Жаңалықтар
-
Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицидтің негізгі себептері анықталды
Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид жағдайларының басым бөлігі отбасындағы шиеленісті қарым-қатынастармен байланысты, ал әрбір төртінші оқиға мектептегі буллингтің салдарынан орын алған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, дер кезінде көрсетілген қолдау болғанда мұндай трагедиялардың едәуір бөлігінің алдын алуға болар еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ranking.kz деректеріне сілтеме жасап.
10.02.2026
-
Қазақстан жемқорлық бойынша әлемде нешінші орында?
Transparency International ұйымының 2025 жылғы Коррупцияны қабылдау индексі бойынша Қазақстан 182 елдің ішінде 96-орынға орналасып, 38 балл жинады. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі балл төмен, яғни сыбайлас жемқорлық деңгейі артқанын көрсетеді. Елдің ең әлсіз бағыттары – демократиялық институттар, сот тәуелсіздігі және медиа еркіндігі, ал бизнес жүргізу жағдайлары салыстырмалы түрде жоғары бағаланған, - деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
Саяси тұрақтылық үшін Конституцияның өтпелі кезеңі нақты рәсімделеді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында өтпелі кезеңге қатысты барлық рәсімдер, мерзімдер мен регламенттерді нақтылап көрсету қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Олимпиада-2026: Қазақстандық спортшы финалда бақ сынайды
Қазақстан құрамасының фристайл-могул шебері Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында алғашқы іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.
10.02.2026
-
Заңгер: Конституция қоғаммен бірге өзгеруі керек
Заңгер Марғұлан Ермағанбет BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында жаңа Конституцияның жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Ел волейболшылары Азия чемпиондар лигасының жолдамасына таласады
Мале қаласында өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында "Тұран" волейболшы қыздары қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті. Финалға жолдама беретін кездесуде қазақстандық команда Nepal Police Club клубын айқын басымдықпен ұтып, матчты 3:0 есебімен аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Ластаев: Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді
Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев азаматтардың тұрғын үйге деген іргелі құқығын конституциялық деңгейде қорғаудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, сот шешімінсіз тұрғын үй құқығынан айыруға да, азаматты баспанадан шығаруға да жол берілмеуі тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
АҚШ ядролық қалдық мәселесінен қаша алмайды
Ақ үй басшысы Дональд Трамп 2050 жылға қарай АҚШ-тағы ядролық қуатты төрт есе арттыру жоспарын жариялады. Ал 33 ел сол мерзім ішінде ядролық қуатты үш есе көбейтуге арналған декларацияға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ AOL-ға сілтеме жасап.
10.02.2026
-
Балаларды үйсіз қалдырмау үшін Конституция өзгеруі мүмкін
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй құқығын қорғауға бағытталған маңызды бастама көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Көрші ел 12 жылдық білім жүйесіне көшеді
Өзбекстанда мектептегі білім берудің 12 жылдық моделіне кезең-кезеңімен көшуге дайындық басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.
10.02.2026
-
WhatsApp-та қолданушылар жылдар бойы күткен жаңа функция пайда болады
Meta компаниясы компьютерде WhatsApp-ты қолданатын пайдаланушылар үшін маңызды жаңарту әзірлеп жатыр. Енді мессенджердің веб-нұсқасында дауыс және бейнеқоңыраулар пайда болады. Бұл функция ұзақ уақыт бойы тек қосымшаларда ғана қолжетімді болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі 9To5Mac-қа сілтеме жасап.
10.02.2026
-
Конституцияда меншік пен адам құқықтары туралы норма күшейтілмек
Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа жобадағы 8 бапқа өзгеріс енгізілу туралы ұсыныс түсіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Трамп 2018 жылдан бері салынып жатқан АҚШ-Канада көпірін ашқызбайтынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Канада арасын жалғайтын халықаралық Горди Хоу көпірінің ашылуын бұғаттауы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Канададан «берілгеннің барлығы үшін толық өтемақы» алмайынша, нысан іске қосылмайды. Бұл туралы ВВС агентті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Қытайға жаңа әуе бағыты ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Ресейде мұнай өндіру көлемі екінші ай бойы төмендеп жатыр
АҚШ санкциялары мен Азиядағы сұраныстың азаюы аясында Ресей мұнай өндіруді қатарынан екінші ай қысқартып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.
10.02.2026
-
Жалған iPhone сатумен айналысқан күдікті ұсталды
Полиция жалған iPhone сатумен айналысқан күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Пәтерін жалға беретіндерге ескерту: Салық төлемесеңіз не болады?
BAQ.KZ тілшісі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде кімдер тіркеле алатынын, олар қандай төлемдер жасауы керегін және салық төлемеудің қандай салдары барын қаржы сарапшысынан сұрады.
10.02.2026
-
Берешекті төлеу тәртібі жеңілдейді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық берешегін өндіру тәртібі жеңілдетілді. Бұл жайлы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026
-
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шектері ұлғаюы мүмкін
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы активтерін мерзімінен бұрын алуға қойылатын шектерді арттыру мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.02.2026
-
Олимпиада-2026: Спортшылар медальдардың тез сынып қалатынына шағымданып жатыр
Милан-Кортинада өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары медальдардың сыну мәселесіне «барынша назар аударып жатқанын» айтты. Себебі бірнеше спортшы мадальдардың сынып қалғанын хабарлаған болатын. Бұл туралы BBC Sport жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.02.2026