Жаңалықтар
-
Сенат төрағасы Мысырдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мысырдың Қазақстандағы Елшісі Манал Эльсайед Ехия Эль Шиннавимен кездесті. Тараптар екі елдің түрлі бағыттар бойынша бұдан былайғы ынтымақтастығының келешегін талқылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
24.12.2021
-
Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жыл еліміз үшін қызықтар мен қиындықтарға, атаулы мерекелерге толы кезең болды. Биыл қазақстандықтардың басынан өткен ерекше жағдайларды назарларыңызға ұсынамыз.
24.12.2021
-
Рухани Жаңғыру: Қазақ тілін дамытатын бағыттардың бірі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілі ұлттық корпусы публицистикалық мәтіндер кіші корпусының» тұсаукесер рәсімі өтті.
24.12.2021
-
Пандемия бизнеске қалай әсер етті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде карантин бизнеске ғана емес, барлық салаға өз әсерін тигізді. Десе де, кәсіпкерлік саны былтырмен салыстырғанда биыл 2 пайызға көбейген. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов айтты.
24.12.2021
-
Неге вакцина алмай отырсыңдар? – Директор оқушыларға дөрекі сөйлеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желілерде ШҚО-дағы мектеп директорының оқушыларға вакцина салдыруға мәжбүрлеп жатқан аудиосы тарады.
24.12.2021
-
Қазақстандық триатлоншылар биылғы маусымды қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Триатлон Федерациясының 2021 жылдың қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
24.12.2021
-
Бекшиннің орнына кім келгені белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшиннің орнына уақытша Қарлығаш Әбдіжаппарова келді.
24.12.2021
-
Елімізде «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгені рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Батыс Қазақстанда «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
24.12.2021
-
Жезқазғанда Жастар сарайы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 580 шаршы метрлік үш қабатты сарай ғимаратында балаларды ІТ-технологияларға оқыту бойынша тегін үйірмелер, дебат клубы, садақ ату, тоғыз құмалақ және шахмат секциялары жұмыс істейді. Сондай-ақ ғимаратта жас жезқазғандықтар бос уақыттарын өткізе алатын коворкинг-орталық бар.
24.12.2021
-
Рухани жаңғыруды балалардан бастау керек – Динара Сәдуақасова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Тәуелсіз елге озық ойлы, рухани дамыған, мәдениетті ұландар керек. Балалар тәрбиесіне көңіл бөліп, олардың дүниетамының жан-жақты дамуына ұйықты болып отырған - Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы.
24.12.2021
-
Бекшин бас санитарлық дәрігер қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетті. Сондай-ақ ол Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы міндетінен де босады.
24.12.2021
-
Министр жекеменшік мектептердегі білім сапасына тоқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «ҚазАқпаратқа» берген сұхбаты барысында айтты. Тәуелсіздік жылдары елде 2 мыңнан астам мектеп бой көтерген.
24.12.2021
-
Түркі дүниесінің ұлылары ұлықталды
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Түркі халықтары әдебиетінің классиктері Низами Гәнжауидің туғанына 880 жыл, Әлішер Науаидың туғанына 580 жыл және Юнус Эмренің дүниеден өткеніне 700 жыл толуына арналған «Шығыстың шоқжұлдыздары» атты халықаралық басқосу өткізді.
24.12.2021
-
Ақнұр Оспанова: Мақсатымыз – халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда қазан айынан бастап екі заңгер мен бір кеңесші мегаполис тұрғындарына тегін кеңес беріп келеді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте Алматы қаласының «Еріктілер лигасы» ҚҚ директоры Ақнұр Оспанова мәлімдеді.
24.12.2021
-
Мемлекет басшысы Жанболат Аупбаевты мерейтойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Жанболат Аупбаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
24.12.2021
-
Қаржы пирамидасының жарнамасы Instagram-да қарқынды жүріп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алаяқтар өздерінің промо-акцияларында танымал брендтердің атауын пайдаланып, олардың беделіне нұқсан келтірген.
24.12.2021
-
Елімізде кемінде 1000 мектеп салынуы тиіс – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «ҚазАқпаратқа» берген сұхбаты барысында айтты.
24.12.2021
-
Педагогтерді жұмысқа қабылдау қағидалары өзгерді – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Педагогтерді жұмысқа қабылдау қағидаларына қатысты жаңа бұйрық ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.
24.12.2021
-
Сенатта химия өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар отандық химия өнеркәсібін дамытудың келешегіне қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
24.12.2021
-
Қазақстан Президенті Ильхам Әлиевті мерейтойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
24.12.2021