Жаңалықтар
-
Цирктің жаттықтырушысын арыстандар талап тастай жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Новосибирск маңындағы Мошково ауылында гастрольдік сапармен жүрген цирк-шапитоның екі арыстаны өнер көрсету кезінде жаттықтырушыға бағынудан бас тартып, оған шабуыл жасады.
23.05.2021
-
ДСМ QazVac жүкті болуға ықпал етеді деген хабарламаны жоққа шығарды
Алматы, BAQ.KZ. Instagram-да COVID-19 қарсы отандық QazVac вакцинасын салдырғаннан кейін жүкті болған әйелдер туралы хабарлама жарияланды. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі препараттың репродуктивті денсаулықпен байланысы туралы болжамдарды жоққа шығарды. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.
23.05.2021
-
Ғарышқа сынақ ретінде туристер ұшып барып келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Virgin Galactic» компаниясының «Unity» ракетопланы негізгі үш сынақ ұшырылымының біріншісін жасады.
23.05.2021
-
Десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары ант қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAq.KZ. Көктемде Алматы мен Түркістан облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер ант қабылдады.
23.05.2021
-
COVID-19. Министрлік өлім-жітім статистикасына түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың мамыр айында Ұлттық статистика бюросы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері деректері негізінде қалыптасқан 2020 жылғы КВИ-дан болған өлім-жітім бойынша ресми деректерді жариялады.
23.05.2021
-
COVID сертификаты. 1 шілдеден бастап ЕО-да жарамды бола бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақта 1 шілдеден бастап COVID сертификаты жарамды болады. Бұл электронды түрде де, қағаз жүзінде де болады.
23.05.2021
-
Алматы жұртшылығы актер Фархат Әбдірайымовты ақтық сапарға шығарып салды
Алматы, BAQ.KZ. 23 мамыр күні Алматыда танымал актер Фархат Әбдірайымовтың ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
23.05.2021
-
«Астана» - «Қайрат» арасындағы кездесуді қайдан көруге болады?
Бүгін cағат 21.00-де орталық турдың басты ойыны «Астана» - «Қайрат» клубтары арасында кездесу өтеді. Бұл туралы «Астана» ФК баспасөз қызметі хабарлады.
23.05.2021
-
Қазақстандық боксшы өмірі ешкімнен жеңілмеген мексикалықты жеңді
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Николай Шваб (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
23.05.2021
-
Үндістандық штамға әсер ететін вакцина анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның денсаулық сақтау қызметінің сарапшылары америкалық Pfizer және британиялық AstraZeneca екпесінің коронавирустың үндістандық штамынан қорғай алатыны анықталды.
23.05.2021
-
Бағдат Мусин Ashyq сервері мемлекеттің бақылауына өткенін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біріншіден, бұл сервис мемлекет иелігінде екенін айта кеткім келеді. Кеше оның негізін қалаушы Виталий Пустовойтенкомен құжатқа қол қойдық және «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ аумағында жауапкершілікке алдық. Ashyq-тың барлық серверлері мемлекеттік «ҰАТ» АҚ-ның серверінің бақылауында. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
23.05.2021
-
Хамидидің 115 жылдығына орай концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда төріндегі «Астана» концерт залында филармонияның Қазақ оркестрінің Л.Хамидидің 115 жылдығына арналған «Қазақ вальсі» атты XXIV-ші концерттік маусымының жабылу концерті өтті.
23.05.2021
-
Қытайда спорттық марафон кезінде 16 адам қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың солтүстік-батысында таулы аумақта өтіп жатқан ультрамарафон барысында ауа райы күрт өзгеріп, дауыл тұрып, артынан бұршақты жауын жауған. Соның салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 5-еуі ауруханаға жеткізілген.
23.05.2021
-
Депутат ысырапшылықтан ең бірінші кімдердің құтылуы қажет екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ысырапшыл тұтынушылық – қазіргі тұтынушылық қоғамның басты атрибуты. Бұл туралы белгілі саясаттанушы, ҚР Парламент депутаты Ерлан Сайыров Facebook-тегі парақшасында жазды.
23.05.2021
-
Дәрігер «система» шын мәнінде қандай науқасқа қажет екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық терапевт-дәрігер Меруерт Бақыт халық арасында «система» аталып кеткен медициналық процедураның шын мәнінде кімге қажет екенін айтты.
23.05.2021
-
«Жасыл ел» жазғы маусымдық болғандықтан, студенттерге тіпті ыңғайлы – студент
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысы 2005 жылдан бері табысты түрде жүзеге асырылып келеді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда бұл бастаманың орны ерекше.
23.05.2021
-
Полиция түнімен іздеген 7 жасар бала көрші үйден табылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда кеше кешкісін үйінің ауласында жоғалып кеткен жеті жасар бала көрші үйден табылды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
23.05.2021
-
«Е-Өтініш» жүйесі арқылы Таразда 9 600-дей өтініш қабылданды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазір жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, олармен жұмыс жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін «е-Өтініш» жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде.
23.05.2021
-
35 елден келген барлық жолаушыда ПТР анықтамасы болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 22 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты.
23.05.2021
-
Маңғыстау облысы «қызыл» аймақтан шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
23.05.2021