Жаңалықтар
-
Кісен салып, 4 сағат іліп қойған: Шымкенттегі түзеу мекемесіндегі азаптау фактісі тергелуде
Шымкенттегі түзеу мекемесінде сотталғандарды азаптады деген күдікпен үш қызметкер қамауға алынды. Бас прокуратура істі азаптау бабы бойынша қайта саралады. Жәбірленушілердің бірі 4 сағат бойы асулы күйде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Депутат Президент сұхбатындағы көлік-логистика бағытын бағалады
Бүгін Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген сұхбаты жарияланған еді. Онда ел дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер көтерілген. Сенат депутаты Геннадий Шиповских сұхбатта көлік және логистика саласы кеңінен қамтылғанын айтады.
05.01.2026
-
Алматыдан пандалар қаласына тікелей рейс ашылды
Алматы халықаралық әуежайы Air China әуе компаниясының Чэнду – Алматы бағытындағы бірінші рейсін салтанатты түрде қабылдады. Рейс Қытай Халық Республикасының Чэнду Тяньфу халықаралық әуежайынан ұшып келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Депутат Президенттің сұхбатын талдап, 5 басты бағытты атады
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Мемлекет басшысының “Түркістан” басылымына берген сұқбатын талдап, онда көтерілген негізгі тақырыптарға тоқталды. Депутаттың айтуынша, сұхбат Қазақстанның жалпы даму бағыттарын айқындап, стратегиялық мәселелерді қайта көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Клиенттер шағымдануда: Halyk Bank сервистерінде ақау тіркелді
Қазақстандықтар Halyk Bank мобильді қосымшасын пайдалану кезінде жаппай қиындықтарға тап болды. Банктің баспасөз қызметі техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Елімізде 85 миллионнан аса алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді
Киберқылмыспен күрес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басым бағыты болып қала береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.01.2026
-
Қазақстанда халық саны күрт өсті: қай өңір алда, қайсысы артта?
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Кездесуге бару үшін көлік ұрлаған жігіт ұсталды
Ақсу ауданында жігіт қызына бару үшін бөтен автокөлікті заңсыз иемденіп кеткені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Жайылым тапшы, жер бос: Ақмолада 332 млн теңгенің жері мемлекетке өтті
Прокуратура Ақмола облысындағы Біржан сал ауданында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.01.2026
-
Жұмыссыз жүргендер жұмысқа қалай орналаса алады?
Қазақстанда жұмыссыздықтың белең алуына жол бермеу, азаматтардың кәсіби дағдыларын дамыту, жас мамандар мен зейнет жасына таяған адамдарды жұмыспен қамту, сондай-ақ отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару мақсатында халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
“Ешкім балам мүгедек болсын демейді”: Ерекше егіз баланы тәрбиелеп отырған қайсар ана
Ерекше балалармен 13 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан дефектолог, нейропсихология және сенсорлық интеграция маманы, үш баланың анасы Лаура Сәрсенбаева ерекше баланы тәрбиелеудің қиындығы мен қуанышы, инклюзивті білім берудегі өзекті мәселелер, ата-аналарға қажет қолдау және қоғамдағы көзқарас туралы әңгімеледі. Ол редакциямызға берген сұқбатында егіз ерекше баланы тәрбиелеудегі жеке тәжірибесін бөлісіп, “көзге көрінбейтін еңбектің” шынайы мәнін түсіндірді.
05.01.2026
-
Қазақстанда жедел жәрдем шақыртуға қанша минутта жетеді?
Қазақстанда жедел жәрдемнің орташа жету уақыты, шақыртулар саны мен сәтті реанимация көрсеткіші белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмектің негізгі көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Алдағы күндері қар жауып, боран соғады
Синоптиктердің болжауынша Солтүстік-батыстан ығысып келе жатқан циклондар ауа райын күрт өзгертеді, ал оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Жеңілдетілген режим жойылды: 1 қаңтардан бастап бизнесті қалай жабуға болады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық төлеу тәртібі өзгерді. Бұрын қолданылып келген кейбір арнайы салық режимдері алынып тасталды, ал олардың орнына тек үш режим қалды. Олар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтіндер үшін және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Тоқаев: Жемқорлықтан аулақ болуды балалардың құлағына жастайынан құйған жөн
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дербес мәртебесінің жойылуына қатысты қоғамдағы күмәнге нүкте қойды. Президенттің айтуынша, бұл қадам жемқорлықпен күресті әлсіретпейді, қайта оның тиімділігін арттырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.01.2026
-
Отбасы банк сервистері уақытша істемей тұр
Қазіргі уақытта Отбасы банктің ресми сайты да уақытша қолжетімсіз, себебі жүйеде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Өскеменде ер адам бесінші қабаттан күшікті лақтырып жіберді
Әлеуметтік желілерде Өскеменде ер адамның бесінші қабаттан иттің күшігін лақтырғаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция бұл фактіні растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Алматыда 14 жасар жасөспірім бір аптадан бері табылмай жатыр
Алматыда 30 желтоқсанда үйінен шыққан және осы уақытқа дейін оралмаған 14 жасар жасөспірімді іздеп жатыр.
05.01.2026
-
Енді жүргізушілер барлық құжатты алып жүруге міндетті ме? – ІІМ жауап берді
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге мессенджерлер арқылы таралып жатқан жалған ақпаратқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026
-
Жамбыл және Алматы облысында жер сілкінді
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.01.2026