Жаңалықтар
-
БҒМ: 2022 жылы мемлекеттік білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы қазақстандық ЖОО-ларда оқуға арналған білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады. Осылайша, гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
20.01.2022
-
Барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы міндетті – Сенатор қаңтар оқиғасы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Ләззат Сүлеймен «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты мәселені көтеріп, Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады.
20.01.2022
-
Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
20.01.2022
-
Ата-анамның тәрбиесі. Талдықорғандық кәсіпкер тәртіпсіздік кезінде әскерилерге тегін тамақ тасыған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкер Дәурен Тәліпов ауруханадан 2 күн бұрын шыққан. Қазір үйінде ем-дом алып жатыр. Қаңтардың басында Талдықорғанда болған тәртіпсіздіктер кезінде кәсіпкердің игі әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Мәселенің мән-жайын Дәуреннің өзінен сұрап білдік.
20.01.2022
-
Біртанов ісі бойынша сот тыңдауының өтетін күні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауының өтетін күні белгілі болды.
20.01.2022
-
Сағынтаев « Қасіретті қаңтар» кезінде жарақат алған қызметкерлерге өтемақы төленетінін мәлімдеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және Алматыны одан әрі дамуы жөніндегі қалалық актив отырысында жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған бірнеше қызмет өкілдеріне өтемақы төленетінін айтты.
20.01.2022
-
Қазақстанның стандартты үлгісін басқа ел енді сынақсыз тани алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.
20.01.2022
-
Тұрғындар бізден жарқын болашаққа бағыт беретін айқын белгі күтуде - Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біз Алматы қасіретінің орын алуына не түрткі болғанын түсініп, себебін анықтауымыз қажет. Бұл жұмыс басталды және құқыққорғау органдарымен бірлесіп жүргізіледі. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және Алматыны одан әрі дамуы жөніндегі қалалық актив отырысында айтты.
20.01.2022
-
Еліміздің еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері Аралбай Төлеубек Мұхамеджанұлы өмірден өтті.
20.01.2022
-
Түркістандағы «Қылует» рухани орталығы биыл пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті рет құрылыс нысандарын аралар, жұмыс барысымен танысты. Маңызды нысандардың бірі - «Қылует» рухани орталығы, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
20.01.2022
-
Бейбіт Исабаев Сенат комитетінің төрағасы қызметіне сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Бейбіт Исабаев Парламент Сенаты тұрақты комитетінің төрағасы қызметіне сайланды.
20.01.2022
-
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы жаңа қызметке ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.
20.01.2022
-
Бізге қаруды тастап, берілуді ұсынды – Таймерденов
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов интернет басылымдардың бірінің журналистіне берген сұхбатында содырлар Алматы ПД-нің ғимаратына басып кіруге әрекет жасамас бұрын тәртіп сақшыларынан қаруды тастап, берілуді талап еткенін, бірақ оған қарсылық білдіргенін айтты. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
20.01.2022
-
Алматыда көктайғаққа қарсы шаралар жүргізілуде
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы 2077 тонна материал себілді. Бұл туралы қаланың коммуналдық шаруашылық қызметі хабарлады.
20.01.2022
-
Бейжің Олимпиадасында тау шаңғысынан сынға түсетін қазақстандықтар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тау шаңғысынан Қазақстан командасының бас бапкері Бейжің Олимпиадасына жолдамалардың қалай үлестірілгенін айтты, деп хабарлады Olympic.kz.
20.01.2022
-
Қазақстанда бір тәулікте 12 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус пен инфекция белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады.
20.01.2022
-
ИИДМ: АЭА-ға қызметтің қосымша түрлерімен айналысуға рұқсат берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы республиканың бірқатар арнайы экономикалық аймақтары үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтті, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
20.01.2022
-
Нәрестені бөтелкемен тамақтандырады: Елордалық дәрігерлер ковид орталығындағы жағдайды көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жұқпалы аурулар орталығының медицина қызметкерлері науқастарды емдеу барысында түсірілген видеолармен бөлісті. Кадрларда түрлі аппараттардың астында жатқан балаларды байқауға болады, деп жазды қала әкімдігінің ресми сайты.
20.01.2022
-
20 қаңтар. Елдегі эпидемиологиялық жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті жариялады.
20.01.2022
-
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 15 872 адам жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 19 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жариялады.
20.01.2022