Жаңалықтар
-
Ауыл шаруашылығы саласында 57 ірі жоба іске қосылды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде агроөнеркәсіптік кешені саласында 57 ірі жоба іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру кезінде баяндады.
09.06.2021
-
Алматыға «Спутник V» вакцинасының 36 мың дозасы жеткізілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы коронавиурске қарсы вакцинаның қанша дозасы қалғаны туралы түсінік берді.
09.06.2021
-
Павлодар облысында 600-ден астам тұрғыны бар ауылда су жүйесі салынады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ақсу ауылдық аймағына қарасты Айнакөл елді мекенінде ұзақ жылдар бойы жауыр болған су мәселесі шешімін табады. Алдағы уақытта орталықтандырылған ауызсу жүйесі бойынша жоба жүзеге асырылады.
09.06.2021
-
Техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары – ректор
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыдағы Елбасы білім алған Қарағанды техникалық университетінде білім алушылардың қатары соңғы үш жылда 25 пайызға өскен. Білім ордасының басшылығының айтуынша, техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары.
09.06.2021
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамның рухани-мәдени өміріне тың серпін берді – Уәлихан Ибраев
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рyхани жаңғырy» және «Ұлы даланың жетi қыры» мақалаларын жарыққа шығарып, сол арқылы қазiргi заманғы қазақстандықтың рухани болмысы мен кескiн-келбетiн ашықтап қана қоймай, санасын сергiтyдiң нақты мақсат-мiндеттерін көрсетiп бердi. Сыр жұртшылығы осы бағдарламалардың мән-маңызын ә дегеннен терең түйсiніп, аyқымды iстерді қолға алды. Тіпті, елімiздің өзге өңірлерiне, түбi бiр түркi жұртына «Сыр – Алаштың анасы» деген атына лайық үлгі көрсетіп келедi. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Уәлихан Ибраев бізге берген сұхбатында осындай пайым-пікірін білдіріп, көптеген сұрағымызға тұшымды жауап қатты.
09.06.2021
-
Биыл Петропавл қаласында 100 автобус сатып алынады
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімі Болат Жұмабеков Петропавлдағы қоғамдық көліктерді жаңарту үшін жергілікті тасымалдаушылар мен «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және «БРК-Лизинг» кәсіпорны арасында келісім бар екенін айтты.
09.06.2021
-
Мәжіліс жер туралы заңның соңғы нүктесін қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.
09.06.2021
-
Қарағанды мектептерінде қауіпсіздік қатаңдатылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының білім ордаларында сақтық шараларын қатаңдату мақсатында біріңғай техникалық сипаттағы жүйе жасалады. Ол үшін бюджеттен 608 млн теңге қаржы қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды үстіміздегі жылдың күзіне дейін аяқтау жоспарлануда.
09.06.2021
-
Вакцина алған 200 мың азамат Ashyq-та «жасыл» статусқа ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
09.06.2021
-
Алматы құтқарушылары суға түсуге қауіпті жерлерді атады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ерлан Әлібеков онлайн брифинг барысында қала тұрғындарын суға шомылуда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
09.06.2021
-
Тайжан: Халық кедейшілік пен кредитке батып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам қайраткері, Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында халықты қымбатшылық әбден басып кеткенін хабарлады.
09.06.2021
-
Моңғолияда Президент сайлауы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолиялықтар осымен алтыншы мемлекет басшысын таңдайды.
09.06.2021
-
Нығматулин елдегі қымбатшылық үшін министрлерге шүйлікті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығматулин азық-түлік бағасының шарықтауына байланысты шенеуніктерге шүйлікті.
09.06.2021
-
«Анашым, сеніміңізді ақтай алмадым». Оқушы емтиханнан кейін өз-өзіне қол жұмсады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады.
09.06.2021
-
«Еуропаны еуропалықтарға қалдырыңыз да, өз ісіңізбен айналысыңыз»: Нығматулин Цойға осындай кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс отырысында депутат Лариса Павловец Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға халықтың медициналық қызмет көрсету сапасы және қолжетімділігіне көңілдері толмайтынын, мұндағы көрсеткіш тек 53,3%-ды құрайтынын айтты.
09.06.2021
-
Балалар лагерьге бармаса да, министрлік ақшасын толық игерген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ләззат Рамазанова Білім және ғылым министрлігіне шүйлікті. Оның айтуынша, 2020 жылы балаларды сауықтыру, оңалту және демалысын ұйымдастыру шараларына бөлінген қаражат 100 пайыз игерілгенімен, балалар лагерьлерге бармаған.
09.06.2021
-
Жол картасы: Көкшетауда жұмысшы мамандықтарды насихаттау жобасы басталды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда жұмыспен қамтудың Жол картасы шеңберінде жұмысшы мамандықтарды насихаттау жобасы басталды.
09.06.2021
-
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқандар жауапқа тартылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Келімсек» іс-шарасы барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 14 қазақстандық жауапкершілікке тартылды.
09.06.2021
-
Комитет: Шетелдік жолаушылардың барлығы ПТР анықтамамен келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі 2021 жылдың 8 маусымында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жария етті.
09.06.2021
-
Министр 30 мыңнан астам қарыздың өтелгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс отырысында өткен жылғы бюджеттің атқарылуы мен шығындары туралы жасаған баяндамасында айтты.
09.06.2021