Жаңалықтар
-
Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті келеді
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
08.12.2025
-
Жүздеген кәсіпорын 10 мыңнан астам жұмысшыға жалақы төлемей келген
Қазақстандағы 494 кәсіпорын 10,4 мыңнан астам жұмыскерге жалпы сомасы 2,6 млрд теңге жалақы төлемегені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Бенин президенті төңкеріс әрекетінің сәтсіз аяқталғанын жариялады
Бенин қауіпсіздік күштері төңкеріс әрекетіне қатысы бар 13 адамды тұтқындады, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
08.12.2025
-
Қазақстан мен Өзбекстан пойыз алмасу көлемін 35 жұпқа дейін арттыруға келісті
Көлік саласындағы Қазақстан делегациясы "Сарыағаш" мемлекетаралық теміржол түйісу пунктінде және Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдарымен көпжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Қазақстан шығармашылық сектордағы анимацияны қолдауды кеңейтуде
Мәдениет және ақпарат министрлігі анимация жаңа Шығармашылық салаларды дамыту қорының басым бағыттарының бірі ретінде анықталғанын жариялады. Жаңа институционалдық модель анимациялық және балаларға арналған контент өндірісін кеңейтіп, жобалардың сапасын жақсартады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Қостанай оқушылары үшін онлайн оқу қашан тоқтатылады
Қостанайдың барлық мектебі осы аптадан бастап дәстүрлі оқыту форматына оралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Мальдив аралдарындағы туристік нысанда акула шабуыл жасады
Мальдив аралдарында демалып жүрген ресейлік турист акуланың шабуылынан саусағынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Қала тазалығы – баршаға сын - арнайы техника жүргізушісі
Астана көшелерінің қысы-жазы таза болып тұруы – өз ісіне адал еңбек ететін адамдардың тынымсыз жұмысының нәтижесі. Таң ата бере қаланың төрт бұрышында қызғылт сары арнайы техника көрінсе, оның ішінде елорданың тынысын ашып жүрген машинист-мамандардың бірі отырғаны анық. Сол жандардың бірі – "Астана Тазалық" компаниясының үш жылдан бері қызмет етіп келе жатқан машинисі Нұрдәулет Әбіш Талғатұлы.
08.12.2025
-
Германия канцлері интернеттегі қорлау үшін жүздеген адамды сотқа бермек
Германия канцлері Фридрих Мерц 2021 жылдан бері өзіне қарсы бағытталған жүздеген қорлау сөздерге шағым түсірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
А гепатиті: Чехияда ондаған адам қайтыс болды
Чехияда А гепатитінің соңғы онжылдықтардағы ең ірі індеті жайылды. Ауру 32 адамның өмірін қиды, ал инфекциялар саны 3000-нан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасай отырып.
08.12.2025
-
Гавайидегі Килауэа жанартауы оянды
Гавайидегі Килауэа жанартауы атқылауының жаңа кезеңіне аяқ басып, аспанға лава субұрқақтарын атқылап жатыр. Қазіргі уақытта белсенділік тек Гавайи жанартаулары ұлттық саябағында ғана, деп хабарлайды BAQ.KZ Euonews-ке сілтеме жасап.
08.12.2025
-
Таза қала тынысы: Жол жұмысшыларының бір күні
Таза қала – елдің мәдениеті мен тәртібінің айнасы. Алайда Астананың көшелері өздігінен жарқырап тұрмайды. Таң ата бере ұйқысын бөліп, күрек пен сыпырғысын қолға алатын қарапайым жандардың еңбегінің арқасында бас қала әр күні тұрғындарын тап-таза кейпімен қарсы алады. Олар – көпшілік байқамайтын, бірақ қала тынысын ұстап тұрған еңбек майданының шынайы қаһармандары.
08.12.2025
-
Трамп өзін Нобель сыйлығына ұсынған Әзербайжан президентіне алғыс айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс хат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап.
08.12.2025
-
Өзбекстандағы терминалдар қазақстандық астыққа лық толған
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
08.12.2025
-
Тас жолдағы қиын жағдай: 50-ден астам адам жылыну орталықтарына эвакуацияланды
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 53 жолаушы республикалық тас жолдың 950-ші шақырымында күрделі жол жағдайына тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ
08.12.2025
-
Бірнеше өңірде жол жабылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты тасжол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.12.2025
-
Тазалықтың тірегі: Арнайы техниканы тізгіндеген еңбек адамы
Қаланың қақ ортасында қарбалас қозғалыстың арасында ауыр техниканың тізгінін ұстап, тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарды көпшілік байқай бермейді. Бірақ елорда көшелерінің таза да ұқыпты көрінуі – дәл сол көрінбейтін еңбектің жемісі. Таңмен таласа тұрып, Астананың жолдарын шаңнан аршып, қыста – қалың қардан, көктемде – батпақтан, жазда – шаң-тозаңнан тазартып жүрген арнайы техника жүргізушілері қаланың айнадай жарқырап тұруына елеулі үлес қосады. Солардың бірі – он жылдан астам уақыт бойы "Астана Тазалық" ЖШС-да еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі арнайы техника жүргізушісі Сүндет Қойбағаров.
08.12.2025
-
Елорда мектептері мен балабақшаларына таңғы фильтр енгізілді
Астанада тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша тіркелген жағдайлардың өсуіне байланысты білім беру ұйымдарында таңғы фильтр жүргізу міндеттелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.12.2025
-
Астананы айналып өтетін теміржол салынады
ҚТЖ мен Астана әкімдігі елорданың көлік жүйесін дамыту стратегиясын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.12.2025
-
Илон Маск Еуроодақты тарату қажеттігін мәлімдеді
Илон Маск Еуроодақты таратып, дербес мемлекеттердің егемендігін қайтару қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.12.2025