Жаңалықтар
-
Бабақұмаров өліміне қатысты іс жабық сот отырысында қаралып жатыр
Астанада Алматының экс-әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өліміне қатысты сот ісі бойынша алдын ала тыңдау жабық сот отырысында қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Интернет бұғатталды: Иран тәулігіне 20,6 млн доллар жоғалтып жатыр
Иранда наразылық акцияларынан кейін, 8 қаңтардан бері интернет байланысы шектелді. Кей деректерге сәйкес, бұл ел экономикасына тәулігіне шамамен 20 млн 600 мың доллар (2-3 млрд туман) көлемінде тікелей шығын келтіріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
26.01.2026
-
Әр үйге 20 мың теңге: Рамазан айына орай халыққа төлем берілетіні рас па?
Әлеуметтік желілерде Рамазан айына орай әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Ұлттық банк ескі 10 000 теңгелік банкноттар айналымнан қашан шығатынын мәлімдеді
Ұлттық банкте ескі 10 000 теңгелік банкноттардың жақын арада айналымнан шығатыны туралы қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Несиелерді «есептен шығару» қызметін ұсынған алаяқтар әшкере болды
Астана қаласының соты тұтынушылық және автонесиелеу саласында алаяқтық жасаған ұйымдасқан топқа қатысты үкім шығарды. Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға, қалған қатысушылар 6–8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
БҚО-да жантүршігерлік өрт: Үйден үш адамның мәйіті табылды
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, өртті сөндіру кезінде үш адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Мүгедектігі бар адамға қарайтындарға ай сайын "жалақы" төленеді
Қазақстанда өздігінен қозғалу мүмкіндігі шектеулі I топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекшілердің қызметі көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Толық болжам: Қазақстанда ақпан айында күн райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы ақпан айына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, ақпан айы қысқы сипатын сақтағанымен, айдың соңына қарай ел аумағында айтарлықтай жылыну байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Жалақы, табыс, инфляция: Халықтың әл-ауқатын қалай жақсартамыз?
Қазақстандағы экономикалық өсім халықтың қалтасында толық сезілмей тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның жоғары деңгейі азаматтардың табысы мен күнделікті шығындарын теңгеруге кедергі келтіріп жатқанын айтты. Депутаттар да әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және қаражатты тиімді пайдалану арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру керегін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Әлеуметтік маңызы бар 31 өнім: Олар қандай?
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Олар қандай азық-түлік өнімдері? BAQ.KZ тілшісі тізім жасады.
26.01.2026
-
Жұмысқа орналасу жеңілдейді: 2ГИС жаңа функцияны іске қосты
2ГИС мобильді қосымшасында жұмыс іздеушілерге арналған жаңа мүмкіндік пайда болды. Енді қолданушылар карта арқылы геолокацияға байланған бос жұмыс орындарын көріп, өздеріне ыңғайлы ұсыныстарды оңай таңдай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Тоқаев Бас прокуратурада маңызды мәлімдеме жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.01.2026
-
"Нағыз жымқыру": Президент цифрландырудағы бейберекетке қатаң баға берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізіп, құқық қорғау жүйесінде цифрландыру үдерісі біркелкі емес екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.01.2026
-
Ержан Бабақұмаровтың өлімі: Алдын ала сот тыңдауының уақыты белгілі болды
Бүгін, 26 қаңтар күні, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталады. Бұл ақпарат «Сот кабинеті» жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Тоқаев: Заң мен тәртіп қағидатын жаңа Конституциямызға енгізу қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.01.2026
-
"Жалғыз пингвин" феномені: Мотивация ма, әлде биологиялық ауытқу ма?
Соңғы күндері әлеуметтік желіде жалғыз пингвиннің тауға қарай бет алған видеосы кеңінен тарап, жаһандық интернет-трендке айналды. Бір қарағанда қарапайым кадр ретінде көрінетін видео желі қолданушылары арасында философиялық, психологиялық және саяси мағынамен қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Шетелдік сарапшы Қазақстандағы саяси реформаларға баға берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында жариялаған бастамалар елдегі саяси реформалардың жалғасы болды. Атап айтқанда, Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейту, сондай-ақ мемлекеттік басқару моделін өзгерту туралы сөз қозғалды. Бұл шешімдер Қазақстан ішінде ғана емес, шетелде де қызығушылық тудырып отыр. BAQ.KZ тілшісі әзербайжандық саяси сарапшы Эльхан Шахиноглудан бұл өзгерістер Қазақстанға деген халықаралық көзқарасқа және елдің өңірлік саясаттағы ұстанымына қалай әсер ететінін сұрады.
26.01.2026
-
Пайда қуғандар алтынға бет бұрды: Экономист себебін түсіндірді
2025 жылдың қорытындысында негізгі инвестициялық құралдардың ішінде ең жоғары табыстылықты алтын көрсеткен. Бұл туралы нарыққа салыстырмалы талдау жасап, экономист әрі "R-Finance" компаниясының қаржылық кеңесшісі Арман Байғанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Атырауда жоғалған отбасы: Полиция екі адамды әлі іздеп жатыр
Атырау облысында бұған дейін жоғалып кеткен бір отбасының екі баласын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.01.2026
-
Үндістанда шыққан Нипах вирусы: Қазақстанға қауіп бар ма?
Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру деректері де, оны елге сырттан әкелу фактілері де анықталған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.01.2026