Жаңалықтар
-
Маск Иранға интернетке қолжетімділік ашты
Илон Маск тағы да наразылық білдірушілерге технологиялық қолдау көрсетті. Иранда жаппай толқулар күшейіп, интернет толықтай өшірілген тұста америкалық миллиардер SpaceX компаниясы арқылы ел аумағында Starlink спутниктік интернетіне тегін қолжетімділікті іске қосты. Бұл туралы BAQ.KZ BILD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
15.01.2026
-
Астанада арнайы жасақ қызметкерін атып кетті
Астанада қарулы шабуылға байланысты қылмыс тіркелді. Қала полициясының мәліметінше, жас азамат құқық қорғау саласының қызметкеріне оқ атқан, күдікті көп ұзамай қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Александра Скороходова тау шаңғысы спортынан алтын медаль жеңіп алды
Тау шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі 31 атауға дейін кеңейді
Биыл 4 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының уақытша кеңейтілген тізбесі қолданысқа енгізілді. Бұған дейін 19 атаудан тұрған тізім қазіргі уақытта 31 тауар түрін қамтиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
АҚШ 75 елдің азаматтарына виза беруді тоқтатты
Шектеулер енгізілген елдердің тізіміне Ресей, Сомали, Ауғанстан, Бразилия, Иран, Ирак, Мысыр, Тайланд, Йемен, Нигерия және басқалары да кіреді. Бұл реттегі шектеу иммиграциялық емес визаларға қолданылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.01.2026
-
Қазақстандықтардың 35,7 пайызы салауатты өмір салтын ұстанады – зерттеу нәтижесі
Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы "Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан Республикасы азаматтарының үлесі" атты ұлттық зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Елімізде сағат 20:00-ден кейін алкоголь сатылмауы мүмкін
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанда алкоголь өнімдерінің айналымына қойылатын талаптарды қатаңдатуды ұсынды. Депутат Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйене отырып, елде жасалатын әрбір екінші кісі өлтіру, әрбір үшінші зорлау мен бұзақылық дерегі мас күйінде тіркелетінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
"40 градус аяз". Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Астана және Қазақстанның 16 облысында 15 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
14.01.2026
-
Атырауда мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқиды
Атырау қаласында мектептер уақытша қашықтан оқытуға көшеді. Бұған өңірдегі қолайсыз ауа райы түрткі екені айтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Астанада 15 қаңтарда бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды
Синоптиктер ертең, 15 қаңтарда Астанада күн аяздап, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді. Осыған байланысты елордалық білім басқармасы оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Қазақстанда 300 мыңнан астам адам волонтерлікпен айналысады
Ұлттық волонтерлік желі жүргізген әлеуметтік зерттеу 2025 жылы елімізде волонтерлік қозғалыстың жаңа серпін алғанын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Шымкентте көпқабатты тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам 16-қабаттан құлаған. Оқиға орнына шақырту түскеннен кейін полиция қызметкерлері келіп, тиісті шаралар қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы 15 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райының жалпы болжамын бөлісті. Мамандардың болжамынша, еліміздің батысы мен оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Үкімет көлеңкелі экономикамен жаңа тәсілмен күреспек
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Әкесін аяусыз ұрып-соққан азаматты 6 жылға соттау сұралды
Түркістан облысында өз әкесін ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан Алмас Садақбаевқа сотта 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
14.01.2026
-
Астанада жолда атыс болып, полиция қызметкері жарақат алды
Әлеуметтік желіде Астанада болған қарулы оқиға туралы ақпарат тарады. Оқиға салдарынан Ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшесінің қызметкері жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Трамп: Дания, Гренландиядан кетіңдер!
АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО атынан Данияны Гренландиядан «дереу кетуге» шақырды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.01.2026
-
Шуда марихуана сатпақ болғандар 11 жылға сотталды
Аса ірі мөлшерде марихуана сатқаны үшін 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
Қазақстан энергиямен толықтай 2027 жылы қамтылады
2026 жылы Қазақстанда 173 МВт-тық ЖЭК нысандарын қоса алғанда, шамамен 2,6 ГВт жаңа қуат көзі іске қосылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.01.2026
-
"Халық бухгалтері": Кәсіпкерлерге тегін кеңес беру қалай жүріп жатыр
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік әрі салықтық есеп жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын іске қосты. Акция 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.01.2026