Жаңалықтар
-
Әкімдер сайлауы: Ең жас кандидат 25 жаста
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында ауыл әкімдігіне өзін-өзін ұсыну кeзеңі аяқталды. Кандидаттардың eң жасы 25-те, ал ең ересегі 61 жастағы азамат.
10.07.2021
-
Тоқаев: Антиваксерлердің даңғаза әңгімелеріне сенудің қажеті жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сәтте өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде айтты.
10.07.2021
-
Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі қажеттігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сәтте өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде хабарлады. Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров басқарып отырған саланың жағдайы көңіл көншітпей отырған көрінеді.
10.07.2021
-
Павлодар облысында мал азығын дайындау бойынша кешенді жоспар әзірленді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қысқы мал азығын дайындау бойынша кешенді жоспар әзірленді.
10.07.2021
-
Тәжікстанда жер сілкінісі болды, қаза тапқандар бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің солтүстігінде жер сілкінісі кезінде кем дегенде бес адам қаза тапты.
10.07.2021
-
Биыл елімізде 11 бағыт бойынша автожол қозғалысы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты. Оның айтуынша, биылғы жылы Үкімет инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
10.07.2021
-
Биыл 480 ауыл жаңғыртылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде Үкімет басшысы Асқар Мамин хабарлады. Премьер-министрдің айтуынша, ауылдық жерлердегі тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар атқарылады.
10.07.2021
-
Еліміздегі орташа айлық еңбекақы - 233 мың теңге
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде белгілі болды. Өз баяндамасында осындай деректер келтірген Премьер-министр Асқар Мамин бюджеттік салада қызмет ететін азаматтардың еңбекақысын арттыру жалғасатындығын айтты.
10.07.2021
-
Мамин: Инфляцияның өсуіне басты себеп – азық-түліктің қымбаттауы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, азық-түліктің әлемдік бағасы шамамен 34 % өскен. Бұл – маусым айының қорытындысы бойынша алынған дерек.
10.07.2021
-
Ұлттық кеңестің құрамы кеңейтілді – Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық кеңестің құрамы кеңейтілді. Енді Кеңеске 48 қоғам қайраткері мүше болады (бұрын 44 болатын).
10.07.2021
-
Тоқаев: Пандемияға қарамастан ел экономикасы жарты жылда 2,2%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәл қазіргі сәтте өзінің төрағалық етуімен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде хабарлады. Жиын бейнебайланыс режимінде өтіп жатыр.
10.07.2021
-
Павлодар облысы әкімінің орынбасары өзі шығарған рэпті оқыды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Креативті челленджді ол өзінің әріптестеріне Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Ораловты, премьер-министрдің креативті экономика жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі және Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына табыстады.
10.07.2021
-
Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 10 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өз жұмысын бастады. Отырыс бейнебайланыс режимінде өтіп жатыр.
10.07.2021
-
Медициналық орталықтың директоры жалған ПТР анықтамаларын сатқаны үшін ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ПТР-тесттен өткендігі туралы жалған анықтамалар жасаған тұлғалар анықталды.
10.07.2021
-
СҚО-да 230 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы екпе салдырды
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күнге дейін 230 мыңнан астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдырды.
10.07.2021
-
17 ЖҚС дизель отынына бағаны келісіп қойып алған деп күдіктелуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы бағаларға жүргізген мониторинг аясында монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін – Қазақстанның 7 өңіріндегі дизель отынын бірқатар бөлшектеп сатушыларының бағалық сөз байласуын анықтады.
10.07.2021
-
Елімізде 4,2 млн-нан астам адам екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
10.07.2021
-
10 өңір «қызыл» аймақта тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
10.07.2021
-
КВИ мен пневмониядан 38 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 10 шілдедегі ақпаратты жариялады.
10.07.2021
-
Таиландта шектеу шаралары қайтадан күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд тағы да коронавирус құрсауында. Індеттің өршуіне байланысты карантиндік шектеулер қайта қатаңдатылып, коменданттық сағат енгізілетін болды, деп хабарлайды 24.kz.
10.07.2021