Жаңалықтар
-
Алматы облысында қант қызылшасының көлемі артты
Алматы, BAQ.KZ. Сапалы тұқым, озық технологияның арқасында облыстағы қант қызылшасының көлемі арта түсті.
03.01.2022
-
Энергетика министрлігі газ тапшылығын 2017 жылы болжады – министр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ алаңында өткен брифингте 2017 жылы министрлік орта мерзімді перспективада газдың тапшылығын болжағанын мәлімдеді.
03.01.2022
-
Маңғыстау облысында газ бағасына қатысты тергеу басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі отын-энергетика өнеркәсібі департаменті басқармасының басшысы Қуат Асамбеков ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
03.01.2022
-
Ноғаев Жаңаөзен тұрғындарын ортақ шешімге келуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласындағы сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап етуші автокөлік иелерімен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
03.01.2022
-
Маңғыстаудағы газ станцияларының маржасы литріне 20-40 теңгені құраған – министр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысындағы қазіргі газдың бөлшек бағасы литріне 100-ден 120 теңгені құрайды. Сәйкесінше, АГТС маржасы литріне 20-40 теңгені немесе 25-50%-ды құрады. Бұл АГТС арасында баға алыпсатарлықтары туралы болжам жасауға негіз береді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
03.01.2022
-
Мырзағалиев: Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының бағасы – өңірдегі ең төмен баға
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен брифингте сұйытылған газ бағасы реттелгенін мәлімдеді.
03.01.2022
-
ШОБ гранттары: елордада 2021 жылы 67 жоба қолдау тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында жыл сайын 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлердің жобаларын қолдау үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Өткен жылы 67 жоба қолдау тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
03.01.2022
-
Алматы облысында экспортқа 25 мың тонна құс еті шығарылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында құс шаруашылығымен 10 кәсіпорын айналысады, олар жылына 100 мың тоннадан астам құс еті мен 1 млрд дана жұмыртқа өндіреді. Бұл дегенімізі республикадағы барлық құс етінің – 36%-ын, жұмыртқаның -20%-ын құрайды деген сөз.
03.01.2022
-
Ақтөбеде жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысындағы тас жолда Toyota Alphard жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қар тазалағыш КамАЗ-ға соқтығысты.
03.01.2022
-
Қарағандыдағы қақтығыс: 23 жастағы азамат жарақат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қаңтарға қараған түні Қарағандыда караоке-клубта күзетші мен келушілер арасында жанжал шығып, 23 жастағы ер адам жарақат алды.
03.01.2022
-
Екібастұздық өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұздық өрт сөндірушілер бес қабатты үйде шыққан өрттен екі адамды құтқарды, деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
03.01.2022
-
Ерлан Саиров: Маңғыстауда газ бағасын 85 теңгеге дейін төмендетуге шешім қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылады.
03.01.2022
-
Елена Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) 500 WTA турнирін жеңіспен бастады.
03.01.2022
-
Мереке күндері теміржолда 120-дан астам ереже бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мерекелік демалыс күндері теміржолшылар көлік полициясы жәнеәскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлерімен бірлесіп, қауіпсіздік рейдтерін өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ баспасөз қызметі.
03.01.2022
-
Мамин: Үкімет Президент тапсырмасына орай Жаңаөзендегі жағдайға қатысты шара қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
03.01.2022
-
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өзендерге қатысты келіссөздер жуық арада аяқталады – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хатын жолдады.
03.01.2022
-
Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамыту туралы заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
03.01.2022
-
Си Цзиньпин Тоқаевтың атына құттықтау хат жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Төрағасы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында Қытай үкіметінің, халқының және жеке өз атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас Қазақстан халқына шынайы құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады.
03.01.2022
-
Биыл зейнетақы төлемін алудың жеткілікті мөлшері өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 1 сәуірінен кейін зейнетақы жинағының шекті межесі көтеріледі. Оған дейін қазақстандықтар бұрынғы межеден артылған ақшасын баспана сатып алуға немесе емге жұмсай алады.
03.01.2022
-
Жедел жәрдемді бұрынғыдай көп шақырмайтын болды – дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа жыл түні барлығы тойлап жатқанда дәрігерлер кезекшілікке шығып, жұмыс істеді. Оларда мейрам күндері демалыс деген болмайды.
03.01.2022