Жаңалықтар
-
Қайтыс болған адамның екі бүйрегі, жүрегі мен бауыры донорлыққа алынды
Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында көп ағзалық донорлық процесс сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
СҚО-да 5 жасар бала құлыптаулы үйде тірідей жанып кетті
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.01.2026
-
Әскерге кеткендер енді кредит ала алмайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтермен алмасу қағидаларын бекіту жөніндегі қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
7 жылға дейін түрме күтіп тұр: Баласын аяусыз ұрған әйелді құрбысы видеоға түсірген
Жетісу облысында баласын азаптаған әйелге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Бұған дейін аталған жантүршігерлік оқиғаны бүлдіршіннің әкесі видеоға түсірген деген ақпарат тараған еді. Белгілі болғандай, бейнежазбаны үй иесінің құрбысы түсірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
19.01.2026
-
300 мың теңге, баспана: Қандастарға биыл қандай қолдау көрсетіледі?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 8 278 адам болып бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.01.2026
-
Шымкент көшелерінде оқ атылуы мүмкін
19 қаңтар күні Шымкент қаласында Полиция департаменті Еңбекші ауданында (Индустриялық аймақ аумағында) оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Жаңа жекеменшік мектептерге енді бюджет ақшасы берілмейді
Қазақстанда жекеменшік мектептердің қызметіне қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің құрылтайшылары мен директорларымен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Қазақстанда ортопедиялық операцияларды робот жасай бастады
Қазақстанда ортопедия саласында MISSO атты жасанды интеллектке негізделген робот жүйесі қолданыла бастады. Ортопедиялық операцияларды жоспарлау және жүргізуге арналған роботтандырылған жүйе елімізде енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
19.01.2026
-
Жанармайдың арзан бағасы экономикаға кері әсер етіп жатыр – сарапшы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Қазақстанда ұзақ уақыт бойы тарифтер мен жанар-жағармай бағасы жасанды түрде төмен деңгейде ұсталып келгенін, бұл экономиканың дамуына кері әсер етіп отырғанын айтты. Төмен тарифтер мен арзандатылған жанар-жағармай бағасының салдары Қазақстанға қалай әсер етуде? BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді.
19.01.2026
-
Қазақстанда -38 градус аяз күшейеді: Боран мен көктайғақ күтіледі
Қазақстанда 20-22 қаңтар аралығында ауа райы күрт нашарлайды. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде түнде 38 градусқа дейін аяз күшейіп, қар, боран, тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстікте ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Сапасыз оқулықтарға тосқауыл: Министрлік жаңа талап енгізді
Қазақстанда оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) дайындау, сараптау және мониторингтеу жүйесі жаңартылды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы негізінде жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Парламенттік реформа аясындағы конституциялық өзгерістер ауқымды болады – депутаттар
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдер талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Мал өсіретіндерге арзан несие беріледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралған жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Президентпен конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды
Астанада Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.01.2026
-
Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда қандай мәселелер көтеріледі?
Ертең, яғни 20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді. Алдағы құрылтайдан не күтуге болады? BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.
19.01.2026
-
Ұлттық құрылтай: Қызылордада жұмыс секцияларының отырысы өтіп жатыр
20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші жиыны өтеді. Басқосуға Мемлекет басшысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.01.2026
-
Әлеуметтік желідегі дүрбелең: Алматы мектептерінде теракт жасалатыны хабарланды
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыдағы бірқатар мектепте террористік актілер жасалуы мүмкін деген жалған хабарламалар тарады. Алайда полиция бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.01.2026
-
КТК-ға жасалған шабуыл: Сарапшы мәселені шешудің балама жолын ұсынды
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) айналасындағы жағдай Қазақстанның мұнай экспортындағы ең әлсіз тұсты айқын көрсетіп отыр. Бұл туралы Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов BAQ.KZ тілшісіне берген эклюзив сұхбатында айтты.
19.01.2026
-
20 миллион теңгелік кресло: Шымкенттегі университетте 321 млн теңге жымқырылған
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.01.2026
-
Әлемде: Трамптың қысымы, Испаниядағы теміржол апаты және Угандадағы сайлау
Әлемде геосаяси шиеленіс күшейіп барады: Гренландиядағы НАТО миссиясы, Испаниядағы пойыз апаты, Ыстамбұлды басқан қар, Угандадағы даулы сайлау және Қызыл теңіздегі қауіп жаһандық тұрақтылыққа әсер етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
19.01.2026