Жаңалықтар
-
Өскеменде көпқабатты үйде газ жарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде газ жарылып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
30.05.2022
-
Атырауда азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында рейд жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында рейд жүргізді.
30.05.2022
-
Мәжіліс депутаттары: Референдум – ел өмірін өзгертуге бағытталған батыл қадам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституцияға енгізілетін өзгерістермен түзетулерді жан-жақты түсіндіру мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанат Омарбекова және Ирина Унжакова Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен кездеті.
30.05.2022
-
Ақтауда браконьерлер 1 млрд теңге шығын келтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда шекарашылар 2 ай бойы заңсыз балық аулағандардың жолын кесті. «Бекіре-2022» шарасы кезінде 130-дан астам браконьер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
30.05.2022
-
Теміртауда «Жаңа Қазақстан: жаңа келбет» атты кездесу өтті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Теміртау қаласында Конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында «Жаңа Қазақстан: жаңа келбет» атты кездесу өтті.
30.05.2022
-
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 74-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 74-бап бұған дейін Конституциялық кеңестің қаулысымен екі рет өзгертіліп, бір рет түсіндірме берілген болатын.
30.05.2022
-
Белсенді жастар қалаға қоқыс контейнерін орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласында пластикалық және шыны ыдыстардың қалдығын тастайтын қоқыс контейнері орнатылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
30.05.2022
-
Қазақстандық жас теннисшілер Қырғызстандағы жарыста үздік атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30.05.2022
-
Смайылов Мәскеуде Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.
30.05.2022
-
Атырауда деструктивті діни ағым өкілдерінен тыйым салынған кітаптар тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен ел аумағында тыйым салынған кітаптар тәркіленді.
30.05.2022
-
Балқаш курорттық аймағында қандай жолдар жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш курорттық аймағында Тораңғалық және Шұбар-Түбек кенттерінің жолдары асфальтталды. Балқаш – Шашубай жолын жөндеу аяқталды.
30.05.2022
-
Қазақстандық мерген әлем кубогының жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық мерген Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
30.05.2022
-
Адамдардың меншігі шенеуніктер мен олигархтарға өтеді. Жалған ақпарат тарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. What’sApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада бір әйел республикалық референдумға мүлдем қатысуға болмайтыны туралы айтады.
30.05.2022
-
Референдум қорытындылары бір ай құпия ақпарат құқында сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық референдум комиссиясының кезекті отырысында 5 маусымда өтетін референдумға дайындық барысы мен республикалық референдумның құжаттарын сақтау қағидалары баяндалды.
30.05.2022
-
Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі бірінші орынға шығады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі жергілікті тұрғындармен кездесіп, облыстың әлеуметтік нысандары мен кәсіпорындарын аралады.
30.05.2022
-
Қорғаныс министрі Францияның Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен және Францияның Қазақстандағы әскери атташесі полковник Жан-Филипп Тардьемен кездесті.
30.05.2022
-
Павлодар облысында жазғы каникулда 800-ге жуық лагерь жұмыс істейді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Жазғы каникул кезінде павлодарлық оқушылар үшін түрлі бағыттағы 786 лагерь жұмыс істейді.
30.05.2022
-
Еліміздің туын әлемге танытқаныма қуаныштымын – Францияда жеңіске жеткен жас спортшылар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
30.05.2022
-
Алдашев: Конституциялық реформа – саяси трансформациядағы маңызды қадам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Сүйіндік Алдашев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Сырым ауданында болды, деп хабарлайды Сенеттың баспасөз қызметі.
30.05.2022
-
Полицейлер медицина мекемелерінің қызметкерлерін бопсалағандарды ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы, Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп жүргізген операцияның нәтижесінде қылмыстық топтың жолына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
30.05.2022