Жаңалықтар
-
Нұр-Сұлтанда мейрамханалар, кафелер мен кинотеатрлар жартылай жұмыс істей алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтандағы шектеу және карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізді. Тиісті құжат күшіне енді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
02.02.2022
-
Смайылов жер қойнауын пайдалану саласына тексеріс жүргізуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов геологиялық барлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
02.02.2022
-
Шавкат Рахмонов UFC-дағы кезекті жекпе-жегі үшін Лос-Анджелеске барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов кеше Лос-Анджелеске UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жегін өткізуге барды.
02.02.2022
-
«Қазақстан халқына» қоры 2,4 млрд теңгеге толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 16 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында қор шоттарына барлығы 112,2 млрд теңге аударылды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
02.02.2022
-
Сенат Спикері Жапония елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джун Ямадамен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
02.02.2022
-
Елорда полициясы әлеуметтік нысандардың терроризмге қарсы қорғалуы бойынша семинарлар өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мәдениет, білім беру және спорт нысандарының ұжымдарымен терроризмге қарсы қорғалу бойынша бірқатар семинарлар өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
02.02.2022
-
Ер адамды азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр - Бас прокуратура
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері А.Б. Батырбаевты ұрып-соққаны туралы ақпарат таралған.
02.02.2022
-
Қазақстан елшісі Шри-Ланка Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Готабае Раджапаксаға сенім грамоталарын тапсырды.
02.02.2022
-
Ұлттық экономика министрі Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті.
02.02.2022
-
Ақмола облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында құны 39 млн теңге болатын құс фабрикасының құрылысы бойынша ірі жоба жүзеге асырылуда.
02.02.2022
-
Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды.
02.02.2022
-
«Жетісу» радиосы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облыстық «Жетісу» радиосы әуе толқынына шықты.
02.02.2022
-
Атырау облысында сумен жабдықтау қызметінің бағасы негізсіз өсірілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі тұрғындарды толғандыратын өткір әлеуметтік мәселелердің бірі.
02.02.2022
-
Қаңтар оқиғасы. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың саусақ іздері қалай тексеріледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жедел-криминалистикалық басқармасының бас криминалисі Алмас Далабаев айтты.
02.02.2022
-
Ержан Қазыхан «АҚШ пен Каспий өңірі елдері қарым-қатынастарының 30 жылдығы» атты вебинарға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің арнаулы өкілі Ержан Қазыхан «АҚШ пен Каспий өңірі елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы» атты вебинарға қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
02.02.2022
-
«ЖОО үздік оқытушысы-2021» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен «ЖОО үздік оқытушысы-2021» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Республикалық байқау қорытындысы бойынша 45 отандық ЖОО-ның 150 оқытушысы үздік деп танылған. Жеңімпаздардың ә
02.02.2022
-
Бауыржан Байбек қызметінен босату туралы өтініш берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
02.02.2022
-
Бас санитар дәрігер: Пандемияға дейінгі өмірімізге оралу – өз қолымызда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.
02.02.2022
-
Ақмола облысында қандай әлеуметтік нысандар салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Құрылыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі.
02.02.2022
-
Депутат балаға төленетін жәрдемақыны көтеруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі жүйе қиын өмірлік жағдайдағы, қолайсыз және аз қамтылған отбасындағы балалардың құқығын қорғаудың нақты қажеттіліктеріне жауап бермейді. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында айтты.
02.02.2022