Жаңалықтар
-
Еліміздің кей өңірлерінде 30 градус аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 11-13 қаңтардағы ауа райына арналған болжамын жариялады.
10.01.2022
-
Өрт сөндіруші өрт кезінде газ баллонды алып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 8 қаңтарда Шымкент қаласы Бозарық-2 елді мекенінде тұрғын үй мен оған жапсарлас соғылған бастырмадан өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 08:11-де келіп түсті.
10.01.2022
-
Алматы мен Алматы облысында өткен арнайы операцияда 675 күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күштері 675 күдіктіні ұстады.
10.01.2022
-
Мұхтар Тілеуберді Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрімен сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бахрейн тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді мен Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид әл-Заяни арасында телефон арқылы сұхбат өтті.
10.01.2022
-
Оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең алдымен әскери бөлімдерді, қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді.
10.01.2022
-
Ереуіл кезінде марқұм болған полицейлер мен әскерилердің отбасына пәтер беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бүкіл полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасына пәтер беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.01.2022
-
Павлодар облысында ерікті топтар мектептер мен балабақшаларды күзетуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барлығы 1200 шақты адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
10.01.2022
-
Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен бейнебайланыс режимінде екіжақты келіссөз жүргізді. Виртуалды кездесу еуропалық тараптың бастамасымен өтті.
10.01.2022
-
Елордада азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ – Ерлан Бекмұрзаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтанда азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
10.01.2022
-
Павлодарда облыстың басты шыршасын алып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық алаңдағы облыстың басты шыршасы алынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
10.01.2022
-
ШҚО-да ірі кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда болған тәртіпсіздікке қарамастан, Шығыс Қазақстанның ірі кәсіпорындары штаттық режимде өз жұмыстарын жалғастыруда.
10.01.2022
-
Алматы мен елорда арасында тағы төрт қосымша пойыз іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тағы төрт қосымша коммерциялық пойызды іске қосады.
10.01.2022
-
Алматыдағы лаңкестіктен зардап шеккен мәдени нысандар анықталып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі уақытта мәдениет, архив, спорт, туризм нысандары бойынша келтірілген залалға талдау жүргізіліп жатқанын хабарлады.
10.01.2022
-
Алматыда автобустар 20-30 минут сайын жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық штаб қоғамдық көліктер 20-30 минут сайын жүретінін мәлімдеді.
10.01.2022
-
Бейбіт митингіге шығу мәдениетінен жұрдаймыз – Рахат Арғынбай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біз қиратып жатқан бүкіл материалды дүниелер моральдің құлдырауына әкеледі. Бұл пікірді «Оңтүстік» телеарнасының журналисі, белсенді жас Рахат Арғынбай айтты.
10.01.2022
-
Фейк: Мектептерге «жасыл» статусы бар оқушылар ғана жіберіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қысқы демалыс аяқталғаннан кейін мектептерге Ashyq жүйесінде «жасыл» статусы бар оқушылар ғана кіре алады деген ақпарат таратылуда.
10.01.2022
-
Күшіміз ынтымақ пен бірлікте – Дәулет Уранхаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта Швейцарияда, әлемдегі ең ірі спорт қауымдастықтарының бірінде жұмыс істейтін отандасымыз Дәулет Уранхаев еліміздегі жағдай үшін алаңдайтынын жеткізді.
10.01.2022
-
Алматыда тауар жеткізу қалпына келтірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Magnum-дан түскен ақпарат бойынша ірі жеткізушілердің, соның ішінде нан өндірушілердің тауарларын жеткізу қайта жанданды.
10.01.2022
-
«Азаматтық борышым». Қазақстандық кәсіпкер зардап шеккен бизнеске 500 млн теңге аударады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық меценат, «ҚазАзот» АҚ басшысы Бахаридин Аблазимов бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдап, 500 млн теңге көмек көрсетеді. Қаржы кәсіпкерлік субъектілерін қалпына келтіру үшін құрылған «Күшіміз бірлікте» қорына аударылады. Бұл – қорға түсетін алғашқы қомақты қаржы.
10.01.2022
-
Ақмола облысында ТЖ режимін бұзудың 323 дерегі анықталды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілгеніне және ақмолалықтардың бұл туралы білетініне қарамастан, ереже бұзған 323 адам тіркелді.
10.01.2022