Жаңалықтар
-
Алматы метросы "қоршауға" қатысты сынға жауап берді
Алматы метрополитенінің бекеттерінде жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру үшін уақытша қоршауларды орнату жұмыстары басталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
30.01.2025
-
Елімізде 22,7 мыңнан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында елімізде 22 777 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі толық бейімделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2025
-
Әлемде: ЖИ дауы – қытайлық DeepSeek америкалық ChatGPT жүйесін пайдаланған деп айыпталуда
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады.
30.01.2025
-
АҚШ-тан қазақстандықтар депортацияланып жатыр ма
АҚШ үкіметі заңсыз иммиграциямен күресті күшейтті. Депортациялауға жататын 1,4 миллион адамның ішінде Қазақстанның 369 азаматы бар деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
30.01.2025
-
Биржа басшылығы әлеуметтік-тұрмыстық көмір сатудан 2 млрд теңгеге байыған
ҚМА "Modern Trading Solutions" тауарлық биржасының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30.01.2025
-
Ай соңында валюта бағамдары арзандады
Ұлттық банк 30 қаңтарға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2025
-
Дауылды ескерту: тұман, желдің күшеюі, боран және көктайғақ
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтілуде. Тұман, желдің күшеюі, боран және көктайғақ болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2025
-
Вашингтонда ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, өзенге құлады
Вашингтонда апатқа ұшыраған ұшақ бортында 64 адам болған, оның ішінде 60 жолаушы және 4 экипаж мүшесі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC сілтеме жасап.
30.01.2025
-
ІІМ-де Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды
Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша жедел кеңес өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
30.01.2025
-
Үндістанда діни фестиваль кезінде 30 адам қаза тапты
Үндістанның солтүстігіндегі Праяградж қаласында Кумбха Мела діни фестивалі кезінде адамдардың қақтығысынан 30-ға жуық үндістандық көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2025
-
Алматыда аудандардың бірін абаттандыруға 17 млрд теңге бөлінді
Биыл Алматы қаласындағы Алмалы ауданында "Халық қатысатын бюджеті" бағдарламасы аясында 45 жоба іске асырылып, оның ішінде 23 аула абаттандырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
30.01.2025
-
Еліміз көктемде Орталық Азиядан 11 млрд текше метр су алады
Еліміз Орталық Азия мемлекеттерімен келісімдер нәтижесінде көктемде 11 млрд текше метр су алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2025
-
Көкшетауда 5 мыңнан астам зейнеткер тегін жол жүру карталарын алды
Көкшетау қаласының әкімдігі зейнеткерлік жастағы адамдарға анықтамалар беру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
30.01.2025
-
Сирияда уақытша президент тағайындалды
Cирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2025
-
Абай облысында 106 адам жолда қалған
Абай облысында құтқарушылар 106 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
30.01.2025
-
Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
30 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
30.01.2025
-
Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Елордада қар жауып тұр. Қарлы боран ертең де жалғасады. Коммуналдық қызметтер қар тазалау жұмысын үзіліссіз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
30.01.2025
-
Еліміз БАӘ-мен сауда-экономикалық байланысты нығайтады
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Әл-Арикимен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
30.01.2025
-
Астанада көпір үстінде видео түсірген семейлік жауапкершілікке тартылды
Абай облысының полицейлері "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша Астанада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған Семей тұрғынын жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
30.01.2025
-
Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогі қайтарылды
Астанада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30.01.2025