Сүлейменова: Резервшілердің әр бағыт бойынша бөлініп, жұмыс істеу жайы қарастырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен аптада ҚР Президенті кеңесшісі Ерлан Қарин кездесу өткізген болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары Зүлфия Сүлейменова пікір білдірген еді.
Кездесу барысында бірнеше мақсат қойылды. Оның алғашқысы президенттік жастар кадрлық резерві (ПЖКР) аясындағы жұмысты жандандыру болды. Сондай-ақ, қалыпты коммуникация жолдарын қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Яғни, бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, өзара қарым-қатынас жасау маңызды компоненттердің бірі. Сондықтан түрлі ой-пікір, тәжірибе алмасу мақсатында мұндай кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Екінші жағынан, резервшілер 300 адам болғандықтан, кейде network жасау қиынға соғып жатады. Бұл кездесу біздің бір-бірімізбен жақын танысып, білісуімізге, әркім өз саласындағы жобаларын таныстыруға бағытталды, - дейді ол.
Зүлфия Сүлейменова қазір әр бағыт бойынша бөлініп, жұмыс істеу жайы қарастырылып жатқанын айтты.
Резервшілер қаржылық саясат, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және т.б. бағыттар бойынша бөлініп, әрі қарай тәжірибелі жетекшілермен, қызметкерлермен бірге тікелей диалог жасау арқылы жұмыс істейтін болады, - деді ол.
Айта кетейік, Ерлан Қарин жастар кадрлық резервінің 150 жас маманы жұмысқа орналастырылғанын айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл агротуризмді дамыту бойынша бағдарлама әзірленеді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы