Жаңалықтар
-
Қосшы қаласының полиция басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин полиция подполковнигі Сақанов Талғат Абдрахманұлын таныстырып, Қосшы қаласы полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтады.
04.12.2021
-
Елімізге белгілі педиатр-дәрігер Гүлшара Урмурзинаның 80 жылдық мерейтойы атап өтілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда елімізге белгілі дәрігер, білікті басшы, ҚР Денсаулық сақтау ардагері, «Белсенді ұзақ өмір» қоғамдық қорының президенті Гүлшара Ғазизқызы Урмурзинаның 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.
04.12.2021
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2022 жылға арналған міндеттер айқындалды. Жаңа оқу жылы Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қарулы Күштердің 30 жылдығына – біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өтеді. Әскерлердің жауынгерлік даярлығы еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталады.
04.12.2021
-
Алматыда рұқсат етілмеген 2 қоқыс орыны анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда рұқсат етілмеген 2 апатты қоқыс орны анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы мәлімдеді.
04.12.2021
-
Асқар Мамин AIBA президентін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Халықаралық Бокс федерациясының президенті (AIBA) Умар Кремлёв пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевты қабылдады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
04.12.2021
-
Түрмеге таблетка тасыған жігіт ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде тергеу тұтқынындағы бауырына темекінің арасына жасырып, апиынтектес таблеткалар өткізбекші болған жігіт ұсталды. Бұл туралы ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.
04.12.2021
-
Мамин шетелдік инвесторлармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында ірі шетелдік инвесторлар – «Blackrock», «Capital Group», «Aberdeen Asset Management», «Sands Capital», «Luxor Capital» және «Lugard Road Capital» өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
04.12.2021
-
Қазақстандық прокурорлар Еуроодақ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 2-3 желтоқсанда 21.12.2015 жылғы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде онлайн форматта «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Адам құқықтары жөніндегі диалог пен Сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі Кіші комитеттің жыл сайынғы отырыстары өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
04.12.2021
-
Алматыда репродуктолог дәрігерлердің көркем романы жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Абай кітап үйінде «Бес минут немесе бақыт технологиясы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
04.12.2021
-
АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штамы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың омикрон штаммын жұқтыру жағдайлары Американың 50 штатының кемінде 10 штатында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап.
04.12.2021
-
Алматыда Сейфуллин саябағы жөнделді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Түрксіб ауданында «Сейфуллин» саябағы жөнделіп, балаларға арналған ШСН-дар орнатылып, ағаштар отырғызылды.
04.12.2021
-
Бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
04.12.2021
-
Дзюдодан Азия чемпионатында жасөспірімдер 4 күміс медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының екінші күнінде 4 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайы Olympic.kz.
04.12.2021
-
Алматыда тұрғын үй қорын жаңарту инвесторлар есебінен жеделдетілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мегаполис ескі үйлерден біртіндеп арылып жатқанын хабарлады.
04.12.2021
-
Алматының Түрксіб ауданының 2500-ден астам үйі сумен қамтуға қосылған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Бақытжан Ақжаров қаланың Түрксіб ауданында 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» шет аймақтарды дамытудың кешенді жоспарының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді.
04.12.2021
-
Әкімдік медицина мамандарының іркіліссіз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек – Бозымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірлерге жұмыс сапарын Жамбыл ауданынан бастады. Онда бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандардың жұмысымен танысып, аудан активімен кездесті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
04.12.2021
-
Жапонияда құс тұмауы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кумамото префектурасының билігі жергілікті фермада құс тұмауының ошағы анықталғаннан кейін шамамен 67 мың тауықты сойды. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
04.12.2021
-
АҚШ ауғандық босқындарға көмек ретінде тағы 7 млрд доллар бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден жұма күні федеральды үкіметті қаржыландыруды жалғастыруды, сондай-ақ ауғандық босқындарға көмекке 7 млрд доллар көлемінде қаржы бөлуді қарастыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлады.
04.12.2021
-
Коронавирус матрицасы: Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
04.12.2021
-
4 желтоқсан. Еліміздегі коронавирус жағдайы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі бір тәуліктегі коронавирус індетінің ахуалына қатысты ақпараттарды жариялады.
04.12.2021