Жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы белгілі ғалым Талас Омарбековтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
07.12.2021
-
Елімізде «Омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көптің көкейіндегі бұл мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді. Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, шешім алдағы эпиджағдайға қарай қабылданады.
07.12.2021
-
Сапарбаев Жамбыл облысына берілген ең негізгі тапсырманы атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бердібек Сапарбаев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Жамбыл облысының дамуы туралы» мәлімдеме жасады.
07.12.2021
-
ШҚО-ның Жарма ауданында 280 тонна шөп өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарма ауданында шаруа қожалығының аумағында 280 тонна пішен өртенді, деп хабарлады Алтайньюс.
07.12.2021
-
Тоқаев: Өнеркәсіп саясаты туралы заң қабылдау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа қол жетімділігін қамтамасыз ететін «Өнеркәсіп саясаты туралы» заңды тезірек қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.
07.12.2021
-
Шортандыдағы жарылыс: Қайғылы оқиғаға үй иесі кінәлі - министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Мәжілісте Шортандыдағы үйде жарылған газ баллоны өрт қауіпсіздігі талаптарына сай сақталмағанын айтты.
07.12.2021
-
Жақсылықтың жақсылығын жалғастырғым келеді – «Парыз» сыйлығының иегері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауылда мектеп салып, тұрмысы төмен отбасыларға көмектесіп жүрген кәсіпкер ҚР Президентінің «Парыз» сыйлығын иеленді.
07.12.2021
-
Тәуелсіздікпен өсіп, егемендікпен ержеттік – Сүлейменова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын жария етті.
07.12.2021
-
Кәсіпкер әйелдер Президенттің «Іскер» сыйлығын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президентінің «Алтын сапа» 15-ші мерейтойлық сыйлығын марапаттау аясында «Ickep» сыйлығы және «Бизнес Кемелділік» – «Деловое совершенство» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
07.12.2021
-
Президент «Алтын сапа» байқауының жеңімпаздарын құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада кәсіпкерлерге сапа саласындағы «Алтын сапа» марапаты табысталды. Жеңімпаздарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта құттықтады.
07.12.2021
-
ШҚО-да көктайғақ салдарынан жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) бүгін сағат 06:30-дан бастап республикалық маңызы бар Өскемен-Семей жолының Герасимовка ауылынан Семейге дейінгі учаскесі жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс.
07.12.2021
-
«Төмен бағамен көлік әперемін» деп елді алдаған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полицейлері тұрғынға «төмен бағамен көлік әперемін» деп уәде берген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
07.12.2021
-
Парижде Абай бюсті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Парижде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының бюсті ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
07.12.2021
-
Алматыда жылу трассасы жарылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жылу трассасы жарылды. Қала әкімдігі көп ұзамай ыстық суды беру қалпына келтірілгенін хабарлады.
07.12.2021
-
Аттестаттау мен бақылау шаралары қағаздың көбеюіне әкеліп соқпауы керек – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында министр Асхат Аймағамбетов балабақшаларды аттестаттауға қатысты пікірін білдірді. Айтуынша, енді бұл процесс жыл сайын өткізіліп тұрады.
07.12.2021
-
Еуропа елдерінде мереке қарсаңында шектеу шаралары енгізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавирустың таралуына байланысты тағы да түнгі клубтар жабылмақ. Бірақ бұл жолы қаңтар айының басына дейін жабылады. Қорғаныс кеңесі отырысының қорытындысы бойынша үкімет осындай шешімге келді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
07.12.2021
-
Әскери қызметшілер қауіпсіздік шаралары бойынша дайындықтарын пысықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу кезеңі басталар алдында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадасының жеке құрамымен қауіпсіздік шараларының талаптарын сақтау бойынша кешенді сабақтар өткізілді.
07.12.2021
-
«Elorda zhastary» бағдарламасы бойынша алғашқы іріктеудің нәтижелері жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бағдарлама бойынша алғашқы іріктеудің нәтижелері үш тізімде жарияланды: «Мақұлданды», «Резерв», «Бас тартылды».
07.12.2021
-
Соңғы үш күнде БЖЗҚ-дағы қаражатына үй алғысы келетіндерден 46 мың өтініш түсті – Отбасы банк
Алматы, BAQ.KZ. Жұма күні, 3 желтоқсанның өзінде, біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш келіп түсті. Бұл жыл басынан бері БЗТ-ін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу мақсаттарына алу мүмкіндігі туындаған уақыттан бастап, жолданған өтініштер көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш. Қалыпты күндері платформа арқылы 2 200 жуық өтініш қабылданады. Бұл туралы Отбасы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
07.12.2021
-
«Демеу» ұсынған мүмкіндіктер мол
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Жылыой ауданындағы «Ой-Сана» психологтар қоғамдық бірлестігінің жобалар бойынша жетекшісі Ләйла Сұлтанбаева арнайы қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өтудің қолайлы ұйымдастырылуы аса маңызды екендігін алға тартты.
07.12.2021