Жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Су кодексіне қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кодекстің бірінші блогы су үнемдеудің жаңа тетіктерін енгізуге және су нысандарын қорғауға бағытталған. Заңнамаға алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Бұл азаматтар мен ел экономикасын су тапшылығынан, ал су нысандарын ластанудан қорғауды, сондай-ақ трансшекаралық су нысандарын қорғау мен пайдалану саласында Қазақстан Республикасының мүддесіне қызмет етеді, - делінген хабарламада.
Ал екінші блок саланы басқару тәсілдерін қайта қарастырады. Онда су ресурстарын қорғаудың басым бағыттарына, шешім қабылдауға жұртшылықты кеңінен тартуға және су шаруашылығы бассейндері негізінде басқаруға мән берілген.
Үшінші блок су тасқынының, судан келетін зиян мен залалдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Төртінші блогта су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау қатаңдатылды. Бассейндік су инспекцияларына мемлекеттік бақылау функциясынан бөлек, жедел әрекет ете отырып мемлекеттік қадағалау жөніндегі өкілеттіліктер берілді.
Бесінші блок гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Су кодексінің мәтіні баспасөзде жарияланады.
09.04.2025
-
Жетісуда оқушылар театры құрылды
Жетісу облысының әр ауданы мен қалаларында балалардың өнерін шыңдайтын шағын оқушылар театры құрылды
09.04.2025
-
Қызметкерлерге көп жалақы аударған есепші сотталды
Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде Жәйрем кентінің "Балдырған" балабақшасының бухгалтерімен бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.04.2025
-
Президент көрнекті мемлекет қайраткері Вера Сидорованың туыстарына көңіл айтты
Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
09.04.2025
-
Трамп Евроодаққа кедендік алымдарды жеңілдету туралы шарт қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Евроодаққа 350 миллиард долларлық америкалық энергетикалық ресурстарды сатып алу арқылы сауда теңгерімін азайту және кедендік алымдарды жеңілдету шартын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Politico-ға сілтеме жасап.
09.04.2025
-
Қытай Украинада тұтқынға алынған азаматтарына қатысты пікір білдірді
Қытай Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Украина Қарулы күштері тұтқынға алған Қытай азаматтарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.04.2025
-
Әлемдегі бай адамның бірі жиған-тергенін қайда қалдыратынын айтты
Microsoft компаниясының негізін қалаушы, мультимиллиардер Билл Гейтс балаларына қандай мұра қалдыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Page Six басылымына сілтеме жасап.
09.04.2025
-
Астана халықаралық форумы 2025 демеушілер есебінен өткізіледі
Астана халықаралық форумы 2025 биыл тек демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің жалпы отырысынан кейінгі брифинг барысында вице-премьер Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.04.2025
-
Манипуляцияға жол беруге болмайды – Бейсенбаев
Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев белгілі дүкендер желісінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.04.2025
-
Атырау облысында кене қаптап, киік қырылып жатыр
Атырау облысының Құрманғазы ауданында киік қырылып жатыр. Шаруалар ақбөкендердің өліміне кененің көбеюі себеп болуы мүмкін дейді. Жәндік төрт-түлікке жұқса, жағдайымыз мәз болмайды деп дабыл қақты. Жауаптылардан көмек сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.04.2025
-
Ажырасатындар 20 мыңға қарамайды: Астаналықтар баж салығын көтеру туралы
Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, жоғары баж салықтарын енгізу ажырасуға шешім қабылдайтын азаматтарға тежеу факторы болады.
09.04.2025
-
"Хеопстан көне". Жапониядан пирамида табылды
Жапония жағалауында, мұхит түбінде орналасқан Йонагуни монументі - адамзат тарихындағы ең көне құрылыстардың бірі болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
09.04.2025
-
Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
09.04.2025
-
11 жылға сотталған бұрынғы банк қызметкерінің ащы өкініші
Есірткі жасырумен айналысқан сотталған өкінішін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.04.2025
-
Семейде Жеңістің 80 жылдығына арналған әндер фестивалі өтті
"Отты жылдар әндері" фестивалі Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін еске алу мақсатында қалалық мәдениет сарайында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.04.2025
-
Жетісу университетінде зерттеу орталығы ашылды
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің педагогика және психология факультетінде ерекше білім беру саласындағы тың бастаманың бірі – арнайы зерттеу орталығы ашылды.
09.04.2025
-
Алматыда күзетшіні ұрып өлтірген адам 22 жылға сотталды
Элиталық тұрғын үй кешенінде күзетшіні аяусыз соққыға жығып, өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
09.04.2025
-
Мемлекет басшысы белгілі журналистің жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы белгілі журналист Лев Тараковтың жақын-жуықтарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
09.04.2025
-
Мамырдағы демалыс күндері ауыстырыла ма?
Көктемнің соңғы айы қазақстандықтарды көп демалысымен қуантады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.04.2025
-
Айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің ұлына қатысты шу шықты
Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бойынша істе күдікті болғандығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.04.2025