Жаңалықтар
-
Президент білім саласына деген көзқарасты өзгертуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Білім саласына деген көзқарасымызды өзгерту керек. Гуманитарлық мамандықтарға емес, техникалық мамандықтарға басымдық беру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі Мәжіліс отырысында айтты.
11.01.2022
-
Сағынтаев өзіне жасалған шабуыл туралы айтып берді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі шабуыл жасағандар нақты өзін күткеніне сенімді. SHOT телеграм-каналында Алматы әкімінің сұхбаты шықты. Онда қаладағы соңғы күндердегі оқиғалар мен әкімнің көлігіне жасалған шабуыл жайлы айтылған.
11.01.2022
-
COVID-19: Елордада індет жұқтырған 18 адамның жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бас қаланың Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге 7 стационар жұмылдырылған.
11.01.2022
-
Көкшетауда қоғамдық көліктер саны қысқарды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай кезінде Көкшетауда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер саны уақытша қысқартылды. Бүгінде облыс орталығында қоғамдық көлікте жол жүру құны 80 теңгені құрап отыр.
11.01.2022
-
Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 83 адам жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз етуде. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
11.01.2022
-
COVID-19. Алматыда індет жұқтырғандар саны екі есе өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді.
11.01.2022
-
Жастардың білім деңгейін, дағдыларын арттыру керек – Тимур Жұмырбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Жастар ұйымдары еліміздің кішігірім қалаларында, ауылдық жерлерде жақсы жұмыс істеп, жастардың білім деңгейін, дағдыларын, біліктілігін арттыруы керек. Бұл туралы «Ассамблея жастары» РҚҰ төрағасы Тимур Жұмырбаев айтты.
11.01.2022
-
Бұрынғыша өмір сүруге болмайтынын көпшілік түсінді – Расул Жұмалы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиында жемқорлық, олигархия, көлеңкелі экономика, алып сатарлыққа қатысты мәселелерді айтып қана қоймай, оны тексеру амалдарын ұсынды. Бұл туралы қоғам қайраткері, саясаттанушы Расул Жұмалы Baq.kz тілшісіне пікір білдіру кезінде айтты.
11.01.2022
-
Госпитальдар, лазареттер мен әскери-медициналық бөлімшелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық мекемелерінде жаппай тәртіпсіздіктер барысында жарақат алған Қарулы Күштердің әскери қызметшілері емделіп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
11.01.2022
-
Алматыдағы қару-жарақ қоймасын тонағандар Жамбыл облысында ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полиция қызметкерлері Алматы облысындағы қару-жарақ дүкенін тонағандарды ұстады. Олар 7 қаңтар күні Қордай ауданындағы блокбекеттердің бірін кесіп өтпек болған.
11.01.2022
-
Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі (толық мәтін)
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
11.01.2022
-
Бүгінгі тағайындау Президенттің ел экономикасына баса көңіл бөлетінін көрсетті - саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова Мемлекет басшысының бүгінгі мәлімдемесіна қатысты пікір білдірді.
11.01.2022
-
ШҚО-да 7 бизнес нысанға жаппай тәртіпсіздік кезінде материалдық шығын келтірілген
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздік салдарынан жеті бизнес нысанға материалдық шығын келтірілген.
11.01.2022
-
Мемлекет басшысы елдегі жағдайға толық сараптама жасай білді - Кенжехан Матыжанов
Алматы, BAQ.KZ. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Мәжілістегі сөзіне қатысты ойын білдірді.
11.01.2022
-
Жаңа Қазақстанда ескіше жұмыс істеу мүмкін емес – Айдос Сарым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Президенттің министрлер, депутаттар мен әкімдердің жалақысын көтеруге бес жылға мораторий жариялауына қатысты пікірін қолдайтынын айтты.
11.01.2022
-
Алматыда полиция қызметкерлері қоймадан ұрланған қару-жарақты тапты
Алматы, BAQ.KZ. Қирату, тонау кезінде ұрланған қаруды Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны қоймада жасырған. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы хабарлады.
11.01.2022
-
Алматыдан қашпақ болған тонаушылар тобы ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Медеу аудандық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының бес тумасын ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы хабарлады.
11.01.2022
-
Мақсұтбек Айтмағанбет: Үкіметке ұлтжанды адамдар келуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлихан Смайыловқа президентіміз де, халық та барлық мүмкіндікті беріп, зор сеніммен қарап отыр. Сол сенімді ақтаса екен. «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет жаңа Үкімет басшысының тағайындалуына қатысты шешімін қолдайды.
11.01.2022
-
Үкіметтің жаңа басшысы Әлихан Смайылов туралы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің отырысында Президент Үкімет басшылығына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, депутаттар оны қолдады. Осылайша, Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайылов бекітілді. Премьер-министр қызметіне дейін де бірқатар мемлекеттік қызметте басшылықта болған Әлихан Асханұлы туралы бүгінге дейін не белгілі екенін саралап көрейік.
11.01.2022
-
Жолдыбалина: Мемлекет басшысы елді дамытудың басты міндеттерін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты жан-жақты талдау жасады.
11.01.2022