Жаңалықтар
-
БҚО-да қар құрсауынан 18 адам құтқарылды
Кеше күндіз Батыс Қазақстан облысы ТЖД күштерімен күрделі метеорологиялық жағдай кезінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. BAQ.KZ бұл туралы ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
05.01.2026
-
Қарағанды облысының жолдарында алғашқы жедел жәрдем көлігі пайда болды
Қарағанды облысының Шет ауданында өңірдегі алғашқы арнайы жедел медициналық көмек және реанимация көлігінің трассалық медицина-құтқару қызметіне тапсырылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05.01.2026
-
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі шұғыл бас қосады
Ертең БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл бас қосады. Бұған АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген әскери операциясы себеп, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
05.01.2026
-
Грекиядағы барлық әуе рейсі техникалық ақауға байланысты тоқтатылды
Kiprinform хабарлауынша, Грециядағы барлық рейстер Афиныдағы техникалық ақауға байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Алматы облысында үй жануарларына арналған азық өндіру зауыты салынады
Президенттің Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04.01.2026
-
Астанада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр
Астанада қысқы кезеңде қала көшелерін күтіп-ұстау жұмыстары күшейтіліп, тәулік бойы жалғасуда. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
5 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 5 қаңтарда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
"Бомба бар": Таразда сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды
Таразда жарылғыш зат жөніндегі хабарға байланысты сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Астанада 50-ге жуық волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Елордада волонтерлік қозғалыс жыл санап қарқынды дамып келеді. Бұл туралы "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің маманы Айзат Али айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
04.01.2026
-
Берлинде шамамен 45 мың үй электр қуатынсыз қалды
Германия астанасында ауқымды электр жарығының өшуі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Атырау облысында 15 су тазарту нысаны жаңартылды
Атырау облысында ауызсумен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, басты назар су қызметінің сапасын арттыруға бағытталуда. Бүгінде облыс халқының 99,9 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Ал елді мекендер бойынша бұл көрсеткіш 94,2 пайызды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Қар, жаңбыр, көктайғақ: 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" 5 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Министрлік балаларға арнап арзан вакцина сатып алғаны рас па?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан балалардың ауруына себеп болады деген «арзан вакциналарды сатып алу» туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жалған екенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Былтыр Ақтөбе облысында 45 әлеуметтік нысан салынды
Мемлекет басшысының өңірлерді жүйелі дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту жөніндегі нақты тапсырмалары облысымызда айқын нәтижелермен жүзеге асты. Ақтөбе облысында құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды былтырғы жылмен салыстырғанда 117,7 пайыз өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Ұлытау облысында жоғалған азаматтар табылды
Ұлытау облысында Бостұмсық ауылының маңында жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен азаматтар табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Зеленский 6 қаңтарда Трамптың өкілдерімен кездеседі
Украина президенті Владимир Зеленский 6 қаңтар күні Парижде АҚШ президенті Дональд Трамптың командасымен Ресей–Украина соғысын бейбіт жолмен аяқтау мәселесін талқылау үшін кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
София Актаева семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Швейцарияда аза тұту күні жарияланды
Швейцария билігі Кран-Монтана курортындағы барда болған өрт салдарынан 40 адам қаза тапқаннан кейін 9 қаңтарды ұлттық аза тұту күні деп жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Теннис: Александр Бублик Гонконгтағы турнирге қатысады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өтетін ATP-250 санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026
-
Starlink Венесуэлаға бір ай бойы тегін байланыс қызметін ұсынады
Ғаламдық спутниктік байланыс жүйесі Starlink Венесуэланы 3 ақпанға дейін қоса алғанда кеңжолақты интернетке тегін қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
04.01.2026