Жаңалықтар
-
БҰҰ: Әлемдік туризм тек 2023 жылға қарай қалпына келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия туризмге әлі де кедергі келтіреді. Біріккен ұлттар ұйымының сарапшылары осындай пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».
01.07.2021
-
Өскеменде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сәтпаев даңғылында жедел жәрдем көлігі «TOYOTA» маркалы автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалды, деп хабарлайды Altaynews.
30.06.2021
-
ҚР ІІМ Өзбекстан Ұлттық ұланымен ынтымақтастық келісіміне қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураевпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
30.06.2021
-
Қызылордада 70 жазасын өтеушіге диплом табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып техникалық білім туралы диплом табыстау рәсімі өтіп, 70 сотталған С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжін, Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжін және М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық кәсіптік колледжін бітіргендігі жайлы дипломдар алды. Оның ішінде 20 сотталғанға ағаш ұстасы, 22--сіне дәнекерлеуші, 23-іне тігінші біліктіліктері берілді.
30.06.2021
-
Назарбаев пен Путиннің кездесуі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кремльде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
30.06.2021
-
Елімізде алғаш рет халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меценаттардың көмегімен Қазақстанда алғаш рет халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды. Бастама Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевтің тапсырмасымен ІІМ «Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасының аясында жүзеге асырылып жатыр деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
30.06.2021
-
Түркістанда жұмысқа тұрғызамын деген желеумен 6 тұрғынды алдаған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда облыста қылмыстың өршіген түрі - алаяқтық қылмысы. Сондықтан да облыс полицейлері қылмыстың алдын алу мен болдырмау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Атап айтсақ, Түркістан қаласында болған кезекті алаяқтық қылмысы ашылды.
30.06.2021
-
Әкім елорданың денсаулық сақтау жүйесі жаңғыртудан өткенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғалы бері қаланың денсаулық сақтау жүйесі айтарлықтай модернизациядан өтті. Жедел жәрдем машиналарының паркі толық жасақталды, 200 төсектік қалалық инфекциялық орталықтың ғимараты пайдалануға берілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
30.06.2021
-
Бас мүфти бастаған ҚМДБ ұжымы вакцина салдыртты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы N9 қалалық емханадағы вакцина егу пунктінде бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ ұжымы вакцина салдыртты. Індет өршіп, вирустың жаңа түрінің таралуына байланысты оның алдын алуда азаматтық парызымызды орындап, тәжтажалдың тоқтауына өз үлесімізді қосқымыз келді дейді ұжым бір ауыздан.
30.06.2021
-
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер – бизнеске көрсетілген қолдау
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. 24 маусымда «Салық кодексіне» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңға енгізілген өзгерістерді қолданысқа енгізу туралы Заңға қол қойылды.
30.06.2021
-
Әкімдер сайлауы арқылы халық сайлау мәдениетін үйренеді
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстанда ауылдық округтер мен кент әкімдерінің сайлауы өтеді. Қазақстандықтар алғаш рет өз елді мекендерінің басшысын өздері таңдайды. Осы жылы өкілеттік мерзімі аяқталатын 836 әкімнің алдағы уақытта ауылға басшы болуын тұрғындар шешетін болады. Осылайша 2025 жылға дейін республикада 2345 әкім сайлау арқылы бақ сынайды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, ауыл әкімдерін сайлауға 4,8 милиард тенге қаржы бөлінген.
30.06.2021
-
Түркістан облысында тұрғын үй ауласынан X-XI ғасырға тән ескерткіш табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Абай ауылындағы жекеменшік тұрғын үй ауласынан ортағасырлық құлпытас пен әулиелерге тән ескерткіш орны анықталды. Өзіндік тарихын ішіне бүгіп, белгілі бір тұлғаның өмірінен хабар беретін құлпытас сан ғасырлар бойы жер астында сақталып келген.
30.06.2021
-
Алматыда 34 бағдаршам нысаны орнатылады – әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн-презентация барысында Vision Zero бағдарламасы туралы айтты.
30.06.2021
-
Сағынтаев Алматының аудандарында салынатын жолдар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн-презентация барысында мегаполис аудандарындағы жолдарды жөндеу мен салудың қарқыны туралы айтты.
30.06.2021
-
Тоқаев Швейцарияның бірқатар компаниясының басшыларын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияның іскерлік топтар өкілдерімен өткен кездесуден кейін Мемлекет басшысы бірқатар компанияның жетекшілерімен жеке-жеке кездесу өткізді деп хабарлады Ақорда.
30.06.2021
-
МӘМС: Қызылорда облысы халқының 82,2%-ы сақтандыру мәртебесіне ие болды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде мiндеттi әлеуметтiк мeдицинaлық сaқтандырy жүйeсi енгiзiлгелi оң өзгeрiстeр байқaлaды. Хaлық бұрын aқылы болғaн медицинaлық көмектi тегін aлып, емхaнаны, дәрiгердi еркін таңдайды. Сақтандыру қоры арқылы жеке меншік клиникаларға да тексерулеріне болады. Ол үшін азаматтар сақтандыру жүйесіне тіркелгенін қайдан біледі? Тeгiн көмек алу тұрақты жұмысың болу керек пе? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын «Әлeумeттік медицинaлық сaқтандыру қoры» КЕАҚ Қызылoрда облыcы бойыншa филиaлының дирeкторы Бaқыт Исмaғамбетовтен сұрaп бiлдiк.
30.06.2021
-
#Тәуелсіздік30: Көкшетауда «Ұлы Дала тарихына тағзым!» атты конференция өтті
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлы Дала тарихына тағзым!» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
30.06.2021
-
Президент Швейцарияның іскерлік топтар өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиынды ашқан Мемлекет басшысы Швейцария құрама командасының футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатында жақсы ойын өрнегін көрсеткенін атап өтті.
30.06.2021
-
«Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім»: Жасанды интеллект білім саласына қалай әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған мыңнан астам педагог қосылды.
30.06.2021
-
Қазақстан мен Беларусь арасындағы мұнайға қатысты келісім қашан күшіне енеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуі кезінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жауап берді.
30.06.2021