Зүлфия Сүлейменова: Экологиялық мәдениет қалыптастыру өз қолымызда
Экологиялық мәдениет ол - әр адамның өзін қоршаған ортаны құрметтей білуі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Онлайн марафонның TEDx алыңында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова «Экологиялық мәдениет» тақырыбында пікір білдіріп, өз ойымен бөлісті.
Әрбір адам өзінің әрбір іс әрекетінде қоршаған ортаға қаншалықты ықпал ете аламын деген сауал болуы керек. Біз өзіміздің қоғамымызда экологиялық мәдениетті қалай қалыптастыра аламыз? Менің ойымша, біз экологиялық мәдениет жағынан өз тарихымызға жүгінуіміз керек. Өзіміздің ата-бабамыздың істеген әрекеттеріне қарауымыз керек. Біз көшпенді халық болдық. Байқасаңыздар халқымыз мезгіл сайын яғни жылына төрт рет көшіп отырған. Олардың көшу себебі сол орнындағы экосистеманы сақтап қалу. Сондықтан да ата-бабаларымыз аманаттап кеткен мұраны құрметпен қарауымыз қажет. Біз де болашақ ұрпаққа сол аманатты дұрыс жеткізу міндетіміз,-дейді министр.
Қоршаған ортаны сақтау үшін әрбір тұлға өзгерісті өзінен бастауы керек.
Жалпы ең үлкен өзгерістер өзімізден басталады. Климаттың өзгеруі әлемдік мәселе деп жатамыз. Мен қарапайым адаммын, бірақ климатты қалай өзгертуім мүмкін деп ойлаймын,- дейді Зүлфия Сүлейменова.
Министр, қоршаған ортаға қалай көмектесуге болатынын да айтты.
Мысал айта кетейін , университетте не болмаса жұмыс орындарында қазір мерекеге орвй Наурыз көже беріп, құрметтейді. Ал біз оны бір реттік пайдаланатын пластик стақанға құйып ішеміз. Ал ол ыдыс қайта өңделмейді. Жалпы пластиктің жеті түрі болса оның алтыншы түрі мүлде қайта өңделмейді. Әр күн сайын кофе аламыз. Ол да бір реттік пайдаланатын пластикте болады. Сондықтан кофе алуға барғанда өз ыдысыңызбен барып, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына үлес қоса аласыз,-дейді министр.