Жаңалықтар
-
TikTok АҚШ-тағы тыйымды болдырмау үшін келісім жасады
ByteDance, TikTok қосымшасының иесі, АҚШ пен жаһандық инвесторлармен TikTok-тың АҚШ-тағы қызметін жүргізу жөнінде міндетті келісімге қол қойды. Бұл шешім АҚШ-та қолданбаға тиімді тыйым салудың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
21.12.2025
-
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі мен оның әйелі 17 жылға сотталды
Пәкістан соты бұрынғы премьер-министр Имран Хан мен оның әйелі Бушра Бибиді сыбайлас жемқорлыққа қатысты істер бойынша әрқайсысын 17 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
21.12.2025
-
Президенттік сайлау қауіпсіздігі: Зеленский АҚШ-пен келіссөз жүргізуде
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ өкілдерімен Украинадағы президенттік сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын талқылап жатқанын мәлімдеді.
21.12.2025
-
Нетаньяху Трамппен Иранға қайта соққы беру мүмкіндігін талқыламақ
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен Иран аумағына жаңа соққылар жасау мүмкіндігін талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы NBC News ақпарат көздеріне сілтеме жасап жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.12.2025
-
АҚШ Венесуэла жағалауында мұнай танкерін басып алды
АҚШ Венесуэла жағалауына жақын халықаралық суларда мұнай танкерін тоқтатып, басып алды. Бұл туралы Reuters агенттігіне АҚШ-тың үш шенеунігі мәлім еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.12.2025
-
Атырау облысында электрикті жұмыс барысында ток соқты
Атырау облысының Индер ауданында өндірісте ауыр жазатайым оқиға тіркелді. 25 жастағы электрик жұмыс барысында электр тогының соғуынан ауыр жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau online Telegram-арнасына сілтеме жасап.
20.12.2025
-
Маңғыстауда экологтар мұнай компаниясына айыппұл салды
Маңғыстау облысында экологтар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға айыппұл салды. Жоспардан тыс тексеру барысында Қаламқас кен орнында топырақтың ластану фактісі анықталған. Бұл туралы облыстық экология департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
20.12.2025
-
СҚО-да жылына 12 мың тонна қоюлатылған сүт өндіретін зауыт іске қосылды
Солтүстік Қазақстан облысында жылдық қуаттылығы 12 мың тонна болатын қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылды. Жаңа цехтың ашылуына Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025
-
Боран, тұман және көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 21 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025
-
Ақмола облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025
-
Алматының коммуналдық қызметі қар жауғаннан кейінгі тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр
Алматының коммуналдық қызметі 17–19 желтоқсан аралығында жауған қардың салдарын жою жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы уақыт ішінде қала аумағында қар қалыңдығы 16 сантиметрге дейін жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025
-
Жыл сайын 600 әйелдің өмірін жалмайды: жатыр мойны обыры неліктен әлі де өзекті
Әлемде әйелдер арасында қатерлі ісікке шалдығу деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Қазақстанда да бұл ахуал алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Бүгінде онкологиялық аурулар құрылымында жатыр мойны обыры сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орынға шыққан. Ресми мәліметтерге сәйкес, елімізде жыл сайын 600-ден астам әйел осы диагноздың салдарынан өмірден өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.12.2025
-
"Мәйітті қайта қазып алдық": тәуелсіз сарапшы Айзат Жұманова ісі туралы сұмдық жайттың бетін ашты
Талдықорғанда күйеуінің қолынан қаза тапты делінген 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025
-
Маңғыстауда алғаш рет спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды
Маңғыстау облысының басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласында орналасқан облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025
-
2025 жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грант иегерлері белгілі болды
Мәдениет және ақпарат министрлігі биылғы жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грант иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025
-
Әйелдің сенімін сақтайтын хирургия: Онколог отандық онкохирургиядағы жаңа әдіс туралы айтты
Пластикалық хирургия – медицинадағы салыстырмалы түрде жаңа бағыттардың бірі. Ал реконструктивті пластикалық хирургияның елдегі даму деңгейі қандай, оның медицинадағы орны мен маңызы неде? Осы сауалдарға елордадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының дәрігері, реконструктивті-пластикалық хирург Бауыржан Әнапия BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында жауап берді.
20.12.2025
-
Тайваньда метрода белгісіз біреулер пышақпен шабуыл жасап, адамдар қаза тапты
Тайвань астанасы Тайбэйде белгісіз адам метроның екі станциясында жолаушыларға пышақ және түтін шашқыштарды пайдаланып шабуыл жасаған. Соңғы мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны үш адамға жетті, тағы алты адам әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Focus Taiwan-ға сілтеме жасап.
20.12.2025
-
Руслан Желдібай: Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды
Қасым-Жомарт Тоқаев Күншығыс елінің жоғары басшылығымен, жетекші компаниялардың топ-менеджерлерімен нәтижелі келіссөздер жүргізіп, Жапонияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025
-
Қазақстандықтардың банктерге берешегі 26,1 трлн теңгеден асты
Ұлттық банк экономикаға берілген несиелерге қатысты мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025
-
Замбияда тырысқақ індеті бақылауға алынды
Замбияның денсаулық сақтау министрі Элайджа Мучима елдегі тырысқақ індеті бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20.12.2025