Жаңалықтар
-
Қазақстан Елшісі Словакия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Словак Республикасының Президенті Зузана Чапутоваға сенім грамоталарын тапсырды.
08.06.2022
-
Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. 2022 жылғы 29 маусымда Джакартадағы «Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында» Орындаушыға және оның Отанына арналған «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтеді.
07.06.2022
-
Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары Нұр-Сұлтанда кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының алдағы кеңесі шеңберінде түрікмен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.
07.06.2022
-
Елімізде ақбөкенді аулауға рұқсат берілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
07.06.2022
-
Ақтауда TikTok-қа түсемін деген жігіт суға батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Ақтауда жас жігіт суға батып, қаза тапты. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ол 2004 жылы туған, Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы.
07.06.2022
-
Жамбыл облысындағы жарылыс жұмыстары қарашада аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Жамбыл облысы Байзақ ауданында тағы жарылыс болып жатыр. Бұл 28/349 әскери бөлімінде қалып қойған оқ-дәрілерді жою жұмыстарының жалғасы, деп хабарлайды «Хабар 24».
07.06.2022
-
Түркістан облысында оқушы саңырауқұлақ өсірумен айналасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғыны, 9 сынып оқушысы Дінмұхамед Айболатұлы үй жағдайында 25 күнде саңырауқұлақ өсіріп шықты.
07.06.2022
-
БҰҰ Сомалиде аштық болуы мүмкіндігін ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Сомалиге аштық қатері төніп тұрғанын айтты. Оған жауын-шашынның болмауы мен азық-түлік бағасының өсуі себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Reuters.
07.06.2022
-
Мал шаруашылығы – ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі – Жұмағазиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев Парламент Мәжілісіндегі Фракция мүшелері Аманғали Бердалин және Ерлан Саировпен бірге Қарағанды облысының Нұра ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі.
07.06.2022
-
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
07.06.2022
-
KEGOC «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі алдында есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі бүгін «KEGOC» АҚ-тың 2021 жылғы қызметі туралы есебін тыңдады. Кездесуге қатысушылар компанияның стратегиялық жоспары мен инвестициялық жобаларының қалай іске асып жатқанынан хабардар болды. Компаниядағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау, қызметкерлердің әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру, еңбекті қорғау мәселесімен танысты.
07.06.2022
-
Футзалдан Испания чемпионаты: Ширек финалда кімдер кездеседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан Испания чемпионаты тұрақты кезеңінің қорытындысы бойынша плэй-офф кезеңінің алғашқы раундындағы жұптар белгілі болды, деп хабарлады Prosports.kz.
07.06.2022
-
Президент Жарлығы: Ұлытау – ұлылар мекені
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылдың 16 наурызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елімізде үш жаңа облыстың құрылатынын жариялаған еді. Жаңадан құрылған 3 аймақтың қатарында ұлт ұясы атанған Ұлытау облысы да бар. Ежелден үш жүздің басы қосылып, үш бидің шешімі шыққан аймақтың атымен аталған облыс құрамына: Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа ауданы енді. Жаңа облыстың орталығы-Жезқазған қаласы болмақ. Ертең.
07.06.2022
-
Павлодарлық орманшылар жетім қалған еліктерге қамқор болды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодарлық орманшылар Ертіс өзенінің жайылымынан еліктің екі лағын тауып алды. Енді жетім қалған жануарларға қамқор болуда.
07.06.2022
-
Еуропалық одақтың ресми өкілі мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық одақ 5 маусым жексенбі күні Қазақстанда өткен конституциялық референдумның нәтижелерін назарға алады. Бұл референдумда Қазақстан халқы елдегі демократияны нығайтуға бағытталған маңызды конституциялық түзетулерді қолдады, деп жазды eeas.europa.eu.
07.06.2022
-
Алматылық дәрігерлер пациентті ұзақ уақытқа созылған гипертониялық кризден құтқарды
Алматы, BAQ.KZ. Орталық қалалық клиникалық ауруханада жылдар бойы гипертонияның агрессивті түрінен зардап шеккен 40 жастағы ер адамға ота жасалды. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында іске асты. Бұл туралы аталған аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.
07.06.2022
-
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
07.06.2022
-
Сарбасов 110-шы Халықаралық еңбек конференциясына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Женева қаласында Халықаралық еңбек ұйымы өткізген 110-шы Халықаралық еңбек конференциясы барысында басқа елдердегі әріптестерін Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
07.06.2022
-
Антикор жүргізуші куәліктерін сатқан ХҚКО қызметкерлеріне тергеу жүргізіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Антикор жүргізуші куәліктерін сатқан ХҚО қызметкерлеріне тергеу жүргізіп жатыр.
07.06.2022
-
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
07.06.2022