Жаңалықтар
-
Қазақстанда «Стелс-Омикрон» штамы анықталды – ҚР ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПТР скринингтің қорытындысы бойынша елімізде коронавирус инфекциясы штамының түрлі нұсқасы анықталды. «Омикрон штамм» барлық өңірлерден анықталды, оның ішінде 12 өңірден «стелс-омикрон» табылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
14.05.2022
-
ШҚО-да браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Нерест – 2022» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Полицейлер браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі.
14.05.2022
-
Премьер-министр Ақтөбе облысына келді
Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов келді. Іссапар аясында Үкімет басшысы Ақтөбе қаласындағы «Білім» мектеп-гимназиясын, жаңа облыстық перинаталдық орталығын, сондай-ақ «Dina Market» ЖШС-нің көтерме-тарату орталығын аралады.
14.05.2022
-
Референдумда мемлекет үшін әрбір азаматтың пікірі маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда. Депутаттар Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Жетісу облыстарында жергілікті халықпен кездесіп, алдағы референдумның маңызын түсіндіруде.
14.05.2022
-
Таиланд мемлекеті Қазақстанмен білім саласы бойынша серіктестік орнатпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд мемлекеті Қазақстанмен білім саласы бойынша серіктестік орнатпақ. Бұл туралы бүгін елімізге ресми іс-сапармен келген делегация мүшелері мәлімдеді.
13.05.2022
-
Алматыда «Өнер сананы өзгертеді» атты жылжымалы көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көрме аясында «Өркендеу жолы» жобасы таныстырылды. Бұл атау кездейсоқ емес, бәрі де жолмен басталып, жолмен аяқталатыны дейді жобаның дем берушісі әрі қазақстандық белгілі суретші Армат Бектас.
13.05.2022
-
Басты мәселе – «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру – Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлiгi Бақыт Сұлтанов Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаевпен жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
13.05.2022
-
Мәжіліс депутаттары референдумның маңызын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысыннан Мәжіліске сайланған депутаттар жергілікті халықпен кездесіп, алдағы референдумның маңызын түсіндіруде. Бүгінгі кездесу Мұнайлы ауданында өтті.
13.05.2022
-
Елордада футболдан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы» турнирі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар жылына орай 2007-2008 жылғы жасөспірім командалар арасында футболдан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы» республикалық турнирі басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
13.05.2022
-
Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың желтоқсанынан бастап қылмыстық процесті жаңғырту жүргізілуде.
13.05.2022
-
Парламент Мәжілісінің депутаты еңбек ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Ли Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақмола вагон жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесті.
13.05.2022
-
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 44-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздағы билік тармағын, Президенттің құқықтары мен міндеттерін қамтыған көлемді баптың бірі осы – 44-бап.
13.05.2022
-
Қазақстанда бір жылда үй жануарларының кесірінен болған жол апатынан 30 адам өлген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан жолдарында былтыр және биылғы үш айда үй жануарларының кесірінен 120 жол-көлік оқиғасы болып, 33 адам қаза тапқан.
13.05.2022
-
2025 жылға дейін қазақ-қырғыз шекарасындағы 7 өткізу бекеті жаңғыртылады – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ-қырғыз шекарасындағы 7 өткізу бекеті 2025 жылға дейін жаңғыртылады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
13.05.2022
-
Тоқаев БАӘ президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға және Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның өмірден озуына байланысты көңіл айтты.
13.05.2022
-
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери атташелермен брифинг өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери атташелермен брифинг өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
13.05.2022
-
«Miras» кеңесінде референдумның мән-маңызы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық референдумның маңызы мен ерекшелігі «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.
13.05.2022
-
Павлодар облысындағы ауыл халқы өзен суын ішуге мәжбүр
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылының тұрғындары екі ай бойы таза ауызсуға жарымай отыр.
13.05.2022
-
Елорда тұрғындарының 82,6%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғын халықтың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін, халықты қамту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындардың 82,6%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған.», - деп хабарлайды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.
13.05.2022
-
Қазақстандық бұрымды балуандар Болгарияда екі алтын иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бұрымды балуандар Болгарияда өткен халықаралық турнирді сәтті бастады деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
13.05.2022