Жаңалықтар
-
Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
Президент Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысын «Олий Даражали Дустлик» («Жоғары дәрежелі достық») орденімен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Мирзиёев: Қазақстан–Өзбекстан серіктестігін жаңа деңгейге шығаратын шешімдер қабылдаймыз
Өзбекстан президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударды
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Тоқаев: Өзбекстанмен 1,5 млрд доллардан асатын жобаларды іске асырамыз
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз барысында саяси және экономикалық байланыстарды жандандыра түсетін жаңа бағыттар айқындалғанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты
Жиынның күн тәртібінде екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Қазақстанның бірқатар өңірін көктайғақ пен тұман басады
Төтенше жағдайлар министрлігі 15 қарашаға арналған дауылды ескерту жариялады. Елдің 13 өңірінде және елордада қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Мәскеуге сапар және әлем реакциясы: Қазақстанның жаңа сыртқы саяси теңгерімі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың 11–12 қарашасында Мәскеуге жасаған сапары – екіжақты байланыстарды ғана емес, жаһандық медиа мен сарапшылар тарапынан да кең талқыланған оқиға. Әсіресе энергия, транзит, саясат және қауіпсіздік салаларында Қазақстанның тепе-теңдікті қалай сақтап отырғаны әлемдік деңгейде назар аударды. Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен бірге мемлекетаралық қарым-қатынасты жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды. Бұл келісім халықаралық ақпарат кеңістігінің назарын өзіне аударып, жетекші әлемдік БАҚ-та кеңінен талқыланды. BAQ.KZ тілшісі әлем елдерінің реакциясына шолу жасап көрді.
15.11.2025
-
Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестікті нығайтуда: жаңа келісімдер жасалды
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Президент Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Күләш Ахметованың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Бүгін ұлттық валюта – теңге күні
Бүгін, 15 қараша – Қазақстанның ұлттық валютасы, төл теңгенің туған күні. Биыл алғаш айналымға енгеніне 32 жыл толып отыр. Осы датаға орай, теңгенің қалыптасу кезеңіне тағы бір үңіліп көрейік.
15.11.2025
-
Қайтарылған активтер: Балқаш әуежайын жөндеуге 945 млн теңге бөлінді
Балқаш әуежайын реконструкциялауға қайтарылған активтер есебінен 945 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Мемлекет басшысы Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестина мемлекетінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
АҚШ КҚК, "Теңізшевройл" және Қарашығанақты санкциялардан босатты
АҚШ "Роснефть" пен "Лукойл" компанияларына қатысты енгізілген санкциялардан Каспий құбыр консорциумын (КҚК), "Теңізшевройлды" және Қарашығанақ жобасын шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған 124b нөмірлі бас лицензияда айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
15.11.2025
-
Қоғам қайраткерлері спорт федерациялары басшыларына KPI енгізуді ұсынып отыр
ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында спорт федерациялары басшыларының тиімділігін бағалайтын KPI жүйесін енгізу ұсынылды. Бұл көрсеткіштер федерация жетекшілерінің жеке міндеттемесіне айналып, аккредитациядан өтудің негізгі шарты болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025
-
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 15 қарашада елдің тоғыз қаласында – Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
15.11.2025
-
15 қараша – Ұлттық валюта күні: Теңгенің тарихы
15 қараша – Ұлттық валюта күні. Биыл төл теңгеміздің қолданысқа енгізілгеніне 32 жыл толды. Бұл күнді қаржы секторында еңбек ететін мамандар кәсіби мереке ретінде атап өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
15.11.2025
-
Трамп: АҚШ жақын уақытта ядролық сынақтар өткізеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның жақын арада ядролық сынақтар жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді. Ол жарылыстың нақты түрін ашып айтпады, бірақ «басқа елдер жасап жатқандықтан» АҚШ та сынақтар өткізуі керек екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
15.11.2025
-
Киев Франциямен әуе қорғанысын күшейту туралы келісім дайындап жатыр
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Киев Франциямен қосымша әуе қорғанысы жүйелері мен жауынгерлік ұшақтар жеткізу жөніндегі келісімді аяқтап жатыр. Ол бұл құжатты «тарихи келісім» деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
15.11.2025
-
Иранда "Study in Kazakhstan" көрмесі өтеді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Иранның Қазақстандағы Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті. Министр Иран тарапына жоғары білім мен ғылым саласындағы реформалар туралы айтып, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік білім беру орталығы ретіндегі рөлін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.11.2025