Жаңалықтар
-
"Алматы – Өскемен" автожолында жарықтандыру жүйесі іске қосылды
Республикалық маңызы бар "Алматы - Өскемен" автожолының (253–254 шқ) 3-ші бөлімше елді мекенінен қалаға кіреберіс аралығындағы учаскесінде заманауи жарық бағаналары орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.10.2025
-
"Бір адам қаза тауып, тағы бірі зардап шекті". Алматы облысында ауыл әкімі жол апатына түсті
Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев қызметтік көлігімен жол апатына түсті. Аталған жол-көлік оқиғасы барысында бір адам көз жұмған, ал әкімнің өзі ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.10.2025
-
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Елімізде 15 облыста 25 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
24.10.2025
-
"Тәуелсіздіктің 34 жылдық тәжірибесі": Атырауда білім саласындағы мәселелер талқыланды
"Тәуелсіздіктің 34 жылдық тәжірибесі". Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде осындай ғылыми-семинар өтті. Республика күніне орайластырылған шараға инновациялық білім беру, педагогика және психология, сондай-ақ өзге факультеттердің студенттері мен оқытушылар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Әлемде 817 миллион адам күніне 3 доллардан аз табыс табады
2024 жылы әлемде күніне 3 халықаралық доллардан аз табыс табатын адамдар саны 817 миллионға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Оқушыларға қорытынды баға қоятын жүйе таныстырылды
Қазақстандық BilimClass тегін цифрлық платформасы мектептерге арналған жаңа инновациялық құрал — Автоматтандырылған білім беру мониторингі жүйесін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.10.2025
-
Қарағанды облысында заманауи Жедел басқару орталығы іске қосылды
Республика күні қарсаңында Осакаров аудандық полиция бөлімінің ғимаратында жаңа Жедел басқару орталығы ашылды. Іс-шараға Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жанат Какажанов және Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов қатысты, деп жазады BAQ.KZ.
24.10.2025
-
Автобус өртеніп, 19 адам қаза тапты
Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында мотоциклмен соқтығысқан автобус өртеніп, к 19 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Трамп: АҚШ Латын Америкасында құрлықтағы операция бастауы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрі Пит Хегсетке есірткі сатушыларды құрлықтан қуу мәселесін Конгреспен талқылауды тапсырды. Ол бұл туралы Ақ үйде өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Шу шыққан соң 5 балабақшадан ваучерлік жүйе алып тасталды
Атырауда 3 ай бойы жалақыға жарымай, шу шығарған мемлекеттік балабақша қызметкерлерінің мәселесі шешілді. Мекеме мамандарының проблемасын біржақты ету үшін қазынадан қосымша қаржы аударылатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Трамп Си Цзиньпинмен Оңтүстік Кореяда кездесетін болды
АҚШ Президенті Дональд Трамп 30 қазанда Оңтүстік Кореяда өтетін Азия саммиті шеңберінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
STEAM-Tulpar: ауыл баласына ғылым жолын ашқан зертхана
Еліміздің білім кеңістігінде соңғы жылдары тың серпін берген жобалардың бірі – STEAM-Tulpar. Бұл – кәдімгі зертхана емес, жол үстінде жүрген зертхана. Арнайы жабдықталған көлік Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, ауыл мектептеріндегі балаларды ғылым мен технологияның қызықты әлемімен таныстырып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
"Қағазбастылықтан арылдық". Үздік ұстаз мұғалімдерге жасалып жатқан жағдай туралы айтты
Бүгін Алматы қаласындағы С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұржігіт Аманов “Үздік педагог – 2025” атағын иеленді. Ол байқауға қатысудағы мақсаты, сынақ барысы және ұстаз мәртебесін арттыру бағытындағы өзгерістердің әсері туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Қазақстан гидрогеологтарының еңбегіне берілген жоғары баға – Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталары атласын әзірлеген Мәліс Әбсәметов бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Үздік мұғалімдер 4 млн теңгеден алды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова "Үздік педагог" байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Алматы облысында әкім өлімге әкелген жол апатына тап болды
Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев көлік жүргізіп келе жатып, адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына тап болды. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Мұғалімдердің жалақысына қатысты келіспеушіліктер туындады
Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ұлытау облысындағы мектеп мұғалімдеріне еңбекақы азайтылды деген ақпарат қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Фермерлер жеке табыс салығын 70%-ға дейін азайта алады
Қазақстанда фермерлер мен шаруа қожалықтары жеке табыс салығын (ЖТС) азайта алады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдіснама департаменті Салық әдіснамасы басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова бүгін өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Түркістан облысында сотталушы ауруханадан қашып кетті
Түркістан облысында медициналық мекемеден сотталушы қашып шықты. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Алматы облысында ота жасалған науқастар аурухана дәлізінде жатқан
Алматы облысында жүрек ауруы бар науқастар емхана дәлізінде жатқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025