Жаңалықтар
-
Бейбітшілік сыйлығын Трампқа беру мүмкін емес – Нобель комитеті
Венесуэланың Ұлттық ассамблеясының бұрынғы депутаты, оппозиция өкілі Мария Корина Мачадоға берілген Нобель бейбітшілік сыйлығын АҚШ президенті Дональд Трампқа беру мүмкін емес. Бұл Нобель комитетінің ережелеріне қайшы келеді. Бұл туралы Норвегия Нобель комитетінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11.01.2026
-
Израиль Газадағы соғыс қимылдарын қайта бастауға дайындалып жатыр
Израиль ХАМАС қозғалысының қарусызданудан бас тартуына байланысты Газа секторындағы қақтығыстың жаңа кезеңіне дайындықты күшейтуде. Бұл АҚШ әкімшілігінің аймақтағы бейбіт жоспарды ілгерілетуіне кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.
11.01.2026
-
Forbes: 17,5 млн Instagram аккаунтының деректері тарап кеткен
Деректер базасының ықтимал тарап кетуі салдарынан 17,5 миллион Instagram аккаунтына қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Forbes журналына сілтеме жасап.
11.01.2026
-
Ирландияда фермерлер Mercosur сауда келісіміне қарсы наразылыққа шықты
Ирландияда мыңдаған фермер Еуропалық Одақтың Mercosur елдерімен еркін сауда туралы келісіміне қарсы наразылық білдірді. 10 қаңтарда фермерлер тракторларымен Атлон қаласына жиналып, ЕО билігін келісімге қол қоюдан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
11.01.2026
-
Ирандағы наразылықтар: билік қауіпсіздік шараларын қатаңдатуы мүмкін
Иран билігі елде соңғы жылдардағы ең ауқымды үкіметке қарсы наразылықтар күшейген тұста қауіпсіздік шараларын қатаңдатуы мүмкін екенін мәлімдеді.
11.01.2026
-
Филиппинде қоқыс полигоны опырылды: ондаған адам із-түзсіз жоғалды
Филиппиннің орталық бөлігіндегі Себу қаласында қоқыс полигонының опырылуы салдарынан ондаған адам жоғалып кетті. Құтқарушылар апат орнында тәулік бойы іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
11.01.2026
-
Робототехника бойынша Daryn FIRST Qualifier 2026 фестивалі аяқталды
Алматыда өткен Daryn FIRST Qualifier 2026 робототехника фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Алматыда 6,8 мыңнан астам жас психологиялық көмек алды
2025 жылдың басынан бері Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек пен кеңес алды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Маңғыстау облысындағы бір ауылда атыс болды: ер адам жарақат алған
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні атыс оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Ауа райына байланысты екі облыстағы жолдарда қозғалыс шектелді
Ауа райына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облысындағы республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Алматы облысында жиһаз цехы өртенді
Алматы облысы Қарасай ауданы Бұлақты-2 ауылындағы жиһаз цехында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" 11 қаңтарға Астана мен Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина бойынша отырыс өткізеді
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 13 қаңтар күні Украина мәселесіне арналған отырыс өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Венесуэла АҚШ-пен дипломатиялық қатынасты талқылайды
Венесуэла үкіметі АҚШ-пен дипломатиялық қатынастарды қайта орнату мақсатында диалог арналарының жандана бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Ирандағы наразылықтар: қақтығыстар жалғасып жатыр
Иран билігіне қарсы соңғы үш жылдағы ең ауқымды жаппай наразылықтар екі аптадан бері толастар емес. Сенбіге қараған түні интернеттің өшірілгеніне және қауіпсіздік күштерінің қатаң әрекеттеріне қарамастан, адамдар тағы да Тегеран мен өзге қалалардың көшелеріне шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Ақтөбе қаласындағы жәрмеңкеде 2,1 тонна ет өнімі қойылды
Ақтөбе қаласындағы "Табыс" коммуналдық базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
Нетаньяху Тоқаевқа Ибраһим келісімі үшін ризашылығын білдірді
Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды "ҚОҢЫР: архив үні" жобасы таныстырады
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін 61-ші Венеция биенналесінде ҚР Ұлттық павильонына арналған кураторлық ұсыныстар конкурсының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
ІІМ: Мас күйінде көлік басқарған 23 мыңнан астам жүргізуші ұсталды
Ішкі істер министрлігінде алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының 2025 жылдағы жедел қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды, - деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеді
Ішкі істер министрлігінде алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының 2025 жылдағы жедел қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
10.01.2026