Жаңалықтар
-
Тоқаев БАӘ президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған Президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне келді.
15.05.2022
-
Сурдлимпиададан еліміз балуандары 5 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-ші мамырда XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен қазақстандық балуандар қанжығаға 5 медаль байлады: 1 «алтын», 3 «күміс» және 1 «қола» деп,- хабарлайды дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы.
15.05.2022
-
Шымкенттегі абақтының 17 қызметкері жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі уақытша ұстау абақтысының 17 қызметкері өз міндеттерін бұзғаны үшін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара жуырда абақтыдан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр деп.- хабарлады turkystan.kz.
15.05.2022
-
Түркістан облысында жаңбыр суы көшелер мен үйлерді басып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Түркістан облысында қатты жаңбыр жауды. Нәтижесінде Қазығұрт ауданының 11 көшесі, 20 тұрғын үй, 62 аула және 67 шаруашылық құрылыстары су астында қалды. ТЖД өңірдегі суды сорғызуда.
15.05.2022
-
Бұрынғы Қорғаныс министрі 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «2022 жылдың 19 ақпанынан бастап аталған адамға қатысты Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу жүргізіп келеді, күдіктінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша қарастырылуда», - деп жазады «ҚазАқпарат» агенттігі Бас прокуратураның ресми жауабын.
15.05.2022
-
Балалы отбасыларға біржолғы жәрдемақы төлеу туралы ақпарат - фейк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға «Kaspi gold» мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.
15.05.2022
-
Жеке сот орындаушылары борышкердің кепілде тұрған үйін сатып жіберген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Павлодарда жеке сот орындаушылары банк алдында берешегі бар 40-қа жуық борышкердің кепілде тұрған үйлерін сатып жіберіпті. Құны 30 миллиондық коттедждердің әрқайсысы аукцион арқылы небәрі 5 миллион теңгеге саудаланған деп,- хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметі.
15.05.2022
-
Ет қымбаттауы мүмкін: «Үкімет қарапайым шаруаларға көмектесуі керек»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Қуандық Чункунов қуаңшылық салдарынан зардап шеккен шаруаларға уақытында көмек көрсетілмесе, елімізде алдағы уақытта ет бағасы бірден қымбаттап кетуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды іnbusiness.kz.
15.05.2022
-
«Астана» командасы «Қайраттың» тас-талқанын шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан чемпионатының 11-туры аясындағы матчта «Астана» «Қайратты» 6:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
15.05.2022
-
Елімізде кейінгі тәулікте коронавирус дерегі екі өңірде тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 14 мамырдың қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы 8 адамнан анықталды.
15.05.2022
-
Украина «Евровидение» байқауының жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Евровидение-2022» байқауының финалында Украинаның Kalush Orchestra тобы жеңіске жетті. Жүлдегерлер үштігінде Ұлыбритания мен Испания да бар деп,- хабарлайды ҚазАқпарат.
15.05.2022
-
Қазақстандық телеарналар Әзербайжанда хабар таратуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Түркия Республикасына іс-сапары барысында Әзербайжан Республикасы президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Хикмет Гаджиев бастаған Әзірбайжан БАҚ саласының өкілдерімен кездесу өткізді.
15.05.2022
-
Әскери-техникалық мектептердің құрылғанына — 22 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2000 жылғы 15 мамырда «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК құру туралы» Үкімет қаулысы шыққан болатын деп хабарлайды министрліктің баспасөз орталығы.
15.05.2022
-
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
15.05.2022
-
Қазақстан әскерилері Түркияда оқу-жаттығуын өткізіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қарулы күштерінің жауынгерлері Түркияның Измир қаласындағы «Доғанбей» полигонында өтіп жатқан «Эфес – 2022» көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығуына қатысуда.
15.05.2022
-
Қазақстанда қанша адам вакцина салдырды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырдағы дерек бойынша Қазақстанда I компонентпен 9 492 583 адам, II компонентпен 9 262 039 адам вакцина салдырды. 4 173 336 адам ревакцинацияланды деп, - хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.
15.05.2022
-
Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Тәжікстанға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Тәжікстан Республикасына барды. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында жазды.
15.05.2022
-
Алматыдан 328 км қашықтықта жер сілкінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 мамыр күні Алматы уақытымен 1 сағат 48 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды.
15.05.2022
-
Ольга Булавкина Өскемендегі Онкология және хирургия орталығының қызметімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы Онкология және хирургия орталығының қызметкерлерімен кездесті.
15.05.2022
-
Әлихан Смайылов фермерлермен және экобелсенділермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен және экобелсенділермен кездесу өткізді деп хабарлайды Премьер-министрдің ресми ақпарат ресурсы.
15.05.2022