Жаңалықтар
-
АҚШ туристерден соңғы 5 жылдағы әлеуметтік желі деректерін сұрауы мүмкін
АҚШ шетелдік туристерді елге кіргізу кезінде соңғы бес жылдағы әлеуметтік медиа тарихын ұсынуды талап етуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
11.12.2025
-
Ғаламшарға қауіп: БҰҰ климаттық дағдарысқа қарсы инвестиция салуға шақырады
Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа есебіне сәйкес, климаттың өзгеруі планетаның денсаулығына қатер төндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
11.12.2025
-
Еуропа алаңдаулы: Трамп Украинадағы бейбіт жоспардан бас тартуы мүмкін бе?
Еуропалық шенеуніктер АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерде ілгерілеудің жоқтығына байланысты шыдамын жоғалтып, бейбіт жоспардан бас тартуы мүмкін деп алаңдаулы.
11.12.2025
-
Жетісу облысында полиция 150 жүк көлігіне боранда жол бастап берді
Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты полицейлер 150 жүк көлігін ілесіп жүріп, қауіпсіз орынға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10.12.2025
-
Синоптиктер ертең Алматы мен 17 облыста дауылды ескерту жариялады
Ертең, 11 желтоқсанда Алматы мен 17 облыста қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
10.12.2025
-
Ақмола облысында хирургты балағаттаған науқас қамауға алынды
Ақмола облысында аудандық аурухана дәлізінде дәрігерге балағат сөздер айтқан ер адам сот шешімімен бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10.12.2025
-
Жамбыл облысында 450-ге жуық жүк көлігі жолда кептеліп қалды
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда жүздеген ауыр жүк көлігі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Бүгін Астанадан 20 мың текше метрге жуық қар шығарылды
Астанада қар күреу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Қалалық коммуналдық қызметтердің мәліметінше, күн сайын елордадан ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
10.12.2025
-
"Рельс ауыстырып жатқан": Қарағанды облысында 4 жұмысшыны пойыз қағып кетті
2025 жылғы 10 желтоқсанда сағат 17:15-те Мойынты – Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражанғыл аралығында жүк пойызының жүрісі кезінде машинист шұғыл тежеу қолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Астанада 11 желтоқсанда 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды
2025 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Қазақстан-Иран кездесуінен не күтуге болады?
Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианның 10-11 желтоқсанда Астанаға жасайтын ресми сапары қарсаңында қазақ-иран диалогының нақты мазмұнына деген қызығушылық қайта арта түсті. Иран төңірегіндегі күрделі сыртқы саяси жағдайға байланысты Қазақстан прагматикалық жобалар мен халықаралық ахуалға қатысты тәуекелдер арасында теңгерімді сақтай отырып, барынша сақ қимылдауға тырысады. Осы орайда көлік-транзит және экономикалық күн тәртібі екі ел үшін де басты бағыттардың бірі болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Пән мұғалімдеріне арнайы гранттар беріледі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Түркістанда құқықтық мәдениет мәселелері талқылады
Түркістанда өткен «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиум 300-ден астам қатысушыны біріктірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Тәуелсіздік күні: Нұрлан Қоянбаевтың флешмобы әлеуметтік желіде тарады
Threads тек жазбалар платформасы болудан қалып, ортақ эмоция білдіретін кеңістікке айналды. Мұнда әрбір хабарлама адамдарды біріктіріп, патриот болуға үндей алады. Бірнеше апта бұрын қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актер Нұрлан Қоянбаев флешмоб бастады: әр сәрсенбі посттарды Қазақстанға арнау, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Рекорд жаңартты: Disney мен Pixar фильмдері қазақ тілінде дубляждалды
Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025
-
Адам құқықтары: Қазақстан БҰҰ ұсынымдарының 88 пайызын қолдады
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Астанада өткен халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде 2025 жылдың аяқталып келе жатқан кезеңі Қазақстан үшін халықаралық аренада адам құқықтарын қорғау саласында маңызды жыл болғанын атап өтті.
10.12.2025
-
Астана көшелерін енді жасанды интеллектпен тазалайды
Астанада коммуналдық саланы енді жасанды интеллектіге негізделген жүйелер басқарады. «Астана Тазалық» кәсіпорны жұмыс процесіне бір емес, бірнеше цифрландырылған жүйелерді енгізіп, қала тазалығын мақсатты түрде қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Ақтөбе-Алматы рейсінде жолаушы көз жұмды
Әлеуметтік желіде Scat авиакомпаниясының Алматыға ұшып бара жатқан ұшағында жолаушының қайтыс болғаны ақпарат тарады.
10.12.2025
-
"Табиғи және құрғақ". Депутат сүт өнімдеріне қатысты дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, сүт өнімдеріндегі ашық емес таңбалар мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.12.2025
-
Павлодарда оқушылар баланы соққыға жығып, тілін қайшымен кеспек болды
Павлодарда екі оқушы кіші балаға зорлық көрсетіп, тілін қайшымен жаралаған. Бала ауруханада жатыр, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.12.2025