Жаңалықтар
-
Жаңа жылда баспана бағасы қалай өзгереді?
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың айтуынша, 2026 жылдың басында тұрғын үй бағасы күрт 20 пайызға қымбаттайды деген сөз шындыққа жанаспайды.
10.12.2025
-
Қазақстан адам құқықтарын қорғаудың орнықты жүйесін қалыптастырып келеді – Еуропа кеңесі
Астанада өткен халықаралық конференцияда Еуропа кеңесінің Адам құқықтары және құқықтың үстемдігі жөніндегі бас директораттың кооперациялық бағдарламалар дивизиясының басшысы Джиованни Баттиста Челиенто сөз алып, адамның қадір-қасиетін қорғау, соның ішінде жабық мекемелерде отырған адамдардың құқықтарын сақтау – демократиялық қоғамдардың басты өлшемдерінің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Қазақстанда сотталғандарды 45 мыңнан астам камера бақылап отыр
Елімізде ҚАЖ мекемелерінің барлығына 45 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары – "Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің" төрағасы Абай Қайырбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Түрме мектептерінің атауы аттестаттардан алынып тасталады
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Астанада өткен халықаралық конференцияда Қазақстан мектеп және колледж аттестаттарынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі оқу орындары туралы мәліметті алып тастауды ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Сотталғандарды шартты босату жүйесі өзгеруі мүмкін
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Астанада өткен халықаралық конференцияда шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңіл түрлерге ауыстыру тетіктеріне жаңа көзқарас қажет екенін айтты, деп хаабрлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Ресейдің Каспий мұнай-газ консорциумынан кетуі: Қазақстанға әсері қандай?
Каспий аймағында энергетикалық күш балансы қайта қалыптасып жатыр. Ресейге қарсы санкциялар тереңдеп, Мәскеу халықаралық мұнай-газ консорциумдарынан біртіндеп шегінуі мүмкін деген болжамдар күшейді. Бұл өзгеріс Қазақстан, Әзербайжан және жалпы өңір үшін жаңа мүмкіндіктер мен бірқатар қауіп-қатерді қатар алып келеді. BAQ.KZ тілшісі Ресейдің ықтимал шығуы аймақтық энергетика картасын қалай өзгертетінін зерделеп көрді.
10.12.2025
-
2026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар үшін бірқатар ресми құжатты рәсімдеу қымбаттайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Түрме курорт емес, бірақ азаптау орны да болмауы тиіс – сарапшы
Астанада өткен халықаралық конференцияда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов сөз сөйлеп, адам құқықтарын қорғау кез келген заманауи Конституцияның негізгі қағидаты екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Қазақстан трансшекаралық су қауіпсіздігін күшейтеді: Президент заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Жаңа жылдан бастап таксистер мен курьерлер үшін не өзгереді
Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жеңілдетілген салық режимінің маңыздылығын атап өтіп, жаңа тәртіп табыстан небәрі 4 пайыз ғана төлеуді көздейтінін және бұл механизм жүз мыңдаған азаматқа ыңғайлы шарттар жасайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
2026 жылғы мерекелер: қазақстандықтар қанша күн демалады?
2026 жылы қазақстандықтар қалай демалатын болды? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік және ауыстырылған демалыс күндері көрсетілген өндірістік күнтізбені жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Адам құқықтары күні: Қазақстан түрме жүйесін қайта қарайды
10 желтоқсанда әлемде Адам құқықтары күні аталып өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаған күніне орай белгіленген.
10.12.2025
-
Тоқаев 11-12 желтоқсанда Ашхабад қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Көлік жүргізушілеріне құлаққағыс: 2026 жылы айыппұлдар өседі?
Бұрын көлікте белдік тақпау және ұялы телефон пайдаланғаныңыз үшін 5 АЕК немесе 19 660 теңге төлейтін болсаңыз, 2026 жылы ол үшін - 21625 теңге төлейсіз. BAQ.KZ тілшісі басқа да әкімшілік айыппұлдар бағасының өзгерісін зерттеп көрді.
10.12.2025
-
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Хайп қуып, адамдардың арын таптайтын блогерлерді соттау керек – депутат
Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселені қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Депутат: Ұшақ билеттері бір ай бұрын брондасаң да қымбат
Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов авиация саласындағы мәселелер мен мемлекеттік бақылау органдарының жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Германиядағы қазақстандық судьяның жұмбақ өлімі: ІІМ күйеуі мен енесін іздеп жатыр
Германияда мәйіті табылған судья Айгүл Сайлыбаеваның жұбайы мен енесіне Қазақстанның Ішкі істер министрлігі іздеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
1 қаңтардан бастап өзгереді: Тоқаев маңызды құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Қазақстандық зауыт Каспий құбыр консорциумына жабдықтар шығаратын болды
Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Өскемен арматура зауыты» АҚ («ӨАЗ» АҚ) мен «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ («КҚК-Қ» АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025