Жаңалықтар
-
Тоғжан Жахиннің авторлық концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің XXIII концерттік маусымының жабылуы аясында ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі, композитор - Тоғжан Жахин фольклорлық аспаптарға арналған авторлық жобасын көрерменге ұсынды.
26.05.2021
-
Коронавирус: Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал
Алматы, BAQ.KZ. 25 мамыр күні қалада коронавирустық инфекцияның 310 жаңа жағдайы тіркелді, оның 264 симптомдық белгілсімен және 46-сы симптомсыз.
26.05.2021
-
Әкімді сайлай білген жұрттың кетіруге де құқығы болады – Ауыт Мұқибек
Танымал ақын, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек «Сайлау бюллетеньдеріне бәріне қарсымын!» деп жазу өте дұрыс бастама екенін айтады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
26.05.2021
-
Нұр-Сұлтанда оқушы бағдаршамды сындырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жасөспірім бағдаршамды сындырды.
26.05.2021
-
СҚО-ға қоныс аударған халыққа берілген «проблемалы» үйдің сапасы тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-ға қоныс аударушыларға арналған тұрғын үй құрылысының сапасын тексеретін жұмыс тобы құрылды.
26.05.2021
-
СҚО-да 2025 жылға дейін автокөлік жолдарының 95 пайызын жақсы деңгейге жеткізу көзделген
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір өңірдегі автожолдардың тек 65 пайызы ғана жақсы және қанағаттанарлық деген бағаға ие.
26.05.2021
-
«Барлығына қарсы» бағанын енгізу азаматтардың көзқарасын білдіру мүмкіндігін кеңейтеді – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 25 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Осыған орай Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Арман Токтушаков пікір білдірген еді.
26.05.2021
-
Қазақстандық акушер-гинеколог босануға ең оңтайлы жас шамасын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дені сау баланың дүниеге келуіне жағдай жасап, оның эмбрион болып бекітіліп, толыққанды нәресте болып қалыптасқанынша жан-жақты бақылайтын дәрігер - акушер-гинеколог. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейiнді қалалық ауруханасының, «Әйелдер денсаулығы» бөлiмшесiнiң акушер-гинеколог дәрігерi Сұңқар Хангельдинамен сұхбаттасудың орайы келіпті. Білікті маман жүктілікті жоспарлаудың маңызын, ана болуға ең оңтайлы жас мөлшерін айтып, пайдалы кеңестермен бөлісті.
26.05.2021
-
Қырғызстанның шекара аумағындағы тұрғындарға қару ұстап жүруге рұқсат берілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда арнайы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Оған сәйкес шекара аумағында тұратын тұрғындар арнайы дайындықтан өткеннен кейін қару ұстап жүру мүмкіндігіне ие болады.
26.05.2021
-
Пневмония мен КВИ-ден 32 науқас қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 26 мамырдағы ақпаратты таратты.
26.05.2021
-
Екі қала мен үш облыс «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
26.05.2021
-
Суэц каналының бітелуіне кінәлі адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Суэц каналындағы қозғалыстың 6 күнге бұғатталуына Ever Given кемесінің капитаны кінәлі. Осы іске қатысты жүргізілген тергеу ісінің қорытындысы осындай, деп хабарлайды 24.kz.
26.05.2021
-
Өткен тәулікте 2810 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2810 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
26.05.2021
-
Елімізде өткен тәулікте 1739 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
26.05.2021
-
Димаш туралы деректі фильм түсірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергенов туралы деректі фильм әншінің YouTube-каналында жарияланды. Деректі фильмде сирек кездесетін архивтік кадрлар мен Димашқа ән әлемінде тәлім берген педагогтердің пікірі бар.
26.05.2021
-
Даниял Сәбит Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дубайда (БАӘ) бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
26.05.2021
-
Қазалыда шағын бетон зауыты ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазалы ауданында тағы бір нысан іске қосылды. Жеке кәсіпкер Рүстем Мәмбетжанов өзінің қаражаты есебінен шағын бетон зауытын ашты, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
26.05.2021
-
Өзбекстанмен шекарадағы 2 ауыл Қазақстанға қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Үкіметінің қаулысымен шекарадағы Бағыс және Хиебон елді мекендері Түркістан облысына қосылды.
26.05.2021
-
Шымкентте 115 спорт алаңы ел игілігіне беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Шымкентте 100-ден астам спорт алаңы бой көтереді. Солардың алғашқысы бүгін Әл-Фараби ауданында қолданысқа берілді. Инвесторлар қолдауымен ашылған спорттық орын тек жасыл алаңнан тұрмайды. Одан бөлек, стрит воркаут алаңы мен балалар әткеншегі де бар.
26.05.2021
-
Түнде көшеде жүрген павлодарлық 917 жасөспірімнің ата-анасы жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнгі уақытта көшеде жүрген павлодарлық 917 жасөспірімнің ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
26.05.2021