстүр бойынша жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
Әскери борыш: Сарбаздар енді әскери бөлімді өздері таңдай алады
Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz порталын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
Жасанды интеллект мамандықты жоймайды, тек талапты өзгертеді
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры Ернат Жүнісов ЖИ мамандықты жоймайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.09.2025
-
Әлемде: Тоқаевтың экобастамасы, Трамптың қатаң сыны, Зеленскийдің шешімі
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
24.09.2025
-
Маңғыстауда 18 жастағы сарбаз психиатриялық клиникаға жатқызылды
Маңғыстаудағы №99116 әскери бөлімінің 18 жастағы сарбазы Сұлтан Шынтеміров психиатриялық клиникаға жатқызылды. Анасы оны әлімжеттік пен соққыға жығу салдарынан ауруханаға түсті деп мәлімдеді. Іс бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
24.09.2025
-
Жүргізушіден мұғалімге дейін: Еліміздегі үздік жас мамандар анықталды
«Еңбек жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша жеңімпаздары түрлі мамандықтар мен салаларда еңбек өтілінің аздығына қарамастан жоғары кәсіби жетістіктерге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.09.2025