Жаңалықтар
-
Астанада өрт сөндірушілер өрттен 3 газ баллонын алып шықты
Елордада өрт сөндірушілер өрттен 3 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
10.10.2024
-
Елордада Ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді
Елордада Республика күні және Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойына орай Ұлттық ат спорты түрлерінен фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2024
-
Түрікменстандағы Қазақстан Мәдени күндеріне 3000-нан астам қонақ қатысты
Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми сапары қарсаңында Ашхабадта Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2024
-
22 мыңнан астам жеткіншекке папиллома вирусына қарсы екпе салынды
Қыркүйек айының ортасынан бастап елімізде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы болып саналатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпыұлттық вакцинациялау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
09.10.2024
-
Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09.10.2024
-
Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, күн суытады
10 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
09.10.2024
-
Павлодар облысында көпқабатты үйлер жылу жүйесіне толық қосылды
Павлодар облысында 1220 әлеуметтік нысан мен 2389 көпқабатты үйдің барлығы жылу жүйесіне толық қосылды. Әзірге жылумен қамтуда ешқандай мәселе жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
09.10.2024
-
Биыл Алматыда 6 мыңнан астам адам профилактикалық есепке алынды
Алматы қаласы жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 6 мыңнан астам адам профилактикалық есепке алынды, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 203 заңсыз әрекет тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
09.10.2024
-
Қызылорда қаласында парктер мен скверлер қайта жаңғыртудан өтеді
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығында саябақтарды, аллеялар мен скверлерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2024
-
Абай облысында құрылыс материалдарын жымқырған тұрғын ұсталды
Абай облысында құрылыс материалдарының ұрлануына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
09.10.2024
-
Алматыда тағы бір инвесторға қолдау көрсетілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы тұрақты түрде маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2024
-
Үстел теннисінен ерлер командасы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы қатарынан үшінші рет Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2024
-
Қазақстандық десантшылар Гималайды бағындырды
Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері ефрейторлар Балжан Мұсатаева мен Маржан Сайранова «ҚазҮнді-2024» оқу-жаттығуы барысында Гималай тау бөктерінде күрделі секірулерді орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2024
-
Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелер басшылығының және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
09.10.2024
-
Павлодарлық өрт сөндірушілер заманауи газ анализаторларын пайдалана бастады
Ертіс өңірінің өрт сөндірушілері елімізде алғашқылардың бірі болып заманауи газ анализаторларын пайдаланып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
09.10.2024
-
Астанадағы жәрмеңкеге 900 тоннадан астам өнім әкелінеді
12-13 қазан күндері Астанада Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
09.10.2024
-
Жетісуда қызылша тиеген жүк көліктері кептелісте тұр
Жетісуға бет алсаңыз Көксу ауданында кезек күткен камаздардан көз алмайсыз. Қызылша тиеген жүк көліктері кептелісте тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.10.2024
-
Елімізге Үндістан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері келді
Үндістан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Әскери колледжі жоғары командалық курсының делегациясы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мекемелеріне және Астананың қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2024
-
Ауылдағы ағайынға тауарлық несиелер беріліп, шаруашылықты жүргізу тегін үйретіледі
Ауылшаруашылығы саласын дамытудың бұл тетіктері биылғы Президент жолдауында айтылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2024
-
Қазақстан мен Иран ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандырмақ
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2024