«Зымыран-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды
Ұлытау облысында «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-жаттығулар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардың аварияларына байланысты ТЖ туындаған кезде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы тақырыбындағы міндеттерді орындауға дайындық дәрежесін айқындауға бағытталған.
Оқу-жаттығуларға жергілікті атқарушы органдармен, облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерімен, облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияларымен, Департаменттің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен аумақтық бөлімшелері қатысты.
Командалық-штабтық оқу-жаттығулар барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде апатқа байланысты зымыран тасығыштардың ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдарының дайындығына тексеріс жүргізу жоспарлануда.
Айта кетейік, оқу-жаттығуға жеке құрамның 61 адамы және 20 арнайы техниканың бірлігі жұмылдырылды.