Жаңалықтар
-
Дәурен Абаев туризімді дамыту жоспарын таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәурен Абаев Ақтау қаласында Премьер-министрге Маңғыстау облысы бойынша туризмді дамытудың болашақ жоспарларын таныстырды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялады.
13.05.2022
-
Елордада онкологиялық дертке шалдыққандарға 5 бірегей ота жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында бес бірдей бірегей ота жасалды. Аталған жоғары технологиялық операцияларға еліміздің жетекші мамандарымен бірге, Ресей мен Грузиядан келген онкологтар қатысты.
13.05.2022
-
Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушыларды Дүниежүзілік гимназиадаға шығарып салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында қазақстандық оқушыларды Дүниежүзілік гимназиадаға шығарып салды. Жарыс 14-22 мамыр аралығында Францияның Нормандияда қаласында өтеді. Білім және ғылым министрі де жас спортшыларға қолдау көрсетіп, жылы лебізін білдіру үшін әуежайға барды.
13.05.2022
-
Экономика өсіп келеді. Бірақ ненің есебінен?
Алматы облысы, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің өзінің кезекті отырысында еліміздің биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындысын шығарды.
13.05.2022
-
Қаңтар оқиғасы: Генерал Күдебаев күдікті деп танылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
13.05.2022
-
Димаштың жанкүйері тегін Құдайберген деп өзгертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресейдің Ростов облысының тумасы Кристина тегін Құдайбергенова етіп өзгерткен. Ол бұл жаңалығымен instagram-да бөлісті.
13.05.2022
-
Елордада 5 айда 100-ге жуық адам тамақтан уланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Елена Гартман мәлімдеді.
13.05.2022
-
Бір айдың ішінде елордада 13 адамды кене шағып алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысы Нағима Шатаева айтып берді.
13.05.2022
-
Премьер-Министр Маңғыстауға келді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ, тілшісі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Каспий порттарының экспорттық және транзиттік әлеуетін белсенді түрде пайдалануды тапсырды.
13.05.2022
-
Кене шаққанда не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысы Нағима Шатаева айтып берді.
13.05.2022
-
Президент Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық банктің 2021 жылғы жұмысы туралы есебін тыңдауға арналған кеңес өтті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
13.05.2022
-
Жұмысшы жастар референдумға қоғамдық қолдау көрсету штабының өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған қаласында «Жастар Ассамблеясы» ҚБ төрағасы, Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшесі Тимур Жұмурбаев пен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жастар жұмысшылары одағының белсенділері арасында кездесу өтті.
13.05.2022
-
Балаларын қараусыз қалдырған ата-аналар жазалана ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше күннен бері елордада болған жағдай көптің есінен әлі кетер емес. Екі азамат терезеден салбырап тұрған 3 жасар қызды құтқарып қалды.
13.05.2022
-
Медицинадағы жетістіктер кейде сал балалардың туу ықтималдылығын арттырады – Шолпан Бөлекбаева
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бала – адамның бауыр еті, үміті мен болашағы. Балаларды қорғап қана қоймай, сапалы білім беріп, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайту да маңызды. Биыл Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Аталған мәселелер бойынша қандай істер атқарылып жатқаны туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар реабилитологы, Ұлттық балалар оңалту орталығының директоры Шолпан Бөлекбаевамен тілдескен болатынбыз.
13.05.2022
-
Қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарында 4 адам қайғылы жағдайға ұшыраған. Оның екеуі бала. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері суға түсу маусымына орай қауіпсіздік шараларын үдетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев хабарлады.
13.05.2022
-
Туберкулез егде жастағы адамдардан да анықтала бастады – маман
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мониторинг, бағалау, эпидемиология, статистика, ақпараттандыру департаментінің жетекшісі Панагүл Жазықбаева туберкулезді жұқтыру жасы артқанын, әсіресе егде адамдар көптеп ауыра бастағанын айтты.
13.05.2022
-
Қазақстан мен Тәжікстан сенаторлары су мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәжікстан Республикасына ресми сапармен келді.
13.05.2022
-
2,3 млн оқушы сауықтыру лагерлерінде демалады – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар жылында балаларды жазғы демалыспен қамту артады. Жазғы демалыста балаларды сауықтыру лагерлерінде 2,3 млн қазақстандық оқушы демалады. Бұл былтырмен салыстырғанда жарты миллионға көп.
13.05.2022
-
Елордада Еңбекшілер көшесі мен Алаш тас жолы бойындағы жол учаскесі уақытша жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Еңбекшілер көшесі мен Алаш тас жолында инженерлік желілер мен жол төсемін салу жұмысын бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
13.05.2022
-
Қай өңірлерде туберкулездің таралуы жоғары?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде Совет кезеңінен бері экологиялық жағдайы төмен аймақтарда туберкулез көп тараған. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық көрсеткіштерден жоғары. Дегенмен жағдай бірте-бірте жақсарып келеді. Бұл туралы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мониторинг, бағалау, эпидемиология, статистика, ақпараттандыру департаментінің жетекшісі Панагүл Жазықбаева айтты.
13.05.2022