Жаңалықтар
-
Қазақстанда қар барысының саны екі есе өсті
Қазақстанда қар барысының саны айтарлықтай көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
Олжас Бектенов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
Минск қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес басшыларының отырыстарына қатысушылармен ұжымдық кездесуіне, сондай-ақ шағын және кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Қазақстанда қызыл қасқыр мен қар барысы жойылып кетуі мүмкін
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың шамамен 835 түрі мекендейді, олардың ішінде 227 түрі сирек кездесетіндер қатарына жатады және жойылып кету қаупінде тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
Жол апаты: Алматы облысында сегіз адам қаза тапты
Алматы облысында болған жол апаты сегіз адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
Тоқаев БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады
Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30.09.2025
-
Әлемде киік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді
Әлемде киік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
“Қайрат” – “Реал”: Стадион маңындағы пәтерлерді 100 мың теңгеге дейін жалға беріп жатыр
Алматыда “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчы өтетін күні пәтерді жалға алу бағасы әдеттегі күндерден қатты өзгермеген. Дегенмен, кейбір пәтер иелері терезесінен тікелей стадион көрініп тұрғанын сылтауратып, бағасын бірнеше есе көтеріп отыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
Түркістан мақтасы: Экспорттық әлеует пе, әлде шығынға толы шаруа ма?
Түркістан облысы дәстүрлі түрде Қазақстандағы басты мақта өндіруші өңір саналады. Алайда соңғы жылдары бұл салада қарама-қайшы үдерістер байқалып отыр: бір жағынан егіс көлемі артып, жаңа технологиялар енгізілсе, екінші жағынан су тапшылығы мен әлемдік нарықтағы баға құлдырауы фермерлерді тығырыққа тіреуде. Мемлекет қолдау шараларын күшейтіп, шетелдік инвесторларды тартуға күш салуда. Дегенмен, мамандар да, диқандар да мақта шаруашылығының болашағы оңай болмайтынын жасырмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
"Taza Qazaqstan": Алматыдан Қызылордаға дейінгі road-эстафета басталды
Алматы облысы Тарғап ауылында "Taza Qazaqstan" road-эстафетасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Абай облысында түлкі мен қабан қаптады: Шығынға батқан тұрғындар көмек сұрауда
Жаз бойы Абай облысының Бородулиха ауданының тұрғындары ауыл маңында түлкілердің қаптап кеткенін байқауда. Алғашында түлкілер ауыл көшелерінде еркін жүрсе, кейіннен үй құстарына шабуыл жасай бастаған. Ал Бесқарағай ауданында қабандар қаптап, егінге түсуде. Олар фермерлердің алқаптарын бүлдіріп жатыр.
Мамандардың айтуынша, жабайы аңдар популяциясы қалыпты деңгейден асып кеткен. Олардың белсенділігінің себебі – егістіктерде табиғи азық қорының азаюы және ауыл көшелерінде қаңғыбас иттердің болмауы. BAQ.KZ тілшісі шаруашылықтары зардап шеккен ауыл тұрғындарымен тілдесіп көрді.
30.09.2025
-
Нетаньяху Қатардан Дохадағы әуе соққысы үшін кешірім сұрады
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Қатарға Дохадағы авиасоққы үшін кешірім сұрады. Шабуыл кезінде 6 адам қаза тапқан. Қатар кешірімнен кейін ХАМАС пен Израиль арасындағы делдалдықты жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
Мемлекет басшысы Италия президентін шығарып салды
Мемлекет басшысы Италия президенті Серджо Маттарелланы Астана әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
30.09.2025
-
18 келі торт үшін блогерден 3 миллион теңге моральдық өтемақы сұрады
Астананың Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырға қарсы түсірген арызы бойынша іс қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
Алматы қонақ үйлері “Қайрат” – “Реал” матчы алдында 95%-ға толды
Алматы қонақ үйлерінің жүктемесі “Қайрат” – “Реал” матчы өтетін кезеңде 95%-ға жетті. Қалаға ойынға он мыңға жуық жанкүйер келген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
Қазақстан Трамптың Газа секторындағы бітімгерлік жоспарын қолдайды
Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
Болашақ энергиясы: қазақстандық жас ғалым атом саласын әлемге танытып жүр
Ол – Мария Склодовская-Кюри атындағы МАГАТЭ-нің және Лиза Майтнер атындағы бағдарламаның стипендиаты, ядролық энергетика инженері, Ресейдің ядролық білім беру саласының амбассадоры әрі Обнинск атом энергетика институтының оқытушысы. 24 жасында қазақстандық Алина Бегимова атом энергетикасын зерттеу саласында бірқатар жетістіктерге жетті. Оның еңбегі халықаралық деңгейде мойындалды. Сарапшы ретінде Алина Мәскеуде өткен атом энергетикасы форумында спикер болды.
30.09.2025
-
Атырауда ер адам 8 жасар қызды ұрлап әкетпек болды
Атырауда 8 жастағы қызды ұрлап әкетуге әрекет жасалды. Куәгерлердің жедел әрекеті арқасында бала аман қалды. Полиция күдіктіні ұстады, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Atyrau Today басылымына сілтеме жасап.
30.09.2025
-
Павлодарда заң бұзған кәсіпорынға 28 млрд теңгеге айыппұл салынды
Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.09.2025
-
“Реал” Алматыдағы стадиондағы газонның биіктігіне байланысты УЕФА-ға жүгінген
Испандық БАҚ-тың жазуынша, мадридтік “Реал” футболшылары Алматыдағы Орталық стадионның газонын қысқартуды сұрап, УЕФА-ға өтініш жасаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
30.09.2025
-
Мәдиевтің жаңа миссиясы: ЖИ Қазақстан экономикасын өзгерте ме?
Жаслан Мәдиевтің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалуы және бір мезетте вице-премьер мәртебесін алуы – осы күздің ең көп талқыланған кадрлық шешімдерінің бірі болды. Сарапшылар бұл қадамды стратегиялық тұрғыдан орынды деп бағалайды, бірақ Мәдиевтің цифрлық активтер саласындағы өткен тәжірибесі сұрақтар туғызатынын да жасырмайды.
30.09.2025