Жаңалықтар
-
Елордада тағы бір елді мекен газға қосылды
Елордада тұрғын алаптарды жоспарлы газдандыру жалғасуда. Үркер тұрғын алабында 2024 жылға жоспарланған газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
30.11.2024
-
Елімізде сәбилер өлімі айтарлықтай азайды - неанотолог
Бүгінде шала туған нәрестелер – медицинаның ғана емес, қоғамның да өзекті мәселесіне айналып отыр. Еліміздегі шала туған нәрестелердің өлім-жітімі қандай деңгейде? Жүктіліктің қайғылы аяқталуына себеп не? Осы және өзге де сұрақтарға Катамнез орталығының директоры, неанотолог-дәрігер Балжан Татибековамен жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.11.2024
-
ҰЭМ: Азаматтардың аударымдарына салық салынбайды
Ұлттық экономика министрлігі азаматтардың банктік аударымдарына қосылған құн салығына салық салу туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
30.11.2024
-
Ауыл мұғалімі шетелдік әншінің альбомына саунд-продюсер болды
Абай облысының биология пәні мұғалімі шетелдік танымал әнші Ники Минаждың альбомына саунд-продюсер болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30.11.2024
-
Бақытымды еңбектен тапқан жанмын - жол жұмысшысы
Ғұмыр кешіп жатқан ғаламшарымыз бен қаламызды таза ұстау – баршамызға ортақ міндет. Алайда күнделікті өмірде әрқайсысымыз оның тазалығына үлес қосып келеміз деп айту қиын. Осы орайда таңмен таласа тұрып, көшелердің тазалығы үшін тыным таппайтын жол жұмысшыларының еңбегі орасан зор, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.11.2024
-
Астанада қысқы спорт түрлерінің маусымы басталды
Биыл Астанаға қыс ерте түсіп, қала тұрғындары қыстық спорт түрлерінің маусымына кірісіп кетті. Айдың ортасында "Алау" мұз айдынында конькимен жүгіру маусымы ресми түрде басталса, бүгін Орталық саябақта шаңғы тебуден алғашқы жарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
30.11.2024
-
Өскеменде өрт шыққан үйден 10 адам эвакуацияланды
ШҚО-да ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 10 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.11.2024
-
Қазақстанда банк қызметтері айтарлықтай қымбаттауы мүмкін
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі барлық төлем жүйелеріне қосылған құн салығын енгізетін болса, қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.11.2024
-
Женевада Қазақстан бастаған халықаралық коалиция құрылды
Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы қазанда Астанада жариялаған Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) мәселелері жөніндегі жаһандық коалиция Женевада өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.11.2024
-
БҚО-да студенттер тобы бопсалау күдігімен ұсталды
Полиция қызметкерлері колледждің төрт студентін бопсалау күдігімен ұстады, деп хабарлайды
30.11.2024
-
Алматыдағы жол апаты 17%-ға азайған
Алматыда «Сергек» жүйесінің үш жылдық жұмысы барысында айтарлықтай өзгерістер болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.11.2024
-
Тамара Дүйсенова СҚО-да әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Бұл вице-премьердің төңірге жұмыс сапары барысындағы негізгі тақырыптың бірі болды, деп хабарлайды primeminister.kz-ге сілтеме жасап BAQ.KZ.
30.11.2024
-
Ғалымдар Қазақстанның әскери тарихының өзекті мәселелерін талқылады
Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайында жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
30.11.2024
-
«Тәуелсіздер»: Астанада есірткіге қарсы күрес туралы драма ұсынылды
М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында нашақорлықтың алдын алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға арналған «Тәуелсіздер» деректі драмасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
30.11.2024
-
Әскерилер полигонға аттанады: қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты қорғаныс саласында дабыл қағылады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
30.11.2024
-
«Шашбаулым»: Астаналық бойжеткендер арасында танымдық-этнографиялық байқау өтті
Елордада «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Шашбаулым» танымдық-этнографиялық сайысы өтті. Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған сайыста жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитын 16 ару бақ сынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
30.11.2024
-
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ҚХР компанияларымен келісімге отырды
Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың ірі азық-түлік және ауыл шаруашылығы компаниялары арасында келіссөздер өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен Сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
30.11.2024
-
Ақтөбеде алғаш рет «Сыбаға» фестивалі өтеді
Ақтөбеде 2-6 желтоқсан аралығында ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған «Сыбаға» фестивалі өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.11.2024
-
Алматыда Қазақстандағы ЮНЕСКО мәдени мұраларын қорғау бойынша перспективалық жоспарлар талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQKZ.
30.11.2024
-
Алматыда тарифтердің өсуіне байлынысты өтемақы төленіп жатыр
Алматы қаласында коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.11.2024