Жаңалықтар
-
Шығыс Қазақстанда екі аптада отыздан астам қару тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында екі аптада полиция қызметкерлері отыздан астам қару тәркіледі, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
31.05.2021
-
Тоқаев министрлерге тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен видео конференция форматында кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
31.05.2021
-
Балалар құқығын қорғау саласындағы заңдар үлкен өзгерісті бастан кешірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы екі жылда балалардың құқығын қорғау саласындағы заңдарға 83 өзгертулер енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және Ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.
31.05.2021
-
Қазақстанда қанша жетім бала бар екені айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина Қазақстанда қанша жетім бала өмір сүретінін айтты.
31.05.2021
-
Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға: Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.
31.05.2021
-
Жасөспірімдерді ойын-сауық орнына ересексіз кіргізген кәсіпкер жауапкершілікке тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты.
31.05.2021
-
Карантин талаптары. Әлемдік ахуал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцария карантин талаптарын жеңілдетті. Елде мейрамханалардың ішкі жайлары ашылып, аудиториялардағы студенттер саны бойынша шектеулер алынып тасталды.
31.05.2021
-
Суда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте судағы қауіпсіздік ережелері жайында айтып берді.
31.05.2021
-
Тоқаев жеңімпаз қыздарды құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
31.05.2021
-
Оқушылардың 87 пайызы сауықтыру шараларымен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.
31.05.2021
-
ТЖМ балалардың суға кетуінің негізгі себебін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте балалардың суға кетуінің негізгі себебін атады.
31.05.2021
-
Ұлттық орталыққа Мәжіліс депутаттары келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығына Парламент Мәжілісі депутаттары Жұлдыз Сүлейменова, Лариса Павловец, Вера Ким арнайы келіп, ғылыми қызметкерлер және реставраторлармен кездесті.
31.05.2021
-
Елімізде 469 шомылу орны бар – ТЖМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ОКҚ-да өткен брифингте елімізде қанша шомылу орны бар екенін айтты.
31.05.2021
-
Жыл басынан бері 749 мыңнан астам адам АӘК алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 152,3 мың отбасындағы 749,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді.
31.05.2021
-
Министр «Темірлан-Ернат» домбырашылар дуэтін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Темірлан-Ернат» домбырашылар дуэтін қабылдап, Лондонда өткен дəстүрлі Golden Time Talent халықаралық фестивалінде жеңіске жетуімен құттықтады.
31.05.2021
-
Биыл қанша бала лагерьге барады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев биыл қанша бала сауықтыру лагерьлеріне жіберілетіні туралы айтты.
31.05.2021
-
Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облысының прокуроры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Игембаев Құсайын Абзалбекұлы тағайындалды.
31.05.2021
-
Жалағаштықтар мемлекеттік бағдарламаның көмегімен мал шаруашылығын дамытуда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары отбасылық бизнеске бет бұруда. Биыл ауданда «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ден астам жобаны қаржыландыру жоспарланды. Сәуір айында 15 ауыл тұрғыны 583 400 теңге қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізді.
31.05.2021
-
«Ashyq»: Назарбаев әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 160 жолаушы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Ashyq» қосымшасы енгізілгелі 160 «қызыл» мәртебесі бар және 99 «сары» мәртебесі бар жолаушы анықталды. Әуежайдың баспасөз қызметі өкілі Анвар Шалекеновтың айтуынша, азаматтар «Ashyq» қосымшасын қолдануды үйренген.
31.05.2021
-
Нығматулин Жапония Парламентінің спикерімен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Ошимамен Қазақстан мен Жапония арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты нығайту туралы келіссөз жүргізді.
31.05.2021